2016 жылдың 27 және 28 қаңтарында жаратылыстану-математика факультетінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа ғаламдық нақтылықта: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауына байланысты талқылау өткізілді, ол ғаламдық дағдарыс кезеңіндегі ел дамуының басты бағдарламалық құжаты болып саналады.
2016 жылдың 27 қаңтары күні «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығының 1-курс кураторы Ж.М. Бекмурзина «Қазақстанның жаңа жаһандық шындығы: өсу, реформа, даму» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы бойынша өткізді. Қазақстан Республикасының құрылымдық түрлендірудің анықталған және дағдарысқа қарсы бес негізгі бағыттары қарастырылды:
2016 жылдың 26-27 қаңтары күндерінде тарих және өнер факультетінде 30.11.2015 ж. «Халық жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа Жолдауына байланысты кураторлық сағаттар өткен болатын. Кураторлық сағаттарда ҚР Президентінің жолдауынан үзінділер келтіріліп, содан кейін студенттерге қызықты сұрақтар қойылды
2016 жылдың 26 қаңтар күні 1-2 курс студенттері психология-педагогика факультетінің декан орынбасары Г.А.Алипбаева мемлекет Басшысының «Ұлт жоспары - Қазақстандық арманға жету жолы» мақаласын түсіндіру мақсатында іс-шара өткізді. Декан орынбасары Ұлт жоспарының «5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдары» кезеңдерінің практикалық орындалуының басталғанын атап өтті. Мемлекеттің, экономика мен қоғамның дамуы үшін мүлдем жаңа құқықтық орта құруда 59 заң күшіне енді.
25 ақпан күні сағат 15:00-де облыстық Л.Н. Тольстой атындағы кітапханада Қостанай облысының 80 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылуы өтіп, оған тарих және өнер факультеті «Тарих» мамандығының студенттері шақырылды. Көрме үш бөлімге «Тарихы туған мекен», «Әсем қала, гүл қала», «Аймақ дамуы, ел дамуы» бөлінді.
2016 жылдың 22 қаңтар күні Қазақ және орыс филология факултетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын студент жастарға дәріптеу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Елбасы жолдауындағы басым бағыттар және жастарға жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер жайында Қазақ тілі мен әдебиетті мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен ашық сұхпат өткізілді. Сұхпат барысында сөзге шыққан тарих ғылымының магистрі Қалиев Дастан Дүйсенұлы жолдау жайлы түсіндіріп
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жайлы ҚМПИ-ның оқытушылар мен студенттер атынан Қазақстан-Қостанай телевидениясында филология ғылымының кандидаты Қ. Т.Нұрмұхаметова және ШТФ-нің «Серпін» тобының көшбасшысы 1 курс студенті Құдайберген Балжан сөз сөйледі. Олар жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында және дағдарысқа қарсы шараларды шешу , кезектен тыс сайлау өткізу туралы аттап өтті.
2016 ж. 21 қаңтарында ШТФ студенттері ҚМПИ конференция залында өткізілген «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ерлан Төлетаевпен кездесті. Кездесу барысында Қостанай облысындағы жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары таныстырылды. Студенттер түрлі бағыттар – құрылыс және ауыл шаруашылығы бойынша жазғы еңбек лагерьлеріне қатысу мүмкіндіктері жөніндегі пікірлерін білдірісті.
18 қаңтарда шетел тілдері факультетінде төрт апталық практика бойынша 3 курс студенттеріне конференция өткізілді. Практиканың басшылары Бурмагина Л.А. (орыс бөлімі) және Рахметова А.А. (қазақ бөлімі) презентация көрсетті, бұл презентацияның талаптарына сай кұжаттар, практиканың өткізілу талаптарын айта келе, басшылармен таныстырды.
Жыл сайын шет тілдер факультетінің студенттері ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. 2013- 2014 оқу жылдары 3 курс студенті Алдабергенова Дана бір семестр бойы Қазақ Әйелдер Педагогикалық Университетінде оқып, одан тек қана беспен және жана білімімен оралды. 2015- 2016 оқу жылдары 3 курс студенті Баймұхамбетова Әсел бір семестр бойы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетте білім алды. Институт қабырғасына қайтып оралған студент білім алудың жолдарын кеңейтетін академиялық ұшқырлық бағдарламасының тиімді қыр сырларымен бөлісті. Жарты жыл ішінде Әсел институттың қоғамдық өміріне белсене араласқан, халықаралық әдістемелік семинарда білім алып, жаңа да қызықты адардармен танысып,достасқан.