2017 жылдың 11 - 12 ақпан аралығында Астана қаласында "Astana music games - 2017" атты музыкалық аспап орындаушыларының республикалық байқауы өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасында музыкалық аспап орындаушылығын дамыту, дарынды оқушылар, студенттер мен ұстаздарды анықтау және ынталандыру, музыкалық білім беру мекемелер арасындағы байланыс кеңістігін кеңейту."Музыкалық білім" мамандығының 2 курс студенттері Шегенова Асем (I орын), Кимельбаев Гизаттың (II орын) "Astana music games - 2017" республикалық сайысында лауреат атағын иеленулерімен құттықтаймыз.
Кафедра апталығының жоспары бойынша Информатика және КТ кафедрасы 2017 жылғы 10 ақпанында «Білім берудегі инновациялық технологиялары» (тренерлерді дайындау курстарының материалдары бойынша) ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесіп құрастырған деңгейлік бағдарламадағы модульдерді оқу үрдісінде қолдану сұрақтары.
2017 жылғы 9 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің базасында кафедра апталығы аясында Эразмус + Еуропалық одағы ортақ қаржыландыратын ACADEMICA халықаралық жобасының пилоттық тобына арналған семинар (Accessibility and Harmonization of Higher Education in Central Asia through Curriculum Modernization and Development ACADEMICA Project №561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP) өткізілді.
3.02.2017 ж. психология-педагогика факультетінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бойынша жиыны өтті. Жиында оқу-әлеуметтік тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жакаева С.А., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, Dph Қозыбаева М.М. және психология-педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Айдналиева Н.А. Елбасы Жолдауының төртінші және бесінші басымдықтарын жүзеге асыруда білім беру қызметкерлері үшін айрықша жауапкершіліктің жүктелетіндігін айтты.
2017 жылдың 8 ақпанында «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының апталығы аясында техника ғылымдарының кандидаты С.Г.Еслямовтың «Білім беруде сандық технологияларды қолдану: «Сандық» университет білім берудің жаңа сапасы ретінде» тақырыбында семинары өтті. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жыл сайынғы жолдауында «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді парламентке тапсырғанын еске салды. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.
2017 жылғы 8 ақпанда 5В011200 – Химия мамандығының оқытушылары мен студенттері «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасының «Тобыл таңы» таңғы бағдарламасына тікелей эфирге қатысу үшін шақырылды. 8 ақпан – ұлы орыс ғалымы, периодтық заңының авторы Д.И.Менделеевтің туған күні. Оқытушылар К.А.Абдыкаликова мен Г.О.Таурбаева бағдарлама жүргізушілерімен қоғам дамуындағы химия ғылымының маңызы, деннің саулығы үшін химияны білу қажеттілігі, мектеп, ғылыми мекеме және өндірістік кәсіпорындарға кадрлар даярлау бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасының жеткен жетістіктері туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар әңгіме мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруге де бағытталды.
2017 жылдың 7 ақпанында «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының апталығы аясында «Практикум решения задач по информатике» пәні бойынша ҚМПИ доценті А.Д.Цыганованың «Процедуры и функции обработки строк» тақырыбында ашық сабағы өтті. Оқытушы өз сабағында АКТ элементтерін және оқытудың белсенді әдістерін пайдаланды. Сабаққа академиялық сұрақтар бойынша Департаментінің өкілі, кафедра оқытушылары қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2017 жылғы 7 ақпанда «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математика лицейі» мемлекеттік мекемесінде өткен «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының табысты кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуеті» атты Т.Е.Даулетбаев атындағы мектеп оқушыларының VI аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы пәндік секциясының жұмыстарына әділ қазылар алқасы ретінде қатысты. Кафедра оқытушылары аталған білім мекемесінің әкімшілігі және ұжымымен көп жылдан бері бірігіп белсенді жұмыс атқарып, семинарлар өткізуде.
2017 жылдың 4 ақпанында институтымыздың мәжіліс залында оқытушылар мен студенттердің Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Қыдырбек Балнұр Балғабекқызы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, "Шабыт" қазақ ұлттық өнер университеті «Композиция» кафедрасының басшысы, Қазақстан композиторлар одағы филиалының төрағасы (Астана қ.) Әбдінұр Серікжан Құтымбетұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдинмен шығармашылық кездесу өтті.
03.02.2017 жылы филологиялық факультетте ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылауға факультеттің барлық ұжымы және тәрбие жұмысы және әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Ахметов Т.А. қатысты. Кездесу барысында филологиялық факультетінің деканы, ф.ғ.к. К.Қ. Есіркепова мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Карбенова З.У. жолдауға қатысып сөз сөйледі.