4 наурыз күні факультеттің жігіттері ару қыздарымыз бен оқытушыларымызға арнап мерекелік концерт ұйымдастырып өткізді. Концерт барысын студенттер өлең оқып, ән шырқап, шағын қойылымдар қойып көңілімізді бір серпілтіп тастады.
2016 жылдың 03 наурызы күні 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттерінің өндірістік практикаларының қорытынды конференциясы өткізілді. Практика «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіндеөтті. Конференцияғаосы мамандықтың 2-3 курс студенттері шақырылды. Оғанстудент - практиканттардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды: (қабырға газеті, тақырыптық стендтер, карталар, кестелер, макеттер, суреттер, видеоматериалдар).
Мектептермен және жоо әректтесу жөнінде 2016 жылы 3 нуырыз айында ҚМПИ-дың педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалғымбекова Ә:Б. және мектепке дейінгі ,бастауыш, арнайы белім беру кафедрасының доценті, п.ғ.к. Лиходедова Л.Н. Аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен «Қостанай дарыны» Қарасу ауданында оқу- әдістемелік семинар өткіді. Осы семинарда орта мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде, тәрбиеге байланысты нормативтық құжаттарымен танысу «Тәрбиенің концептуалдық негіздері», «Сынып жетекшілерге арналған инструктивтік хат», «Мемлекет басшысының «Мәнгілік ел» шығармасын зерттеу негізіңде әдістемелік хат», сондай-ақ, Қазақстан Республикасыңдағы инклюзивтік білім беру жөніндегі мәселелер қарастылырды. Семинарға қатысушылар: сынып жетекшілер, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеіметтік педагогтар, дефектологтар, логопедтер, Қостанай облысының Қарасу ауданның жалпы білім беретің мектептерінің мұғалімдері.
Үстіміздегі жылдың наурыз, сәуір айларында ҚМПИ-ның «Жас сахна» студенттер театры өз өнерін тағыда халыққа паш етті. Биылғы жылдың алғашқы қойылымы Жұмагүл Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса...» атты мистикалық пьесасына қойылған спектальді сахналады. Нәтижесінде құрылғанына бір жыл енді болған жас театр үздік шығармамен студенттер мен қонақтарды таң қалдырды. Бүгінгі күннің өзекті тақырыбын көтерген шығарма көрермендердің ыстық ықыласына бөленгенін атап өткен жөн.
ҚМПИ студенттер үйінде ШТФ 100 студенті тұрады. 1 наурызда олар жөнделген бөлмелеріне көшті.Студенттер бөлмелердің эстетикалық түрінен, тұрмыстық жабдықтардан, жасалған жақсы жағдайларға қатты қуанды. Оларға жаңа тоңазатқыш,плиталар, жиһаз, душ кабиналары, кіржуғыш машиналар, сантехника орнатылды. Әр бөлмеде сан алуан каналдармен плазмалық теледидар орантылып, студенттерге жаңа ыдыс, төсек орын берілді. WI FI жұмыс істейді. Студенттер тұрмыстарын жақсартуда жасалған қолайлы жағдайға ат салысқан ректор мен қызметкерлерге өз ризашылығын білдіреді.
1 наурызда психологиялық-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Е.Н., Разумова Л.П., Байменова К.С. жетекшілігімен «Этнотолерантық білім беру мектебі кеңістік жағдайында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында ҚМПИ қазақстандық студенттер ғылыми-зерттеу тобының алғыс күнін мерекелеу туралы, базалық ММ «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» 7-сынып оқушылары үшін іс-шара өткізді.
2016 жылдың 1 науырызда психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Смаглий Т.И. психология және педагогика факультетінің оқытушылары үшін «Тәжірибелік-бағдарланған оқытудағы зерттеу әдісі» атты әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында педагогикалық мамандықтарының бакалаврын даярлауда тәжірибелік-бағдарланан оқытудың ерекшеліктері, зерттеушілік іс-әрекет пен оқыту үрдісін байланыстыру мәселелері талқыланды. Оқытушылар зерттеушілік пен оқытудың үйлесімділік алгоритмімен және психологиялық-педагогикалық пәндер циклін оқытуда сабақтарда оны қолдану тәжіриесімен танысты.
Бакалаврдың педагогикалық, өндірістік практикасы кәсіби мамандарды дайындаудажоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің ең маңызды бөлімі болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-4 курс студенттері Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясында педагогикалық және өндірістік практикаларынан өтті. Практиканың негізгі мақсаты – студенттерді пән мұғалімі және сынып жетекшісінің біртұтас қызметтерін орындауға дайындау.
29 ақпан 2016 жылы "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығының ҚМПИ 4 курс студенттері аға оқытушы Хамилина Е. жетекшілігімен сәндік-қолданбалы өнер Оригами "Өз қолдарымен" атты мастер-класс өткізілді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Тарих және өнер факультетінің студенттерімен мерекеге байланысты композиция және бөлмелерді безендіру арқылы жасалынды.
Қазақ өзінің ақын жазушыларын қадірлей, сыйлай білген халық. Соның бір негізі ретінде, ақпанның 29 жұлдызында 2016 жылы өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш өтті. Бұл кешті Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының кітапханасы ұйымдастырды. Поэзиялық кешке тарих, құқық және экономика негіздері факультетінің 1 курс студенттері Жақсылықова Нұрсұлу мен Әлібеков Сәулет қатысты