Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы барысында 02.02.2016 ж. «Білікті маман – ұлт болашағы» тақырыбында 1-3 курс студенттері арасында видеоролик сайысы өткізілді. 1 курс (12 ҚҚ) дайындаған видеоролик сайыстың жеңімпазы болып атанды. 2 орынды 3 курс (32 ҚҚ), 3 орынды 2 курс (21ҚҚ) студенттері алды.
2016 жылдың 2 қаңтарында жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және конфессияаралық келісімге тәрбиелеу мақсатында жаратылыстану-математика факультетінің «Математика», «Информатика» мамандықтарының 1-курс студенттеріне арналған Қостанай қалалық мешітінің иманымен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге дін жөніндегі ақпаратты толық және тиянақты жеткізу болып табылады.
2016 ж. 1 ақпанында факультеттің ашылған күніне орайластырылған «Мен ШТФ студентімін» атты қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. Шара бірінші және екінші курс топтарының қабырға газеттері ілінген фойеде өтті. Қазылар алқасы алдымен жұмыстардың дизайнына баға берді, содан кейін газет бетіндегі фотоколлаждардың, белгілер мен суреттердің мәнін түсіндірген топтардың өкілдерін тыңдады
2016 жылдың 1 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында «Мәңгілік ел - ел ертеңі» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 2-3 курс студенттері қатысып, баяндама жасады. Конференция жеңімпаздары болып 2 курс студенті Алиақпарова Алмагүл «Мәңгілік ел ұлттық идеясы» баяндамасымен І орынды, 2 курс студенті Серигхан Айман «Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі» баяндамасымен ІІ орынды, 3 курс студенті Ғалымжанова Алина «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» баяндамасымен ІІІ орынды иеленді. Оқытушылар мен студенттер атынан құттықтаймыз
1 ақпан күні Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде 3 курс студенттері арасында «Қазақстан жолы арманға Ұлт жоспары» атты мақаланы талқылау туралы сұхбат өткізді. Сұхбатты деканатпен бірге «Туризм» мамандығының 3-ші курс студенті Батургужин Амир дайындады. Әңгіме өте жылы және сенімді болды. Оқушылар Елбасы және жаңа «Қазақстан мақсаты» қалыптастыру жоспарларына белсенді мүдделі болды.
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Педагогика және психология» мамандығының 1, 3 курс студенттерімен «Марал ишан» мешітінен діни қызметкерлер шақырылып, аталған мәселе жайында іс-шара өткізілді. Дін қызметкерлері студенттерге Ислам негіздері туралы ақпарат беріп, исламда халық арасында жиі қолданылатын ұғымдардың мән-мазмұнын ашып, қарапайым тілмен түсіндірді. Сонымен қатар мұсылманның негізгі діни ұстанымдарын, білуге тиісті діни мәселелері мен оның зайырлы қлғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты ақпараттарды баяндап, көзқарастарын айқын түсіндірді.
2016 жылдың 30 қаңтарында ҚМПИ конференц-залында Қостанай облысының прокуратурасы, Қостанай қаласының білім беру бөлімі және облыстық психиатрия ауруханасымен бірлескен «Мектеп психологы жұмысындағы суицидальды мінез-құлық ты алдын алу проблемасы» - атты іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада Қостанай облысы прокурорының бас көмекшісі Каримов Р.А., облыстық психиатрия ауруханасының психологиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Ислямова Г.А.,психология кафедрасының аға оқытушылары Ташетов А.А.,Белого Н.В.баяндамалары тыңдалып,талқыланды.
2016 жылғы 30 қаңтар айында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау жөніндегі кездесуге 2-курс ШТФ студенттері қатысты. Декан Е.Л. Дорошоктың баяндамасын тыңдады, декан орыбасары А.Б. Умарованың презентациясын көрді.Елді жаңғырту және институционалдық реформалар жайында студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Сүгірбаева Ә., Слободюк А., Әсембай М., Елемесова Д., «Серпін» басшысы Еркінбек А.сөйлеген сөздері қызығушылықпен тыңдалды.
2016 жылғы 28 қаңтар айында ШТФ деканатында 1-ші курс студенттерімен мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын түсіндіру жайында іс-шара өткізілді.Бұл іс-шара ШТФ деканы Е.Л. Дорошоктың ҚР саяси реформа жүйесін түсіндіру алғы сөзімен басталды.
28 қаңтар 2016 ж. ПиМНО, Дефектология, ДОиВ, ПиП мамандықтарының 1-курс студенттері Ы. Алтынсарин атындағы кітапханада болды. Кітапханаға бару мақсаттары ҚР Президенті Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру мен талқылау болып табылады. Кітапхананың жетекші әдіскері Латыпова Бибигуль Казыбайқызы ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазахстан халқына Жолдауында аталған мемлекеттің жылдық дамуының негізгі мақсаты және басымдылығы жайлы айтты.