2014 жылдың 24 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75-жылдық мерейтойын атап өту аясына орай институтымыздың екінші қабатында институтымыздың ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаевтың игі бастамасымен Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ғалым Шайсұлтан Шаяхметов атындағы №205 дәрісхана ашылды. Дәрісхананың ашылу салтанатына Білім және Ғылым Министрлігінің Бақылау комитетінің төрағасы Саят Нұрмұхамбетұлы Нүсіпов пен Шайсұлтан Шаяхметовтың туыстары, қаладағы зиялы қауым өкіл¬дері, белгілі ақындар Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, институттың профессорлары мен оқытушылары, студенттері қатысты.

Бүгін 2014 жылы 24 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты соңғы жылдары жоо-ның студенттері мен оқытушыларын қуантып жүрген, институтта болып жатқан оң өзгерістерімен мақтануға құқылы.

22 қазан күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдарының кафедрасындашебер ұстаз Терновой Иван Кондратьевичке арналған іс-шара өтті. Осы іс-шараға ҚМПИ-дің үлкен тәлімгері, доцент Уразымбетова Баян Баймагамбетовна мен Биология мамандығының көптілді группасының 2 курс студенттері жауапты болды

2014 жылы 15 қазанда қазақ бөлімінің «Биология» мамандығының 3-курс студенттері үшін жоо мен Қостанай қаласының мектептерінің бірлестігі туралы келісім бойынша №10 орта мектепте «Мастер класс» өткізілді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, тарих және өнер факультетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенттері 9 қазан 2014 жылы Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облысының кітапханасы ВДНХ мүшеліне арналған көрмеге қатысты. Бұл көрмеде студенттер еңбек ардагерлерімен, Қостанай облысының даңқ кітабымен, құжаттар мен фотосуреттермен танысты.

2014 жылғы 7 қарашада, сағат 15:00-де «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2013-2015-жылдарға арналған өңірлік бағдарлама» тарату бойынша «Жемқорлық - қауіп және қоғамға әлеуметтік кесір» тақырыбында тарих және өнер факультеті студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

2014 жылдың қазан айының төрті күні, Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде, Қостанай қаласының жаңа мешіті жанында мерекелік жиын өтті. Қалалық мешіт имамдарының тәлімгерлік сөздерінен бастау алған бұл мереке әрі қарай ән шашулар, ұлттық-ғұрыптық үлгідегі ойындар мен салт-дәстүріміздің насихаты есебіндегі рәсімдерге ұласты

2 қараша 2014 жылы жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері сүйікті оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтады. Олар арнайы дайындалған шығармашылық өнерлерімен, құттықтау сөздерімен мерейтойлық көңіл сыйлады.

Қазан айының 2-ші жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институының 75 жыл мерейтойына байланысты «Тарих және өнер» факультетінің тарих мамандығының 3 курс студенттері тәрбие сағатын өткізген болатын. Соған орай сабаққа Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымның кандидаты, педагогикалық институттың аймақтық тарихи зерттеу орталығының бастығы Терновой Иван Кондратьевич шақырылған болатын

2014 жылдың қыркүйек айының 26-жұлдызында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаратылыстану-математика факультетінің 1-курс студенттері белсенді қатысып, өздерінің қабілеттіліктерін танытып, іс жүзінде студент атануға, студент қатарына қосылуға лайықты екендерін дәлелдей білген "ҚМПИ студентіне арнау" атты салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары