20 қарашада 2015 жылы А-205 дәрісханада 4 курс студентері жұмыспенқамту және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мәселері жөніндегі Қостанай облысы әкімиятының өкілдерімен кездесу өткізілді. Келісім-шартқа сәйкес мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған студенттер жалпы білім беру мекемелерінде кем дегенде 3 жыл еңбек етуге міндетті. Студенттер әсіресе мемлекеттік қызметте еңбек етем дегендер аталған сұрақты талқылауда қызығушылықтарын танытты.
19 қарашада 2015 жылы 32АК тобында ШТФ тілдер дайындығыоқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Дощанова Бахыт Мугаловнаның жетекшілігімен «Екінші шет тілі В1» пәні бойынша «Қоршаған ортаны қорғау. Қазақстанның экологиялық аппаттары»тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық факультетінде 2015 жылдың 19 қарашасында, әлеуметтік қызмет көрсету сайысы және «Патриотизм» тақырыбында презентация өткізілді. Байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Дефектология» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.
МПИ студенттеріне ашық коммуникативтік G-global алаңы жастардың ғылыми категориялық аппаратын қалыптастыру, деструктивті экстремизм әсеріне қарсы имидждік құрал ретінде маңызды. ШТФ ұжымы G-global-дағы позитивті ғылыми ой жаңғыртуға белсенді кірісті . ШТФ осы қызметті С. Мирошниченко және В. Н. Плохотенко атқарады. G-global Халықаралық жобасын және ЭКСПО-2017 болашақ энергиясы қоғамдық қозғалысын алға басу мақсатында, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерді коммуникативтік алаңда тіркеу жұмысы жүргізілді және мақалалар мен пікір алмасу орналыстырылды.
ҚМПИ студенттері топтары кураторларының қызметі әрқырлы: онда педагогикалық шеберлік пен ғылыми көзқарас, шығармашылық пен қамқорлық, жеке көзқарас және барлық студенттерді жұмысқа жұмылдыру бәрі бір жерге тоғысқан. Тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма жетекшілігімен және ШТФ оқытушылырының құрастыруымен шыққан «Студент тұлғасының ар-намыс тәрбиесі» атты әдістемелік құралынан кураторлар куратор сағаттарын өткізу мен ұйымдастыру жөнінде практикалық кеңестер ала алады.
18 қарашада Индия, Чандигар, «Infosys»компаниясының өкілі Самара Даби мен шетел тілдері факультетінің 43 АО тобының студенттерінің қатысуымен «Strategies for TOEFL» тақырыбы бойынша вебинар өткізілді. Самара Даби TOEFL тапсыру кезінде өзінің негізгі стратегиялық тәжірибесімен бөлісті, қиыншылықтар туралы және оларды шешу жолдарын әңгімеледі.
2015 жылдың 17 қарашасында институт қабырғасында факультетаралық орыс лигасының көңілді тапқырлар сайысы өтті. Бұл студенттер үшін таңғажайып қуанышты жағдай болды. Қатысушылар орын, жеңіс үшін емес, көрермендердің шынайы пейілі үшін барын салды. Кеш тек сәлемдесу бөлімінен тұрды. Әр факультет барынша ат салысты.
Ауа-райы «Қар,жаңбыр,батпақ» болған кезде бір аяғына пима,бір аяғына бәтіңке киіп келіп, күлкі мен қолпаштауды қайдан алуға болады. Әрине, КТК-ныңсахнасына шыққанда. ШТФ орыс лигасының КТК студенттері институт өмірінің көңілді жақтарын көрерменге көрсете алды. Ал, әзілдің көтеріңкі көңіл күйдің таусылмас қайнар көзі екендігі бәрімізге белгілі. ШТФ КТК студенттері Елемесова Дамиранның жетекшілігімен көрермендердің көңілін көтергені үшін, кәсіби жюри мүшелері тарапынан 3 бестік алып жоғары бағаланды.
2015 жылдың 16 қарашасында Дене шынықтыру факультетінің студенттеріне арнап «Дұрыс тамақтану – алиментарлы-тәуелді ауруларға қарсы шығу жолы» атты семинар өткізілді. Оған Қостанай облысының ұлттық салауатты тамақтану орталығының аға ғылыми қызметкері, дәрігер-валеолог, медицина ғылымдарының кандидаты Жаркова Надежда Васильевна шақырылды.
Жыл сайын шетел тілдері кафедрасына Қ.Р-дағы АҚШ елшігі қолдауымен ағылшын тілін оқыту бойынша оқу-әдістемелік материалдары келіп тұрады. Осы оқу жылы кітап сөрелерін Forum оқу жорналы, ойын материалдары, СД дисктері толықтырды. Кафедраның оқытушылары аталған материалдарды ағылшын тілі сабағында белсенді пайдаланып жүруде.