2016 жылдың 5 қазан айында Қазақстан Республикасындағы Отбасы күнін меркелеуіне арналған «Бір ел – бір отбасы» облыстық ғылыми форумы өтті. Бұл форум Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында өткізілді. Форум Қостанай шығармашылық Білім бөлімінің баллалар шығармашылығы мектебінде өтті. Бұл мерекеге қатысушылар: ата – аналар қоғамы, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері, «Өз елімнің тарихындағы өз отбасым» облыстық байқауының жеңімпаздары. Барлығы 120 адам.
2016 жылдың 5 қазан күні Н. Островский атындағы Қостанай қаласының кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Қостанай облыстық әкімдігінің Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде КММ 29 қыркүйек күні Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай «Қаһарлы 1916 жыл» атты музей сабағы өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Исенов және музей қызметкері Назима Оташева студент жастарға Амангелді Иманов бастаған 1916 жылығы көтеріліске қатысты тарихи құжаттар мен деректерден мәлімет берді. Музей сабағына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс студенттері қатысты.
2016 жылдың 29 – шы қыркүйек күні институтымыздың педагогика және психология факультетінде, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасындағы, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша білім алушы 1 – ші курс студенттері ұстаздарды мерекелерімен құттықтау мақсатында тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағатында факультетіміздің ұстаздары мен студенттеріміз қонақта болды. Ұйымдастырушы студенттер ұстаздарға арнап, ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатын ойдағыдай өткізді. Сонымен қатар, ұлағатты ұстаздарымыз да өз алғыстарын білдіріп, ризашылықпен қоштасты.
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастырумен 28 қыркүйекте Шымкент каласында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХҮІІІ республикалық байқауы өтті . Оған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1- курс студенті Камел А йдана қатысып, 1- орынды иеленді.
2016 жылдың 27 қыркүйегінде сағ. 15.00-де ҚМПИ акт залында «ТжӨФ студенттер қатарына қабылдау-2016» мерекелік іс шарасы өткізілді. Екі бөлімнен тұрған іс- шараны жоғарғы курс студенттері ұйымдастырды. Бірінші бөлімде концерттік бағдарлама өткізіліп, бірінші курс студенттері ән айтып, би билеп, өздерінің өнерлерін паш етті. Екінші бөлімде «ФИИ ойындары» атты сайыс ұйымдастырылып, бірінші курс студенттері түрлі сындардан өтті. Бірінші курс студенттері сахнаға абыройымен шығып, сый ретінде өздерінің «Студенттік билеттеріне» ие болды.
5В011200 «Химия» мамандығының 4-ші және 1-ші курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізілді (кураторлар: Жұмағалиева Б.М., Таурбаева Г.О., Байкенов Е.А.).
27 қыркүйек 2016 жылы «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері «Брейн ринг» интеллектуалдық ойынға қатысты. Аталған іс-шарада жоғары оқу орындары (ЧелМУ, ҚӘТУ, ҚМПИ) студенттері және М.Горький ат. гимназия оқушылары қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Департаменті және балалар мен жастар ұйымдарының Ассоциациясы болып шықты
2016 жылғы 24 қыркүйекте ҚМПИ жаратылыстану математика факультетінде студенттерді білім алып жүрген факультеті мен институтының өмірімен таныстыру және болашаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен ұғындыру іс-шарасы өткізілді
2016 жылдың 23 қазанында «Дефектология» мамандығы бойынша 1 курс студенттері (орыс бөлімі) топ кураторы Жилова Юлия Павловнаның ұйымдастыруымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Қостанай облысының тарихымен танысып, сонымен қатар археология залында болып қайтты. Ал 2016 жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мұражайында болды. Онда институттың тарихи мұрахаты қойылған көрмемен, оның атаулы күндерімен, институттың жылдар бойғы жетістігінің тарихымен және профессорлық-оқытушылық құрамының сіңірген баға жетпес ерен еңбектерімен, яғни олардың фотосуреттерімен, жеке заттарымен, монографияларымен, ғылыми баяндамаларымен, құрмет грамоталарымен және медальдарымен танысты.