2016 жылдың 6 қараша - 28 желтоқсан аралығында Кәмелетке толмаған балалардың бейімдеу Орталығының балаларға арналған кеңсе тауарларын жинауды мәлімдеген жерде Дефектология Күні мерекесіне арналған акция ұйымдастырылды. Психология-педагогика факультетінің көптеген студенттері акцияны қолдады және белсенді түрде қатысты.
6 желтоқсан 2016 жылы шет тілдері кафедрасының 4 курс студенттері Үштілділік мемлекеттік бағдарламасына арналған дөнгелек үстелге қатысты. Осы іс-шараның басты мақсаты-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үштілділік саясатын қолдау.Әр топ өз ойларын ортаға салып,мысал ретінде бірнеше жаттығулар көрсетті, яғни мектеп оқушыларымен қандай жүмыс жүргізуге болады екенін айқындады. Бұл іс-шараға көрермен ретінде қатысқан үшінші курс студенттері белсенділік танытты. Өткізілген дөнгелек үстел іс-шарасы жалпы үштілділік білім беру жүйесінің мақсаты мен маңыздылығын айқындады.
Қарашаның 28-нен желтоқсанның 3-і аралығында психология-педагогика факультетінің психология және дефектология кафедрасында СӨС аптасы өтті, апталықта "Психология", "Дефектология" және "ПжП" мамндығының 1,2 және 3 курс студенттері қатысты. СӨС апталығының аясында "Алгоколизм мен нашақорлық" тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесуге Қостанай облыстық наркодиспансердің тәлімгер психологы Решетняк Анна шақыртылды.
2016 жылдың 2 желтоқсан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында тарих ғылымының кандидаты Өтеген Ихсанұлы Исеновтың ұйымдастыруымен Жаратылыстану-математика факультетінің «Информатика» мамандығының 1курс студенттерінің қатысуымен Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Тобылды жырымен тербеткен ақын Серікбай Оспанов» атты тақырыпта ыбырайтанушы, ақын, сазгер, профессор Серікбай Оспановпен кездеу кеші өтті
2016 жылдың 02 желтоқсаны күні психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттерінің арасында «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбында бейнеролик пен презентациялар сайысы өткізілді. Сайысқа студенттер жан-жақты дайындалып, өздерінің жауапкершіліктерін таныта білді.
2016 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарих және өнер» факультетіндегі «Құқық және экономика негіздері», «Тарих», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары арасында «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өткізіліп, оған 1 курс білімгерлері қатысты.
30 қараша 2016 жылы №215 аудиторияда музыка мұғалімдерінің өнер бөлімі, өнер және қаладағы орта мектептердің редакциялық «Білім беруді модернизациялау жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру» атты тақырыбында семинар өтті.30 қараша 2016 жылы №215 аудиторияда музыка мұғалімдерінің өнер бөлімі, өнер және қаладағы орта мектептердің редакциялық «Білім беруді модернизациялау жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру» атты тақырыбында семинар өтті.
2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстандағы және іргелес аймақтардағы этноәлеуметтік үдерістер» халықаралық онлайн конференциясы өтіп, оған қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары Е.В.Ярочкина (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚП, №№ кафедрасының меңгерушісі), А.Б.Амантаева (философия ғылымдарының кандидаты, доцент), С.В.Назарова (саясат ғылымдарының кандидаты, доцент), Т.П.Панияз (аға оқытушы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі), О.Н.Евдокимова (педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі), ҚМПИ модераторы ретінде С.В.Самаркин (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қосымша білім беру факультетінің деканы) қатысты.
30 қараша күні 2016 жылы 508 дәрісханада «Филология» факультеті 1 курс студенттер қатысумен Тұнғыш Президент күніне арналған «Тұнғыш Президенттің күні» атты тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында түрлі сұрақтар қарастырылды: бағдарламалық стратегиялар «Қазақстан 2050», «Мәңгілік ел», «100 нақты қадам» ж.т.б. «Филология» факультеті 1 курс студенттері «ҚТжӘ» мамандығы Ізтілеуова М., Нұрлыбай Индира. Ашық сабаққа белсенді қатысты. Оқытушы: Амантаева Айгүл Бақытжанқызы ф.ғ.к., «қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері» кафедрасының доценті.
29 қараша күні 2016 жылы А-203 дәрісханада «Тарих және өнер», «Филология» факультетер 2 курс студенттер қатысумен Тұнғыш Президент күніне арналған «Мемлекеттік басқару жүйесінің ең үздігі» атты тақырыбы бойынша дебат ойыны өтті. Дебат ойын барысында түрлі сұрақтар қарастырылды: президенттік басқару нысанының ерекшеліктері, бағдарламалық стратегиялар «Қазақстан 2050», «Мәңгілік ел», «100 нақты қадам» ж.т.б. «Тарих және өнер» факультеті 2 курс студенттері «Тарих» мамандығы Мешітхан Ақжол, Тұрсынбек Балиа дебат ойынға белсенді қатысты.