12-15 қаңтар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушылар мен қызметкерлер арасында спартакиада өтті. Психология-педагогика факультеті оқытушылары барлық жарыстарға белсенді қатысты. Факультеттің алғашқы құрама командасы мини футбол бойынша Бірінші орын алды.
2016 жылдың қаңтар айының 11 - 15 күндері аралығында ҚМПИ оқытушылары мен қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Аталған спартакиадаға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қатысты. Кафедра аға оқытушылары Ысқақова Ш.К. шашка сайысынан І орынды, Қанапина Б.Т. ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар аға оқытушы Ысқақова Ш.К шахмат сайысынан III орын алды. Факультет ұжымы шын жүректен құттықтайды!
Педагогика кафедрасы 2016 жылдың 8 қаңтарында, толық құрамымен, жаңа педагогикалық әдебиеттермен танысу бойынша семинар шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ақпараттық-кітапханалық орталығында болды. Кафедраның кітаппен жабдықталуы қарастырылды және кафедра пәндері бойынша Syllabys-қа жаңа педагогикалық әдебиеттерді қосу қажеттілігі жөнінде ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар оқытушылар үшін ақпараттық ресурстар және жаңа әдебиеттерді ашып қараудың безендірілуі жөнінде электрондық презентация өткізілді.
2016 жылдың 8 қаңтарында Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталағының аға оқытушылары Шолпанбава Ғазиза Әбуқызы мен Байменова Ботагөз Жұмғалиқызы «Білім жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты әдістемелік семинарын өткізді. Семинар барысында Шолпанбава Ғазиза Әбуқызы мен Байменова Ботагөз Жұмғалиқызы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша практикалық сабақта инновациялық әдістерді қолдану жайында айтып өтті. Семинарға шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Екатерина Леонидовна, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты.
2015 - ші жылдың аяқталар сәті таяу қалған шақ. Алда жаңа арман-тілек орындалатын жаңа жылды тойлау қуанышы тұр. Көшелер шыршасымен сәнді, өмір мәнді. Енді тек осы мереке барымызды салып дайындалу қалды. Біз де жыл сайын барлық отбасы тәрізді бірлесіп жаңа жылды тойлауды әдетке айналдырғанбыз. Яғни, «Филологтар жанұясы» болып жаңа жылдық кеш өткізу.
Қазақ және орыс филологиясы факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері ҚжОФФ деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызын 2015 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленуімен шын жүректен құттықтайды. Ұлттық руханиятымыздың өзегі – қазақ тілі мен әдебиетін меңгерту, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру жолындағы ұстаздық қызметінің жемісті әрі жеңісті болуын тілейміз. ҚжОФФ профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері
Қазіргі мұғалім қандай болуы керек? Бұл жайында «Биология», «География», «Химия» мамандықтарының көп тілді топтың 1-курс студенттері 28 желтоқсан күні «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» мамандығы бойынша емтиханды эссе бойынша ағылшын тілінде жазып талқылады.
Барлығына мәлім біздің факултетте оқитын студенттердің бірінші шет тілі неміс тілі болып табылады.Өкінішке орай ондай студенттер аз,бірақ олар өте тату.Олардың бірлігін Германияда 25-26 желтоқсанда тойланатын Рождествоға арналған мерекеде байқауға болады.Бұл немістердің сүйікті мерекесінің бірі.Салтанатты іс-шара алдыңғы жылы өтті.Бұған неміс топтарының 2,3 және 4 курс,сонымен қатар бұл жылы оларға 2-ші тілде оқитын студенттер қосылды.Біздің кешіміздің арнайы қонақтары Дощанова Б.М, Бурмагина Л.А неміс тілінің мұғалімдері Исмагулова Г.К , Рахметова А.А.Іс -шара жүргізушілердің құттықтауымен және Санта Клаустың келуімен басталды.Студенттер Санта Клаусты неміс тілінде білді.Сайыстар өткізіп,сыйлықтар берді.
2015 жылдың 22 желтоқсанында институт жатақханасында Жаңа жылға арналған мерекелік іс – шара өтті. Кештің басты мақсаты – Жаңа жылдық көңіл – күй сыйлау. Жаңа жылдық кеш болғандықтан, Аяз ата да, Ақшақар да болды. Кештің ұйымдастырушы – 3 курс студенті Өміртай Есбол. Әр түрлі сайыстар мен ойындар өткізіліп, көрермен көзайымына айналып, жеңімпаз атанғандар сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында студенттер би билеп, ән айтып біраз демалып қалды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаратылыстану-математика факультеті студенттері 2015 жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызында «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты. Әр түрлі ойындар, ән мен би, қызықты бағдарламалар өткізілді, соңында сыйлықтар берілді. Балалар студенттерге алғыстарын білдіріп, ұзаққа дейін жібергісі келмеді