2015 жылдың 3 желтоқсанында Шетел тілдері факультетінің 1-курс студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау іс-шарасына қатысты.Аталған іс-шараға институт студенттері, оқытушылар және Қостанай облысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия филиалының бірінші орынбасары Сапарова А.С. шақырылды

2015 жылы қараша айының 30 жұлдызында жаратылыстану ғылымдар кафедрасының доценті Баян Баймагамбетовна Уразымбетова және 3 курс көптілді «Биология» мамандығының жауапкершілігімен бүкіл әлемдік АҚТҚ және ЖҚТБ –ға қарсы күнге орай іс –шара өткізілді.

2015 жылдың 30-қарашасы күні Тарих және өнер факультетінде ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс¬-шара өтті. Іс-шараға Тарих және өнер факультетінің деканы Г.З. Балғабаева және деканның орынбасары З.Н. Какимова, «Тарих» 1 курс мамандығының кураторы Т.А. Еришева, «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» 1 курс мамандығының студенттері қатысты.

Көгімде шырқалып асқақ ән, Бой түзеп көркейді Астанам. Тәуелсіз ел болып қазағым, Нұр ағам «Нұрлы жол» бастаған.

2015 жылы 10 қараша мен 30 қараша аралығында плакат байқауы, өлең оқу және эссе жазу Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаев күні және ҚР тәуелсіздігі күніне арналған факультетте байқауы өтті. Плакат байқауында 2 курс студенті Грушина М., Велендрузи Т., Белозерская Е. және 1 курс Асаинова А., Зайцева Д., Масленова П. жұмыстары ерекше аталып өтті

2015жылы 30 қарашасында. 2-курстың студенттері Болтушенко Дмитрий мен Бутенко Виктор 2-курс студенттері үшін «Сана әлемді ауыстырады», семинар-тренингі жағдайының түсіндірмесі атты іс-шараны ҚР Бірінші Президенті атындағы кітапхана жайлы өткізді. Презентация дайындалды, жастар саясаты жаңа қазақстандық отаншылдықтың дамуы семинардың ең негізгі түйіні болды.Дәрісханада семинарға қатысушылар белсенді түрде талқылады.

2015 жылдың 30 қараша күні сағат 11-де ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жылдағы Халыққа Жолдауын арнаған еді. Аталған айтулы оқиғаны тарих және өнер факультетінің ұжымы асыға күткені анық. Жолдауды тыңдау үшін 224 аудиторияға жиналған факультет деканы Балғабаева Г.З. бастаған факультет ұжымы және факультет студенттері Елбасы Жолдауын көгілдір экраннан тікелей эфирдан тамашалады.

Қазақстан Республикасының бірінші Президент күніне арналған Жом колледждер студенттерінің классикалық пауэрлифтингтен Қостанай облысының Чемпионаты А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мелекеттік университетінде 28-29 қараша аралығында өтті.

Сивохин Иван Павлович 2015 жылдың 16-29 қараша аралығында Хьюстон қаласында (АҚШ) ауыр атлетикадан өткен Әлем Чемпионатында кешенді ғылыми тобының басқарушысы міндетін атқарды. Иван Павловичтың еңбегінің арқасында Қазақстан құрама командасы зор жетістікке жетті. 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаліне ие болды. Жалпы командалық есепте ерлер 2-ші орын алса, әйелдер 4-ші орынды иеленді. Рио-де Жанейро Олимпиада ойынына 10 лицензияны ұтып алды.

Видеороликтерді жасау бойынша жалпы институттық конкурс шеңберінде деканаттың жұмыс тобында ШТФ студенттері Бутенко В., Абдрахманов А., Велундрузи Т., Құдайберген Б., Еркінбек Ә., Хамзина А., Унгутбаева А., Николаева А. және шет тілі кафедрасының оқытушысы Мирошниченко Р.С. қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары