Қостанай қаласында 11 қазан күні «Шағала» жағалауы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин естелігіне арналған жыл сайынғы облыстық жүгіру жарыстары өткізілетін бастапқы нүктесі болды. Салқын температурасына қарамастан және желде қатысушылар 21 км, 8 км және 2 км ара қашықтықтарына белсенді жазылған болатын.

2015 жылдың 5-11 қазаны аралығында Байқоңыр қаласында өткен юниор, ер, әйел, ардагерлердің арасында пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің чемпионаты өтті. Оған 250 спортшы мен 15 команда қатысты.

2015 жылы денешынықтыру, спорт және туризм факультетіне керемет студенттер түсті, олардың арасында шорт-тректен, шаңғы жарысынан, бокстан және конькимен сырғанау спортынан Қазақстанның құрама командасының мүшелері, Қазақстан Республикасының 24 спорт шебері және халықаралық санаттағы 1 спорт шебері бар.

Студенттердің әрқайсысында ең бірінші, сол себепті есте қаларлық сәт, ол студенттерге арнау күні. 2015 ж. қазанның 9 күні талантты бірінші курс студенттерінің қатысуымен мәжіліс залында «2015 ж. студенттерге арнау» іс-шарасы өткізіледі.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас ұландар, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімде Қазақ және орыс филологиясы факультеті өз өнерлерін көрсетті. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар

2015 жылғы 6-8 қазан аралығында Қарағанды қаласындағы «Ақжолтай» мұз айдыны спорт сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтіп, оған Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген спортшылар қатысты.

Факультетімізде қазан айының 2 күні 15:00 де ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында студенттер мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтап өз өнерлерін көрсетті. Әр курс студенттері ұстазға арналған өлең оқып, ән айтып, би биледі. Студенттердің ұйымдастырған бұл кешіне ұстаздар қауымы ризашылықтарын білдірді.

Облыстық «Толстой» атындағы кітапқанада 1 қазан күні «Кітапхана түні» өтті. Бұл іс – шара І.Есенберлиннің 100 ж мерейтойына арналды. Кеш барысында конференция, жазушының еңбектері бойынша акция және айтыс болды. Оған обылысқа танымал жас ақындардың барлығы қатысты.Ақбабақызы бұл айтыста да өзінің мықты екенін дәлелдеп, 1-орынды қанжығалады.Керемет өнер көрсетіп оқу ордасына абырой әперді.

2015 жылдың 1 қазан күні А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде облыстық ақындар айтысы болып өтті. Бұл айтысқа факультетімізден жас ақын, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Ақбаба Нәрия қатысты. Айтыста Арқалықтан, Амангелдіден, Қостанайдан келген ақындар сөз сайыстырды. Қазылар алқасының шешімімен қарсыластарынын арасыннан оза шапқан Ақбабақызы Нәрия 3 - орын алып, қаржылай силыққа ие болды.

30 қыркүйек күні 2015 жылы ҚМПИ 1-3 курс студенттері Қазақстанда тұратын халықтар мәдениетімен танысу мүмкіндіктеріне ие болды. Олар Қазақстанның халықтары Тілдер күніне арналған институттық «Тіл-достықтың көпірі» деген іс-шарасына белсенді үлес қосты,оны шетел тілдері факультетінің тілдерді дайындау және оқу тәрбие орталығының мұғалімдері С.Қ Абишева, В.Н. Плохотенко және Д.П Ловцова өткізді. Іс-шараның мақсаты қазақ, орыс, неміс, өзбек, корей, харват халқының музыка, поэзия және би арқылы тілдік ықпалдастығын қалыптастыру.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары