2015 жылдың қараша айында облыстық шығармашылық үйінде «Жас толқын - 2015» жарысында жеңімпаздарын марапаттады. «Кескіндеме» номинациясы бойынша кафедраның аға оқытушысы Ордашева М.Ж. 2-орынды иеленді. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенті Садовников Екатеринаға «Графика» дипломын санаттағы бірінші дәрежелі түрде марапаттады. Өнер кафедрасының ұжымы алдағы уақытта студенттермен оқытушыларға шығармашылық табыс тілейді.
04.11. 2015 ж. «Әлемдік тарих және жалпы пәндер» кафедрасы көлемінде танысу мақсатында конференция өткізілген болатын, экономикалық талқылаудың негізінде, политехникалық ақпарат тақырыбы бойынша: «ЭКСПО -2017 – болашақ технологиялық жолға бағыт».
2015 жылдың қараша айының төртінде ҚМПИ жатақханасында Қазақ және орыс филологиясы факультетінің ұйымдастыруымен «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты күзгі бал кеші болып өтті. Кеш барысында көмейінде бұлбұл сайраған талантты әнші қыз- жігіттер әндерімен көрерменнің құлақ құрышын қандырды
2015ж 31 қазан сенбі күні Затабол мектеп гимназиясында шетел тілдері факультеті шетел тілі кафедрасының меңгерушісі М.И.Кудрицкая Қостанай ауданының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне wwwEdmodo com интерактивті интернет платформа негізінде виртуальды білім беру ортасын қалыптастыру жайында шеберлік класс өткізді.
2015 жылғы 31 қазанда Сосновый бордағы Боровое ауылында Меңдіғара ауданының 85 жылдығына орай XXXI облыстық дәстүрлі жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді. Спорттық жарысқа облыс қалалары мен аудандарынан келген 94 адам қатысып, 8 км және 13 км қашықтықтарында жүгірді. Бұл жарысқа институтымыздың студенттері де белсене атсалысты: «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің 3 курс студенті Анастасия Бойко 1 орынды жеңіп алса, «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің 4 курс студенті Серик Достьяров 13 км қашықтықта 20-29 жас аралығындағы спортшылар арасында 3 орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2015 жылдың 31 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасында аға оқытушы Егорова Анна Моисеевна «Анатомия, спорт морфологиясының негіздері» тақырыбында ойын түріндегі «Анатомиялық брейн-ринг» дәстүрлі ашық сабағын өткізді. Бұл жобаның негізгі мақсаты медициналық-биологиялық циклдегі базалық оқу тәртібін пән негізінде тереңдетіп оқыту болып табылады. Сондай-ақ, динамикалық анатомия бөлімінде ғылыми-педагогикалық зерттеу үшін маңызды болып табылатын талдау мен қорытындылаудың түрлерін оқытуды зияткерлік ойын арқылы жүргізу көзделген
30 қазан күні сағат 17.00 студенттер үйінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өтті. Аға оқытушы, заң саласының магистрі М.В. Разуеваның басшылығымен «Құқық пен экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері ойынға белсене ат салысты. Интеллектуалды ойынның тақырыбы – ҚР Конституциясы. Осы жылы конституциямызға 20 жыл болғаны бәрімізге мәлім. Ойынға жатақханада тұратын студенттер өз қалаулары бойынша қатысты. Үш команда ат салысты. Олар: «Барыс» атты бірінші орын алған топ, «Жолбарыс» атты екінші орын алған және «Болашақ» атты үшінші орын алған топ.
Қазан айының соңғы күндерінде факультеттің студенттеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өткізіліп, семинарға колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары шақырылды. Семинарға жалпы саны 57 адам қатысты. Аталған семинар - «Эко туризм – қоғамның тұрақты дамуының факторы ретінде» семинарлары сериясының бірі. Қостанай облысында бірегей қорық пен 3 кіші қорық болғандықтан, семинар тақырыбы біздің аймақта өзекті болып табылады. Қатысушылар экологиялық турларды, экология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын, сондай-ақ Қазақстандағы экотуризм мүмкіндіктерін жоспарлау мәселелеріне қатысты теориялық материалды тыңдады. Сонымен қатар олар семинардың практикалық бөлігі барысында тәжірибеде алған білімдерін қолданып, шығармашылық экологиялық жобалар құрастырды және қорғады.
2015 жылғы 29 қазанда жаратылыстану-математика факультетінің студенттері жалпы қалалық сенбілікке белсене атсалысты. Сенбілік мақсаты – студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды еңбекке баулу және қоршаған ортаға адамзаттың қарым-қатынасы секілді құндылықтар мен қала тазалығы үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу дәстүрлерін сақтау болып табылады