2015 жылдың 29 сәуірінде ҚМПИ-да 4 курс студенттеріне « Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі-2015» атты іс-шара өткізілді. ШТФ-нің 3 курс студенттері келген қонақтарды және білім беру орындарының директорларын тіркеу шарасы мен қорытындысына жауапты болды.

28 сәуірде 2015 жылда Қазақстанның Бірлік күніне арналған бүкіл институттық көркем өнерпаздар фестивалі өтті. Қазақ халқының мәдениетін көрсетуге шетел тілі факультетінің студенттеріне құқық тапсырылды.

28 сәуір күні ҚМПи акт залында Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған факультетаралық «Менің елім, Қазақстаным!» атты көркемөнерпаздар байқауы болып өтті. Байққауға институтымыздың барлық факультеттері қатысты. Байқау талаптары бойынша әр факультет әр ұлттың мәдениетін көрермендерге таныстырып, әсем ән мен мың бұралған билерін паш етті. Сонымен қатар сол ұлтқа тән ұлттық аспаптарда түрлі шығармаларды орындады. Сол ұлттардың тілінде көркемсөз оқыды.

2015 жылы 28 сәуірде сағат 12:30 Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған Қазақстан Халықтары ассамблеясының 20- жылдығына орай «Достық үйінде» Қостанай облысының диаспораларының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек стол өткізілді. Бұл іс – шараға «География» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ және орыс бөлімдері) және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары: Баубекова Г.К., Баймаганбетова К.Т., Омарова К.И., Коваль В.В., Ахметова Э.Б., Дмитрийчук В.В. қатысты.

2015 жылдың 25 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 70 жылдығына арналған ҚМПИ оқытушылары мен қызметкерлері арасында көркемөнерпаздар байқауы болып өтті. Институттың оқытушылары мен қызметкерлері әр номинация бойынша қатысып, өз өнерлерін көрсетті Соның ішінде факультет оқытушылары Т.Т. Сейсембай, Б.Т. Қанапина, Ә.Қ Абдрашева, Г.П. Леждей хор номинациясына қатысты.

24 сәуір күні спорт және туризм, дене шынықтыру факультетінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 70 жылдық жеңіс күніне орай «Даңқ аллеяларында» квест ойыны болып өтті. Оған факультеттің 1-3 курс студенттерінен (Олар: Жанжигитов Сырым, Жолтай Азат, Сексенбай Жансая, Султанханова Толганай, Бакиева Саида - 1 курс; Гусейнова Сабина, Дуйсенбаева Гуль, Алихан Еркебулан, Жалғас – 2 курс, Мұратбеков Алмас-3 курс) құралған құрама командасы қатысты. Ойын қорытындысы бойынша команда капитаны Гусейнова Сабина басқарған команда ІІІ орынды қанжығаларына ілді. Команда құрамын жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда әлі де талай белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларының өткізілу кестесіне сәйкес сәуір айының 23-24 күндері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҮІІ республикалық пән олимпиадасы өткізілді. ҮІІ Республикалық пән олимпиадасына 20 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрды.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының оқытушыларымен «Химиядан білім беру саласындағы заманауи бағыттар» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға VII Республикалық студенттердің химия олимпиадасының команда жетекшілері қатысты. Семинарды х.ғ.қ., доцент Жұмағалиева Б.М. жүргізді. Тақырыпқа байланысты баяндамаларды химия магистрі, оқытушы Ергалиева Э.М., химия магистрі, аға оқытушы Губенко М.А. оқыды.

22 сәуір күні ҚМПИ акт залында «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еңселі, Елім!» атты дәстүрлі әндер облыстық байқауы болып өтті. Бұл байқау үш кезеңнен тұрды: 1-кезең: «Күй тарту» номинациясы 2-кезең: «Жыр, терме, жырау» номинациясы 3-кезең: «Дәстүрлі ән» номинациясы

Үстіміздегі жылы 13-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Әуесқой жастар мен студенттер театр ұжымдарының Халықаралық фестиваліне біздің оқу орнымыздан педагогика кафедрасының аға оқытушысы Әбдіркенова Ақбидаш Қапанқызының жетекшілігімен жүргізілген «Жас сахна» ҚМПИ студенттер театры қатысқан болатын. «Жас сахна» ұжымы тек оқу орнымыздың намысын қорғап қана қоймай, облысымыздың мерейін үстем етіп, фестивальге қатысқан 14 ұжымның ішінен ІІ орынды еншілеп, жемісті сапардан оралды. Бұнымен қоймай, «Жас сахна» ҚМПИ студенттер театрының дарынды актері Алмас Мұратбеков «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды. «Жас сахна» ұжымын қос қуанышпен құттықтай отырып, тек алдыңғы қатардан көрінуді тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары