2015 жылдың 17 сәуірде Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаратылыстану-математика ғылымдарын дамыту» аймақтық ғылыми – практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференция мынадай ғылыми бағыттардан тұрды: 1. Қазақстанның индустриалды даму шарттарындағы жаратылыстану пәндерінің дамуының өзекті мәселелері: биология, география, химия; 2. Математика, физика, кәсіптік оқыту және информатика пәндерінің инновациялық жетістіктері мен мәселелері, қазіргі қоғамдағы олардың рөлі мен мәні; 3. EXPO 2017 қазіргі қоғамды дамытумен бірге: технологиялық, әлеуметтігуманитарлық және білім беру аспектілері.
Сәуір айының 17 күні ҚМПИ барлық студенттері «Спорт сарайында» өткізілген 26 сәуір ҚР президенттік сайлауына қатысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған «Ұлт көсбасшысын жақтаушылар» форумы өткізілді. Бұл шараға елбасымыздың кандидатурасын қолдауға шақырған М.Құлмұхамед бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында елбасын қолдап дауыс беруге шақырған басқа да елімізге танымал тұлғалар болды.
2015 жылдың 15 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «2015 - ҚМПИ АРУЫ» байқауы болып өтті. Байқауға әр факультеттен кастингтен өтіп, финалға жолдама алған 8 ару қатысты. Аталмыш байқауға факультеттен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Китибаева Айдана қатысып, нәтижесінде «Сымбатты Ару» номинациясына ие болды. \
ҚМПИ шетел тілдер методикалық бюро факультетінің төрағасы Дощанова Б. М. 2015 жылдың 6-10 сәуірінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтта мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі болды.
АҚШ Елшілігінен 2015 жылдың 19 наурызда шетел тілдер кафедрасы кітаптық сәлемдеме алды. Кафедраға пайдалы және керекті ағылшын тілінде журналдар және ерекше тоқсанаралық English Teaching Forum, CD дисктар, басылымдары шетел тілдер кафедрасында жағымды оқиғалар болды.
2015 ж. 16-20 наурыз айында КМПИ-депедагогика кафедрасының апталығы өтті. 19 наурыз айында кафедра оқытушысы Шаймаганбетова А.Х. ашық семинарлық сабақ откізді. Ашық семинарлық сабақтың тақырыбы: «Өткен ғасырдағы жазба мұраларындағы халық тәрбиесі». Халық тәрбиесі тақырыбына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды, өткен ғасырдағы жазба шығармаға видео-фильм тұсірілді,жазба деректерден тәрбиелік мәні мол нақыл сөздерден ұзынділер оқылды,топтық әдістер қолданды,сың түргысынан ойлау технологиясы қолданды. Студентерге семинарлық тақырыптың тәрбиелік ролі зор, халқымыздың әдебиетеріндегі халық тәрбиесі құндылығың жоймай бүгінгі ұрпаққа асыл қазына.
Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғалымдары кафедрасында 19 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шара мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі «Наурыз мейрамы» жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
18 наурызда 2015 жылы Көптілдік орталығы мен тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығы Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің - Наурыз!» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты: қазақ халқының салт–дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сайысқа шетел тілдері, тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері қатысты
2015 жылы 18 наурызда тілдерді дайындау орталығы және оқу-методикалық кабинеті ШТФ-пен бірігіп қазақ халқының салт-дәстүрлерге арналған жарыс өткізді. Іс шара «Наурыз» мейрамына арналған. Тарих және өнер факультетінен, жаратылыстану-математика факультетінен, шетел тілдер факультетінен қатысушылар өнер көрсетті.