2016 жылы сәуір айының 6-8 жұлдызы күндері Тараз қаласында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен ҮІІІ Республикалық Пәндік Олимпиадаға 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттері проф. Аманжол Күзембайұлының ғылыми жетекшілігімен қатынасты. Тарихшылар командасынан 2-4 курс студенттері Айту Б., Нақыпов Б., Бектұрғанов Қ., Жусупов Қ. олимпиадада белсенділік танытып өз білімдерін жоғары көрсете білді. Олимпиада барысында, тарихшылар командасы «Ең үздік жоба» номинациясындағы марапатқа да ие болды.
2016 жылдың 7 сәуірінде «Педагогика және психология» мамандығының 1,3 курс студенттері арасында «А. Байтұрсыновтың өмір жолы мен қызметі» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өтті. Студенттер А. Байтұрсыновтың өмір жолы мен іс-әрекеті туралы фильмдер қарады, осыдан соң қараған фильм талқыланды.
2016 жылдың 7 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасы «Ровесник педагогикалық отрядымен бірге интеллектуальды эстафета өткізді. Іс шараның мақсаты: болашақ педагогтың – студенттің кәсіби педагогикалық қызығушылығын дамыту және студенттерді қалыптастыруда «Мен-концепциясы» кәсіби орнығуының құралы ретінде.
Бүгін 2016 жылдың 5 сәуірінде шетел тілдері кафедрасы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінен сәлемдеме алды. Оқытушылыр мен студенттердің қатысуымен ұзақ күтілген сәлемдеме ашылды. Кітаптар, журналдар, дискілер және карталар біздің қорда оқыту материалдары үшін таптырмас қосымша болды. Көптеген әдебиеттер облыстық конференцияға қатысушыларға ағылшын тілінің мұғалімдеріне және студенттеріне, студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға жүлде ретінде тапсырылады.
2016 жылдың 5 сәуірінде ҚМПИ-да педагогика кафедрасы ұйындастырған дәстүрге айналған студенттердің ғылыми-ізденіс конференциясы болып өтті. Конференция мақсаты: студентердің ғылыми-ізденістегі жұмыстарының қорытындысы болып табылды.
5 сәуірде 2016 жылы Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында Зияткерлік G-Global конференция түрінде дөңгелек үстел өтті, ұйымдастырған психологиялық-педагогикалық факультеті. Конференция тақырыбы халықаралық тәжірибе біріктіру мен тығыз байланысты "Қазахстан білімін біріктіру жаһандану жағдайында". Қазіргі уақытта жаһандану күннен күнге күшейіп келе жатқан білім беру саясатына ықпал етеді. Қатысушылар конференцияда жаһандану үрдістері, білім беру кеңістігінде Қазақстанның мемлекетаралық ынтымақтастық сұрақтарын талқыланды.
Педагогика кафедрасының апталығы бойынша 2016 жылдың 4 сәуірінде, сағат 13.30-да Этнопедагогика пәнінен тарих, музыкалық бөлім, биология мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы ашық сабақ өткізді
2016 жылдың 4 сәүірінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушылары Абишева С.К. мен Ловцова Д.П. ««Педагогика және психология», «Химия» мамандықтарының 3 курс студенттерімен Қазақстан халықтарының достығы» зияткерлік ойының өткізді. Зияткерлік ойының мақсаты Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімі мен Қазақстан Республикасы халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттері Қостанай облысы тарихи-өлкетану мұражайына 2016 жылдың сәуір айында барып, ондағы жәдігерлердің сырына үңілдік. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шықтық деп нақты айта аламыз. Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен.
Қостанайға көктем кеш келгені, қала жұртшылығына белгілі. Көктем айының шуағы мен жылулығын сағынған студенттер сарылып жүрген кез. Наурыз айының 31-нде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері көптен күткен көктем лебін сезінді.