Тамызда Павлодар қаласында, Қазақстан Республикалық ІV-ші Параолимпиадалық ойындары болып өтті. Жарысқа елдің барлық аймақтарынан 594 спортшы қатысты. Жүзу, пауэрлифтинг, оқ ату, жеңіл атлетика, волейбол, стол теннисі, коляскадағы би сияқты 7олимпиадалық спорт түрінен өткен бұл сайыста 424 медаль комплектісі бәйгеге тігілді.
Барлық замандарда да көше биі ең стильді және техникалық би өнері болып есептелген. Ол жағымды эмоцияның белсенділігін және сезім ырғақтарын дамытады, адамның өзін танытуының тамаша мүмкіндігін туғызады, көптеген стильдердің басын біріктіре отырып, көптің білетін билерінің өзгешелігін паш етеді.
2015 жылдың 16 маусымында ҚМПИ-дің мәжіліс залында шетел тіл факультетінің түлектеріне салтанаттты диплом беру рәсімі өткізілді. Зал қонақтарға толы болды: ата-аналар, достар. Құрметті оқытушылар арнайы орындарда отырды
4 маусымда ШТФ-ның студенттері Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған облыстық форумына қатысты. Мерекелік бағдарлама кезінде Қостанай облысының көрнекті өкілдері салтанаттты сөздер айтып, қаламыздың әртістері концерттік бағдарламамен сахна төріне шықты. Жиналған ЖОО-ның студенттері патриоттық сөздерді мәнерлеп айтты. Аталған іс-шара патриоттық негізде өткізіліп, студенттерге игі эмоция, зор энергия, бірлік сезімін сыйлады.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай Жаратылыстану –математика факультетінің оқытушылары мен студенттері облыстық балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді.
2015 жылдың 27 мамыр күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қалалық ақындар айтысы өтті. Оған 2 курс студенті Ақбаба Нәрия мен 3 курс студенті Мұратбеков Алмас қатысты. Нәтижесінде Ақбаба Нәрия 3 орынды иеленіп қайтты.
2015 жылдың 8 мамыр күні ШТФ-нің оқытушылары мен студенттері калалық ауруханада емделіп жатқан балалар үшін ойыншықтарды жинау атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Белсенді катысушылардың қатарында француз тілінің оқытушысы Сухова А.Н. мен 4 курс студенті Аскарова Таншолпан. Аурухана басшылығы барлық катысушыларға өз алғысын білдірді.
2015 жылдың 6 мамыр күні студенттердің ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Шетел тілі факультетінен қатысқандар: Амирхамзина Ж., Касьнова Д., Захарова К., Жанбырбаева А., Коваленко А. Педагогика кафердарысының Иванова Е.Н., Байменова К.С., Разумова Л.П. оқытушыларының басшылығымен «мектептің білім беру жүйесінде этнотолераттық жағдайда қазақстандық патриотизді тәрбиелеу» атты ғылыми жоба өңделді.
30 сәуір күні бұрынғы КСРО мемлекеттері үшін маңызды мерекелердің бірі- Жеңіс күні кеші өткізілді.Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл жұмысшыларын құрмет көрсету рәсімі болды. Концерттік бағдарламада барлық факультеттердің студенттері қатысты.