2014 жылғы қараша айының 27-нде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Өнер кафедрасының оқытушысы А.Ж. Қасаболат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ұйымдастырды. Көрмеге «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы 1 курс студенттерінің әр түрлі жанрда салынған суреттері қойылды. Көрмеге қатысқан факультет деканы Г.З. Балғабаева, студенттер және оқытушылар түрлі жанрда салынған суреттерді көріп, жақсы әсерге бөлінді.
2014 жылдың 27 қараша күні факультетте Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы талданды. Елбасымыздың баса назар аударған жеті мәселесіне жеке-жеке тоқталып, бұл жолдаудың елімізді көркейтуде қаншалықты маңызды екендігі айтылды. Талдауға оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және факультеттің 1, 4 курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
2014 жылдың 27 қарашасы күні 215 аудиторияда тарих және өнер факультетінің студенттері Елбасы Жолдауын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» талқылау мақсатында институт проректоры Әбіл Е.А. кездесті. Кездесу барысында Еркін Аманжолұлы студенттерге Жолдау жайлы біраз мәліметтер бере келіп, Қазақстанның болашағы студент жастар екенін атап өтті. Факультет деканы Балгабаева Г.З. Жолдаудың маңызды екенін түсіндірді. Студенттер сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды.
2014 жылының 26 қарашасында мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру каферасымен «Балабақшада жүргізілетін ата-аналармен жұмыс: этнопедагогикалық аспект» атты тақырыбында оқу-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара диалогтық алаң формасы түрінде әр түрлі көзқарастар позицияларында қарастырылып өткізілді: ата-аналар, педагогтар, балабақшалардың тәрбиешілері және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алушы студенттер. Диалогтық алаңының ұйымдастырушылары: мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушылары Бекмурзина Ж.М. және Богданова Т.В.26.11.14Диалогтық алаңының жұмысына 50 адам қатысты: практикалық мамандар, ата-аналар қоғамының мүшелері, психология және педагогика факультетінің, мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттері. Қостанай қ. балабақшаларының тәрбиешілері баяндамаларын ұсынды, сонымен қатар студенттер өздерінің шағын зерттеулерінің қорытындыларымен таныстырып өтті.
2014 жылдың 26 қараша айында жаратылыстану-математика факультетінде «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымымен кездесуде оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы, профессор М.Төлеген ұжым мен студенттер алдында тұрған Жолдауды іс жүзінде іске асыру бойынша негізгі міндеттерді анықтап, сөз сөйледі.
25 қараша 2014 жылы «Дінтану» сабағына қатысты «Ислам және қазіргі заман» тақырыбына байланысты Қостанай қалалық мешітінің наиб-имамы, дінтану магистрі Дайыр Дүйсен шақыртылды. Дайыр Дүйсеннің осы тақырыпқа қатысты баяндамасы тындалды. Өз сөзінде Дайыр Дүйсен осындай мәселелерге тоқталды; Қазақстан территориясында ислам дінінің шығу тарихы мен таралуы, ислам дінінің негізгі постулаттары мен Мұхаммед пайғамбар туралы, исламның тармақтары мен қазіргі таңда ислам дінінің жағдайы туралы. Студенттер тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.
Тарих және өнер факультеті студенттерінен құралған «Алланың сүйікті құлдары» командасын «Парасат» дебат клубының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған факультетаралық дебат турнирінде І орынға ие болуымен құттықтаймыз. «Алланың сүйікті құлдары» командасы: 1. Бектұрғанов Қуаныш 2. Өміржанова Айдана
2014 жылдың 22 қараша айында жаратылыстану-математика факультетінде ЖҚТБ және туберкулездің алдын-алуына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты Қостанай облысының, Қазақстанның ЖҚТБ/АҚТҚ және туберкулездің таралуы туралы ақпарат деңгейін жоғарлату, олардағы профилактикалық білімдері мен дағдылары тәрізді түрткілерін қалыптастыруға ықпал жасау болып табылады.
2014 жылдың қараша айының 22-ші жұлдызында 10 жылдық мерейтойының қарсаңында «Парасат» дебаттық клубы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған факультетаралық турнир өткізді. Турнирдің мақсаты ұлт көшбасшысы, ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерін кеңейту болып табылады.
2014 жылдың 20-21 қарашасында Рудный индустриалдық институтында студенттердің «Қазақстан жастарының инновациялық потенциалы: ынтымақтастық, белсенділік, азаматтық жауапкершілік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті Қосаман Айбек «Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына азаматтық жауапкершіліктің ықпалы» атты мақаласымен қатынасты.