ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң жобасына 1 желтоқсанда атап өтетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін мерекелер тізіміне қосып қабылдады. Тарих және өнер факультетінің «Құқық және экономика негіздері» студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырды және «Тарих», «Бейнелеу өнері және сызу», «Құқық және экономика негіздері», «Музыкалық білім» мамандықтарының 1 курс студенттері арасында зияткерлік ойын өткізілді.

2016 жылғы 23 қарашада ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында қазақтың дәстүрлі шашуымен ұлттық киімдегі қыздар Қостанай облысына «Мәдениет диалогі» жастар лагерін өткізу аясында Челябинскіден келген қонақтарды қарсы алды. Ресей делегациясы құрамында Юлия Александровна Лапидус (Челябі облысы Достық үйінің директоры), Светлана Петровна Зверева («Дубрава» Славян мәдениеті орталығының жетекшісі), Венера Мухтаровна Шакенова («Арман» қазақ мәдени орталығының активисі), Анна Викторовна Герман («Видергебурт» неміс орталығы жастар бөлімінің жетекшісі), Р.К.Галоян, А.С.Саморуков, Н.Леганова сынды әртістер, ЧО Халықтар достығы үйінің өкілдері О.Г.Мохова және А.Г.Пунда келді.

2016 жылдың 22 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының холлында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2 курсында оқитын, Темірбекова Жібек және Мусабекова Сания талантты студенттерінің алғашқы көрмесі өтті. Көрменің ашылуында алғашқы сөз сөйлеу құқығы п.ғ.к., өнер кафедрасының меңгерушісі Сапиева Майра Саимовнаға берілді, ол көрсетілген жұмыстардың жоғары шеберлігі мен орындау техникасын, Қазақстанның заманауи өнері – жас таланттардың қолында деп айтып өтті. Әрі қарай ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н. өз сөзін жалғастырды, осы көрме ҚХА кафедрасымен өнер кафедрасының бірге жасаған жұмысының нәтижесі және біздің оқу орыны студенттері – жас суретшілер көрмелерінің бастауы деп айтып өтті. «Жібек пен Сания институтта оқитындығына қарамастан, олардың жұмыстары эмоционалды, мазмұнды және жеке көрменің ұйымдастыруына лайықты».

2016 жылдың 18 қарашасы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен академик М.Қ. Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияны институт ректоры, профессор Е.А. Әбіл өз баяндамасымен ашып берді. Жиынға «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Қожахметов, археолог-ғалым В.Ф. Зайберт және оқытушылар, студенттер қатынасты.

2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Халықаралық төзімділік күніне арналған «Заманауи қоғамдағы этносаралық және діниаралық төзімділіктің мәселелері» республикалық онлайн-семинар өтті. Семинар жұмысына 7 республикалық ҚХА кафедралары қатысты. Ұйымдастырушылар семинарға дайындық кезінде Қазақстанның батысын, шығысын, оңтүстігін және солтүстігін ұсынуға тырысты.

Тарихшы Манаш Қозыбаевтың туғанына биыл 85 жыл толып отыр. Еліміздің тарихын зерттеуде зор еңбек сіңірген ғұлама ғалымның мерейтойын жоғары деңгейде атап өту үшін 2016 жылдың 16 қарашасы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының бір топ ұстаздары ғалым дүниеге келген Меңдіқара ауданына арнайы сапармен барды. Мерейтойлық іс-шараның бастауы алдымен Красная Пресня ауылындағы Қозыбай ұрпақтары жерленген зиратқа құран бағыштаудан басталып, одан әрі Краснопреснен орта мектебінде жергілікті тұрғындардың, мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен өткен тарихи тағылымы мол кешпен жалғасын тапты. Кеш соңы ғылыми конференциямен аяқталды.

2016 жылдың 13 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және өнер факультеті «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері Мурзагалиев Руслан, Тулубаева Эльмира, Даниалова Әйгерим және Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В. және э.ғ.к., доцент Нурмаганбетова Л.И. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан пойызы» республикалық акциясының аясында Костанай облыстық Достық Үйінде өткізілген «Тәуелсіздік тарихы – ұлттық рухтың көрінісі және «Мәнгілік ел – Болашағы біртұтас ұлттың рухани негізі» атты дәріс – презентацияға қатысты.

Қоғамдық пәндер, экономика және құқық негіздері кафедрасы қосымша білім беру факультетімен бірлесіп 2016 жылдың 31 қазан мен 12 қараша аралығында ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдеріне арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері курсын меңгертудегі белсенді әдістер және интерактивті технологиялар» тақырыбында 2 апталық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

2016 жылдың 3 қарашасында 2016 жылғы түлектермен «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» және «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттерімен кездесу болды. Кездесуді ұйымдастырушы Богданова Т.В., «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары және түлектер педагогикалық қызметтегі өзекті мәселелерді талқылады.

Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғалардың бірін, ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту. Мемлекетіміздің осы мерейтойына байланысты 2016 жылдың 3 қарашасында «Тарих және Өнер» факультетінде Брейн-ринг интеллектуалды ойыны өткізілді. Интеллектуалды ойынға «Тарих», «Музыкалық білім», «Құқық және экономика негіздері», «Сызу және бейнелеу өнері» мамандықтарының 3 курс студенттері қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамына факультет оқытушылары кірді Дик Ф.Б., Ярочкина Е.В., Разуваева М.В., Нурпеисова Э.Т.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары