29 қазан Қостанай жұмысшы жастары үшін маңызды күн болды. Қаламызда «Жас Отанның» бастамасымен жастардың екінші форумы болып өтті. Оған ҚМПИ-нің денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Ахметов Радхан, Батыргужин Амир қатысты.

2015 жылғы 27 қазан күні, ҚМПИ ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Бaймырзаев, 5В011300- Биология мамандығының 4 курс студентін Маруарова А. 3 орын алған үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан үшін дипломымен марапаттады.

Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Оспанова Ш.Б. мен Радченко Т.А. 2015-2016 оқу жылының басында, Ерсултанова З.С. мен Хасанова С.Б. 2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ҚР ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқып келді.

24-25 қазанда Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жектен «Ерік күші» турнирі өтті, финалда үздік қатысушылар өмірлеріндегі ең алғашқы чемпиондық белбеу үшін күресті. Осы жарыста біздің 4 курс студенті Александр Федосов 2 орынды иеленіп, финалға жолдама алды.

24.10.2015 жылы М.Горький атындағы мектеп – гимназиясында Новиков Виктор Николаевич доцентін еске алу кешіне арналған III Облыстық турнир болды. Турнир аясында 1-11 сыныптар үшін шахмат турнирі, 7-11 сыныптар үшін «Математикалық карусель», 9-10 сыныптар үшін физикадан интернет-олимпиада өтті.

«Серпін - 2050» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 23 қазан 2015 жылы Рудный индустриялық институтында Қостанай облысы оқу орындарының «Көшбасшы-Сардарларының» қатысуымен жиналыс өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық интитутынан жиналысқа 2 курс «Дефектология» мамандығының студенті студенті Әбілдаева Аяулым қатысты. Отырыста жан-жақты актуалды сұрақтар талқыланып және тыңдалды, олар: жатақхана орындарымен қамтылуы, оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізу барысы туралы, жоспарланатын іс-шараларды жүзеге асыру туралы.

2015 жылы қазан айының 23 жұлдызында Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының қабырғасында «Әлем тарихы» тақырыбында факультет аралық жайдарман-маусым ашар ойыны өтті.

Бұл күні әзілден өрмек өріліп, қалжыңнан қалта тігілді. Қазан айының 23-ші жұлдызында КВН ойыншылары мен көрермендері күлкі жәрмеңкесінде жүздесті. Командалар өз ойындарын бастағаннан- ақ әрқайсысының өзіндік стилі бар екендігін көрсетті. Ойынның әсерлі болғанын көрермендердің көңіл- күйінен, қол соғуынан байқау қиынға соққан жоқ.

2015 ж. қазанның 23 күні ҚМПИ мәжіліс залында барлық факультеттердегі студенттердің қатысуымен КВН өтті. Осы жылы ШТФ 1 курс студенттерінің «Жас New» атты тобы көзге түсті. Студенттер туған институтының сахнасында өлен айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Филология факультетінің ұлдар камандасынан балдар көлемі бойынша кішкене қашықтықта артта қалумен біздің тоб екінші орынға ие болды. Қыздар, шығармашылық табыстар және жаңа жеңістер тілейміз!

Ардақты студенттер! Шетел тілдері кафедрасында неміс тілінен «Deutsch mit Vergnuegen» үйірмесі жұмысын бастады және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттері шақырылады. Үйірме әр сәрсенбі сайын сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін жұмыс жасайды. Студенттерге елтану жоспары бойынша оқу ұсынылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары