4.03.2015. Тарих және өнер факультетінің Өнер кафедрасында Қасаболат Айгүл Жапарбекқызының ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым!» тақырыбында көрме сайысы болып өтті. Көрме 3курс студенттерінің арасында өтті. 18 студент қатысты. Бас жүлде Ақанбаев Бағлан, бірінші орын Шарафеева Гулистан, екінші орын Омельченко Ксения және Полковникова Елена, үшінші орынды Тлемисова Жансая және Ягудина Анастасия иеленді. Туындылар сюжеттің тақырыпқа сәйкес құрылуына, түстердің үйлесімділігіне, эстетикалық талғамына қарай бағаланды.
3 наурыз Сағат 15.30, ауд.424 И және КТ кафедрасының м.а., т.ғ.к.. З.С. Ерсултанова мен аға оқытушы, ж.ғ.м. С.Б. Хасанова «Педагогические аспекты преподавания дисциплин в ВУЗе» («Өрлеу» МЖҰОда өткен курстардың материалдары бойынша) атты семинар өткізді.
2015 жылдың 2 наурызында «Психология – педагогика » факультетінде «Серпін - 2050» Мәңгілік ел жастары индустрия» бағдарламасы бойынша «Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар» сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар «Психология және педагогика» факультетінің 1 – курс студенттері. Сайыстың барысында қатысушылар талаптар бойынша өздерінің эмблемаларын жасап, ұйымдастырушылық қабілеттерін одан әрі шыңдай түсті, жан - жақты өнерлерін көрсете білді.
2015 ж. 2 наурызда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Мектеп информатика курсының мазмұны және құрылымы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.
2015 ж. 2 наурызда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша тәртібіне ашық сабақ өткізілді. Дәрісті өткізген кафедраның аға оқытушысы, ж.ғ.м. – Радченко Т.А.. оқытушы өз сабағында АКТ элементтері пайдаланылды
2015 жылы 27-28 ақпанда Алматы қаласында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық байланыс және әлемдік тілдер университетте «Шетел тіл: екі шет тілі» мамандық бойынша Республикалық олимпиада өткізілді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың команда мүшесінде: Алдабергенова Дана, Унгутбаева Айша (ағылшын тілі), Ненашев Глеб (неміс тілі), Омарова Айымгуль, Хамзина Анара (француз тілі) болды
2015 жылы 27 ақпанда филология ғылымының кандидаты дацент шет тілдері факультетінің деканы Е.Л.Дорошок және 4 курс студенттері педагогикалық ғылымының кандидаты Қондубаевпен кездесу ұйымдастырды.
Қазақстан республикасының келелі кезеңдері: «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызы, «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл», «Президент үндеуі» туралы ақпанның 27 жұлдызында кураторлық сағат өткізілді.
2015 жылдың 27 ақпанында оқу-тәрбие тілдер дайындығы орталығының аптасында шетел әндерінің фестивалі барлық факультеттердің бірінші, екінші курс студенттері аралығында өтті. Мақсат: Студенттердің шетел тілін оқуға деген ынтасын арттыру және олардың мәдениетін үйрену; сахна мәдениетінің беделін өсіру. Бұл іс-шара қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде өтті, техника құралдарымен жабдықталған (қажетті аппаратура, фонограмма, минусовка). Конкурс өте керемет өтті және студенттерді қызықтыра түсті. Конкурста 12 нөмір көрсетілді – соло, дуэт, трио. Нөмірлер төмендегі критериялармен бағаланды: әннің айтылуы және фонетикалық коррекция, темптің сақталуын қадағалау, дыбыстың сапасы, сахналық және орындаушылық шеберлігі. Іс-шараның бедел қатысушыларға 5 баллдан қойылды.
Ақынның жүрегінде ашылған сыр, Сәуле боп кеудесінен шашылған нұр, Бүгінде қазағыма аманат қой Аққудың қанатына жазылған жыр. 25 ақпан 2015 жылы Қазақ және орыс филологиясы факультеті студенттерінің «Балауса» шығармашыл жастар үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының қара нары, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды поэзия кеші өтті.