2016 жылдың 28 - сәуірінде Жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығы 3 - курс қазақ бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұлт бірлігі –ұлы байлық» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
2016 жылы 27 сәуірде мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында аға оқытушысы Жилова Ю. П. және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттері "Діни экстремизм: алдын алу және болдырмау" тақырыбына іс-шараны ұйымдастырылды.
2016 жылдың 27 сәуір күні тарих және өнер факультетінде тарихшы және ғалым Ғалихан Жантөриннің туғанына 100 жыл толуына арналған студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын. Конференцияның толық мәжілісінде ғалымның бауыры Еленов Стахан, балалары Алия Ғалиханқызы, Марат Ғалиханұлы және немерелері, тарихшы-ғалымдар Аманжол Күзембайұлы, И.К.Терновой және студенттер қатынасты.
Денешынықтыру спорт және туризм факультетінің мұғалімі Самойлов А.А. 2016 жылдың 27 сәуірінде «Екі жұлдыз ҚМПИ» атты сайысында жеңіске жетуімен құттықтаймыз. Сайыста Самойлов А.А жұп болған 3 курс «Музыкалық бөлімінің» студенті Байдукенова М.
Жаңа инновациялық технологияларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу талаптарына сай 2016 жылдың 26 сәуірінде «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы апталығының бағдарламасы негізінде кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Оған Қостанай қаласының № 1, 9, 20, 115 орта мектептерінің және Қостанай ауданы, Семенов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
25 сәуірде 2016 жылы " мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Онда 2-ші, 3-ші және 4-ші курс студенттері, "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", "Дефектология" (қазақ және орыс тілдерінің) студенттері қатысты. Бұл көрме 25-29 сәуірде 2016 жылы өтіп жатқан психология және педагогика кафедрасының аптасын ашты
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінің әлем тарихы және қоғамдық пәндер апталығы аясында 22.04.2016 ж. сағат 10:30. 210-дәрісханада әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану магистрі Төлеу Паниязұлының ұйымдастыруымен өткен «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстелге «Математика-11», «Қазақ тілі және әдебиеті-12» топ студенттері қатысып ашық әңгіме өткізді. Іс-шараға арнайы шақырылған облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Тұралинова Роза ханым қатысып өз ойын ортаға салды.
2016 жылы 22 сәуірде студенттердің ғылыми жобалар сайысы өткізілді, сайысқа шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к. Данилова В.В. жетекшілігімен ШТФ 4- курс студенттері Беленко Д., Муштакова Е., Утенова А., Отебай У., Қазбекова М. қатысты. Жоба тақырыбы: «7 модуль» НИШ деңгейлік бағдарлама негізінде электронды портфолия әзірлеу арқылы болашақ шетел тілдері мұғалімдерінің ИКТ-құзыреттілігін қалыптастыру».
2016 жыл 22 сәуірде - дәл осы күн факультетаралык КВН лигасында ректор кубогі үшін жарыста шешуші күн болды. Кубогті жеңіп алғысы келгендер өздерін барлық жақтарынан көрсетті – таныстырудан бастап үй тапсырмаларын орындау сайысына дейін, олардың қатарында Костанай облысына танымал сайыскерлер қатысты.