2016 жылдың 26 ақпанында ТДОТО апталығында «Қазақ тілі – өз тілім» факультеттердің студенттер арасында мемлекеттік тілді білу байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ловцова Д.П. мен Шолпанбаева Ғ.Ә. келесі сайыстар бойынша:«Таныстыру», «Ата-салт, қазақы-дәстүр»,«Талаптыға нұр жауар» өткізді. Қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, мемлекеттік тілді меңгеруді жауапкершілікпен қарайтынын көрсетіп, туған елге, тілге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін оята білді.Жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды: Арцебашева Виктория, Мостовая Владислава (1 орын), Штепа Яна (2 орын), Гайдрик Регина, Абдрахманова Дина, Хаширметов Бабажан (3 орын). Байқауды Тлеуова Дияна мен Бекбусинова Алиянаның орындауыдағы музыкалық әндер көркемдеді.
2016 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында «Математика» мамандығының 1 курс студенттеріне куратор Беркімбай Р.Ә. «Президент жолдауы – болашақтың нақты бағдарламасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Президент жолдауын студенттерге насихаттау және жолдауды олардың қаншалықты меңгергенің тексеру. Кураторлық сабақта Қиялова Аида 3 турдан тұратын сайыс өткізді: «Бәйге», «Дода», «Тапқыр болсаң тауып көр»
26 ақпан күні жылы институтымыздың кітапханасында М.Мақатаевтың 85-жылдық мерейтойына арналған әдеби шығармашылық кеш болып өтті. Кеште «Ұшқын» жас ақындар ұйымының студенттері ақынның өлеңдерін оқып, өлеңдеріне жазылған әндерін орындап көрермендерді өз өнерлерімен тәнтті етті.
2016 жылдың 25-ақпаны күні Тарих және өнер факультетінде мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған тарихи-танымдық сайыс өтті. Сайысты 1 курс «Тарих» мамандығының кураторы Т.А. Еришева өткізді. Сайысқа Тарих және өнер факультетінің деканының орынбасары З.Н. Какимова, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Анасова, 1 курс «Тарих» мамандығының студенттері қатысты.
2016 жылы 25 ақпанда С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясында «Қазақ ұлттық айындарынан» областық оқу-практикалық семинар өткізілді. Бұл семинарды жүргізуге ДШСжТ факультетінің аға оқытушысы Какашев К.Т белсене қатысты. Мақсат: спорттық-көнсайыс жұмысты Қостанай облысы оқыту мекемелерде ұйымдастыру тәжиребенені насихатту. Міндеттер: қазақ ұлттық өйындарды жастар арасында жие өткізу.
2016 жылдың 24 ақпанында тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығы апталығының аясында аға оқытушы Ловцова Д.П. «Атамекен – алтын бесік» зияткерлік ойының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 1 курс студенттерімен өткізіді. Зияткерлік ойынның мақсаты: студенттердің білімдерін толықтыру, адамгершілікке, ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
2016 жылдың 22 ақпаны күні 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері өздерінің педагогикалық практикаларын қорғады. Онда өздерінің практика барысында алған білімдері мен біліктіліктері туралы жан-жақты баяндап берді. Оқушымен жұмыс барысында туындаған қиындықтарын айта отырып, оны жоюдағы әдіс-тәсілдермен бір-бірімен бөлісті. Пән бойынша ең тиімді болған әдіс-тәсілдерін айтып, оның нәтижелерін де дәлелдей білді.
Дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің студенттері арасында «Үздік студент» атты дәстүрлі байқауды қорытындыланды: 1. Сланов А. 3 ФКС 2. Акназарова А. 3 Туризм 3. Нурманова И. 1 Туризм 4. Гумиров В. 4 Туризм 5. Хорошевская В. 3 Туризм 6. Рсмаганбетова С. 1 Туризм 7. Ангамова И. 3 ФКС 8. Мельниченко В. 3 ФКС 9. Жумагулова Д. 1 ФКС 10. Круть Е. 1 ФКС
Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Ы.Алтынсариннің 175-жылдығына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар өткізді. 1 курс (Моторико Л.Г., Евдокимов Г.И., Какашев К.Т.) және 3 курс (Фоменко Н.В ) кураторлары бейне-дәріс өткізді. Студенттер әйгілі ақын шығармаларын оқып, «Teлқоңыр» күйін орындалған және Ұлы Ұстаздың білім беру қызметі туралы қысқа метражды фильм тамашалады. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар пікір алмасты.
Өз халқын сақтағысы келетін және болашағын ойлайтын қазіргі заманғы әр мемлекеттің құндылығы- отбасы, ал отбасылық өмірдің құндылығы - балалар болып есептеледі. 2016 жылдың 22 ақпанда тарих және өнер факультетінде «Права детей. Права и обязанности родителей» атты интеллектуалды ойыны өтті. Іс шарада «Тарих», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты. Интеллектуалды ойын қатысушылары неке-отбасы нормалары бойынша білімдерін көрсетті. Іс шараның модераторы Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Разуваева Марина Владимировна және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері.