2015 жылы 19 қыркүйек күні жаратылыстану – математика факультетінде жоғарғы курс студенттері институт табалдырығын енді ғана аттаған студенттерімізге оларды студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Шараның басты мақсаты: жас студенттерді факультет, институт өмірімен таныстырып, болашаққа деген ынтасын арттыру.

Дүниежүзілік денсаулық күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын спорт және денсаулық мерекесі. Қостанайдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанасының балалары бұл күнді асыға күтеді, өйткені олар түрлі спорттық жарыстарға қатысады, күні бойы далада таза ауамен демалады.

Қазақ және орыс филологиясы факультетінде қыркүйек айының 18 жұлдызы сағат 15:00-де факультеттің Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарына қабылданған 1 курс суденттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті Муразымова Лиля Өзбекстанның Бұхара қаласында бокс бойынша әйелдер арасында өткізілген халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді, сөйтіп, Қазақстан бокс құрамасының беделін асқақтатты.

2015 жылғы 11-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу салтанаты өтті. «Қазақ елі» монументі жанындағы алаң үлкен бір этноауылға айналды. Алаңда Қазақстанның барлық аймақтарынан келген өкілдердің қатысуымен көпшілік серуені ұйымдастырылды

Сегізінші қыркуйекте шетел тілдері факультетінің төртінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда бітіруші түлектерге таңдаған мекемелерінде болашақта жұмысқа орналасу құжаттарын рәсімдеуді таныстырды. Факультет деканы мектеп директорларынан алдын – ала жұмысқа орналастыру өтініштерін қабылдау мерзімін атап көрсетті.

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Италияның Арко қаласында, жасанды бедерде спорттық өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионаты өткізілді. Бұл дүбірлі додаға жер шарының 51 елінен 14 пен 19 жас аралығындағы ең мықты деген 1159 жас өрмелеушілер қатысты.

2 қыркүйекте 2015 бірінші курс студенттерімен деканның тапсырмасы бойынша кездесу болды. Оқытудың кредиттік жүйесі жөнінде Академиялық мәселелер департамент басшысы Н.Ю.Кифик таныстырды.Ол академиялық күнтізбе ерекшеліктерін, электронды журнал мен инновациялық Plotonus жүйесінің жұмыс істеуі туралы мәліметтер берді

1 қыркүйекте шетел тілдері факультетінің студентттері Білім күніне арналған салтанатты шараға қатысты. "Шетел тілі: екі шетіл тіл" мамандығына түскен студенттердің атынан «Алтын белгі» иегері Чунина Анна сөз сөйледі.

Француздар жағында... деп өлеңде айтылғандай, ШТФ-ның кейбір студенттеріне Франциядағы Перпиньян қаласының Via Domitia университетінде бір семестр оқуға тура келеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары