Қараша айының 20-21 күндері аралығында Астана қаласында «Жаңа заманға – озық технология» атты XV Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Оған біздің институтымыздан информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының студенттері: Асанова Гаухар, Нурмагамбетова Айгерим, Ысламбек Нұрбол, Самбетов Нұржан қатысты.

2014 жылдың 21 қарашасы күні тарих және өнер факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында 1 курс «Тарих» мамандығының студенттері мен қаламыздағы С.Мәуленов атындағы мектеп гимназиясы оқушыларының арасында «Тапқырлар сайысы» атты интеллектуалды ойын өтті.

Көптілдік орталығы жаратылыстану ғылымдары кафедрасы және шет тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік бөлімімен бірлесе отырып, 19 - 21 қараша аралығында «Көптілдік топтарда біріктірілген сабақтар өткізудің әдістемесі» тақырыбында үшкүндік семинар ұйымастырды.

2014 жылдың 21 қарашасы күні сағат 15:00-де 210 аудиторияда «Қазақстан тарихы сабағында ақпараттық-коммуникалды технологияны қолдану» тақырыбында мектеп оқушылары, «Тарих» мамандығы студенттері, қала мұғалімдері, институттың біліктілікті арттыру орталығы мамандары мен факультет оқытушыларының қатысуымен семинар өтті

21 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында көрнекті жазушы, дарынды ақын, драматург Беймбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді. Кешке жазушылар одағының мүшесі Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов, тілші Нұрқанат Құлабаев, ақын, тілші, «Шабыт» сыйлығының иегері Абылай Мауданов қатысып, өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді.

2014 жылдың 21 қарашасы күні 210 аудиторияда 3 курс «Тарих» мамандығы тобында куратор Елкей Н.Н. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауын түсіндіру сабағын өткізді. Сабақ барысында оқытушы студенттерге Елбасы Жолдауын түсіндіріп, негізгі басым бағыттарына тоқталды. Студенттер Бектұрғанов Қ.Б., Медебаева А.А., Айгужина А.Б., Жангужин Ж.Ж. өз баяндамаларын оқып, пікірлерін айтты. Студенттерге презентация, видеоролик көрсетілді.

20 қараша 2014 жылы студенттік жатақханада аға оқытушылар Асканбаева Г.Б., Доспулова У.К. ҚР бірінші Президенті күніне арналған поэзиялық кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Математика мамандығының орыс және қазақ бөлімдерінің 1 курс студенттері өлеңдер оқып, ән айтты. Қатысушыларды патриоттық сезім бойлады.

2014 ж. 20 қарашада шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинетінде шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкаяның және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы О.Д. Подавецтің «Enhancing Learning and Teaching in Higher Education» мамандығын арттыру бойынша 2014 ж.

2014 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Елкей Н.Н. 1 курс «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерін институт мұражайына алып барып, «Өлкетану» сабағы бойынша экскурсия өткізді. Экскурсия барысында өлкеміздің тарихы баяндалып, мұражай қорында сақталған экспонаттар, мұрағат материалдары, фотосуреттер студенттерге көрсетілді. Студенттер естелік фото суретке түсті. Студенттер мұражайдан жақсы әсер алды.

2014 жылдың 20 қарашасында Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы барысында 215 аудиторияда қала мектептері мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен «Зерттеу міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі» атты әдістемелік семинар болып өтті. Семинарды Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Аманжол Күзембайұлы ұйымдастырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары