2016 жылдың 20 ақпанында мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушылары Ли Е.Д., Дайкер А.Ф., Бекмурзина Ж.М., Алипбаева Г.А., Кушмурзина Д.Х., Бисембаева Ж.К., Мукалиева Б.Х., Шевченко Г.В., Нурова А.К., Султанбекова Ж.Х., Хасенова Ж.О., Борщевская И.П., Жилова Ю.П. Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейінде өткізілген «Қазақстанның индустриалды-инновациялық табысты дамуының кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлуеті» тақырыбындағы Т.Е. Даулетбаев атындағы оқушылардың V Аймақтық ғылыми-конференциясына пәндік секция жұмыстарында әділқазылар ретінде қатысты. Кафедра оқытушылары өздерінің кәсіби шеберліктері мен шынайы қызығушылықтарын таныта білді.
Психология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. студенттермен бірге 2016 жылдың 20 ақпан күні кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Қостанай облысы бойынша өткізілген қайырымдылық іс-шарасында болды. Өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік және эстетикалық, патриоттық тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың әлеуметтік дағдылары мен түрлі жағдайларда өздерін ұстай білу қабілетін дамыту қайырымдылық іс-шараның басты міндеті болды. Қайырымдылық іс-шараның бағдарламасында концерт, сюжеттік-рөлдік ойындар, байқаулар мен би болды. Орталықта 3 жастан 15 жас аралығында 20-дан астам балалар өмір сүруде және олар өз таланттарын, шығармашылық қабілеттерін ашып көрсетуде мұндай кездесулер қажет. Балалар өте белсенді түрде бишілер мен әншілерге қолдау көрсетті.
ЖОО инновациялық жыл шегінде 19.02.16ж. жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 3 курсында аға оқытушы, биология магистрі Божекенова Ж.Т. «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша «Пигменттердің химиялық және оптикалық қасиеттері» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
Ақпан айының 19 жұлдызында Қазақ және Орыс филологиясы факультеті жеңіс тұғырында тағы да жалауын желбіретті. Табиғат, Сабина, Диана және Саидалар сынды керемет төрттік тапқыр әзілдерімен көрерменді күлкіге қарық етті.
2016 жылдың 18 ақпаны күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында жалпыреспубликалық патриотық акция өткен болатын. Акцияның мақсаты – әр қатысушының өз аватарына патриоттық стилде ерекшелік қосу арқылы жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылды.
ЖОО-да инновациялық жыл болуына орай 17.02.16ж жаратылыстану ғылымдары кафедрасында оқытушы, магистр Э.М.Ергалиева химия мамандығының 3 курс студенттері үшін «Биохимия» пәнінен «Ұйытқы және витаминдер» тақырыбы бойынша ашық семинар сабағын өткізді.
Қазақ халқының тұрмысының және ескі салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың сақталуы мен қайта жаңғыруы мақсатында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты ұранымен өткізілген «Қыран жігіт-Аққу қыз» атты факультетаралық байқау жоғары дәрежеде өткізілді. Байқау 2016 жылдың 17 қаңтар айында өтті.
2016 жылдың 17 ақпан күні Дене шынықтыру спорт және туризм факультетінде «мемлекет дамуындағы Әлихан Бөкейхановтың рөлі» атты кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға «Туризм» мамандығының екінші және үшінші курс студенттері қатысты. Кураторлық сағат студенттерге Әлихан Бөкейхановтың өмір баянымен және оның саяси қызметімен танысуға мүмкіндік берді. Кураторлық сағат барысында мынадай мәселелер талқыланды: Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны мемлекетті дамытудағы жолы туралы.
Бір ай бұрынғы қызу дайындық, шаршау, жан- жаққа жүгіру жеңіске жеткен күні қиналған күндер ұмытылады емес пе? Ақпан айының 17 күні сахна төрінде филология факультетінің нағыз талант иелері, өнерпаздардың шын бейнесі Бергенова Перизат пен Таңатқанов Табиғат. Сайыстың алғашқы кезеңінен бастап олардың өнеріне қанық болған жұрт арқасы қозып айқайлап, шапалақ соғып, қолдай жөнелді.
Ақпанның 16-17 жұлдызында Алматы қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 170 жыл толыуына арналған I республикалық студент ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің әр облысындағы жоғарғы оқу орындарының 33 ақыны бақ сынады. Екі күнге созылған айтысқа біздің оқу ордамыздан «Қазақ және орыс филологиясы» факультетінің 3- курс студенті ақын қызымыз Ақбаба Нәрия қатысып қайтты