2016 жылдың 22 қыркүйегінде Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, Педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі мамандықтарының 3 курс студенттері куратор Богданова Т.В. жетекшілігімен облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Студенттер музейдің 13 залымен танысты. Экскурсия жүргізуші Акимбаева У.Б. музейдің әр-бір залының тарихын түсіндіріп, әңгімеледі. Саяхат студенттерге аса қызығушылық тудырып, жақсы деңгейде өтті.
2016 жылдың 22 қыркүйегінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға-оқытушылары Ловцова Д.П. мен Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны өткізді. Қазақстан халықтарының тілдер күнің атау барысында тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы ұлтаралық рухани бірлікті нығайтуды және қазақ тіліне деген қызушылықты, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті. Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанда үштілділік маңыздылығы жеткізілді
Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты
2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында қосымша білім беру факультеті Тарих және өнер факультетінің «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 1-3 курс студенттерімен «Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты» тақырыбына кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович институттың тарихы және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жұмысы жайлы ҚМПИ мұражайында экскурсия өткізді.
2016 жылдың 22 қыркүйегінде студенттер үйінде психология-педагогикалық факультеттінің студенттерімен факультет деканы Н.А Айдналиевамен кездесу өткізілді. Кездесуде сонымен қатар факультет деканның орынбасары, Г.А. Алипбаевада қатысты. Кездесу барысында жатаханада тұру Ережесі және олардың құқығы мен міндеттері жайлы түсіндірілді. Сонымен бірге 3 және 5 қабатта тұратын студенттерден жауаптылар таңдалып алынды.
2016 жылдың 21 қыркүйегі күні Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғалымдар шақырады» клубының ұйымдастыруымен Торғай даласында болған 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына байланысты тағылымды жиын болды
2016 жылғы қыркүйек айының 16 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері, оқытушылары және қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының егемендігінің 25 жылдығына орай Денсаулық күні өткізілді
2016 жылдың 2-сінен 7 қыркүйегі бойыншы психология-педагогикалық факультеттінің 1-курс кураторлары (Жилова Ю.П., Богданова Т.В., Шалгимбекова А.Б., Нурова А.К., Григорова Ю.Б., Султанбекова Ж.Х.) өз топтарында алғашқы кураторлық сағаттарын өткізді, ҚМПИ студенттерінің сауалнамасын толтырды, студенттің әлеуметтік картасын, студенттің ар-намыс Кодексін оқып, топтарда кураторлық сағат жоспарына, топтар топ жетекшілерін сайлады және кредиттік технология жүйесі мен институтының ішкі тәртіп ережелерін танысуға мүмкіндік алды.
2016 жылдың 7 қыркүйегінде № 3 жатақханада тарих және өнер факультеті студенттерінің факультет деканымен кездесуі өтті. Кездесуге декан орынбасары Нүрпеисова Э.Т. және топ кураторлары Антаев Ж.Т., Елкей Н.Н., Есмагамбетова Ш.К., Сапиев А.С., Жусупова Д.Ж. қатысты. Кездесу барысында студенттерге Жатақханада тұру Ережелері- құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Кездесу аяқталған соң декан және топ кураторлары 2 қабатқа көтеріліп, студенттердің жататын және ас әзірлейтін бөлмелерінің жағдайларын қарап шықты.
2016 жылдың 1 қыркүйегінде А-205 аудиторияда Тарих және өнер факультетінің деканаты және профессор-оқытушылар құрамы 1 курс студенттерімен дәстүрлі жиналысын өткізді. Жиналыс барысында студенттер алдында факультет деканы т.ғ.к., доцент Балғабаева Г.З. және кафедра меңгерушілері т.ғ.к. Наурызбаева Э.К., т.ғ.к. Ярочкина Е.В., п.ғ.к. Сапиева М.С. сөз сөйледі, ал декан орынбасары тарих магистры Нурпеисова Э.Т. студенттерді қабылдау туралы бұйрықпен таныстырып шықты. Жиналыс соңында топ кураторлары тағайындалып, олар топпен жұмыс жасау мақсатымен аудиторияларға жиналды.