20 қазанда 2015 жылы ҚМПИ мәжіліс-залында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасын 1 курсқа педагогикалық квотабілім беру грантыбойынша түскен студенттерге түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Кездесуге облыс Дін істері бойынша департаменті, жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының өкілдері мен қалалық мешіттің имамы қатысты.

Көк аспанда қиқулап, үшбұрыш боп сап құрған тырналардың оңтүстікке қарай бет алғаны - біздің жерімізге күздің келгені. Табиғаттың осы бір тамаша құбылысын келер көктемге дейін, тырналардың қиқулап елге оралғанын есте қалдыру үшін, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында міне, бірнеше жылдан бері «Тырналар» күні мерекесін атап өту әдетке айналған

Қызылорда қаласында 14-20 қазан аралығында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблениясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV Республикалық фестивалінде дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің 2-ші курс студенті Асан Айсара қыз қуу ойынынан 1-ші орынды иеленді. Дене шынықтыру факультетінің аға оқытушысы Какашев К.Т. шәкірті Султанова Жанар асық атудан әйелдер арасында 1-ші орынды иеленді.

Денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің оқытушылары өздерінің кәсіби тәжірибелерінің және біліктіліктерінің арқасында Қазақстан құрама командасына мүше болуға лайықтыларды шығаруға күш салады және әртүрлі деңгейдегі жарыстардың төрешілерін дайындайды. Атап айтқанда И.А Шиловтың пауэрлифтингтен әйелдер мен ер адамдар арасындағы Азия чемпионатында спорт төрешісі болғандығы, ал И.П. Сивохиннің ауыр атлетика бойынша Гонконг қаласында өткен Азия Чемпионатында қазылар командасының мүшесі болғандығы ұстаздар еңбегінің жемісі.

18 қазанда президенттік миляға соңғы жарыстар өтті. Сондай-ақ президенттік миля 2 км 400 м ұзындығын жүгіру болатын. Осындай жарыс барлық республика бойынша кім де кім салауатты өмір салтын жүргізу үшін жоба ретінде, үлгі ретінде өткізіледі.

2015 ж. 17 қазанда Затобол мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімдерімен «12 жылдық оқуға көшуіне дайындық: ағылшын тіліне интегративтік оқыту және арнаулы контентке (CLIL)» семинары өткізілді.

Сапиев А.С. мұғалімінің тарих және өнер факультетін «бейнелеу өнері және сызу» мамандығындағы студенттерімен бірге Л.Н. Толстой атындағы кітапханада 15 қазан күні сағат 15.00-де « Шегі жоқ шығармашылық» атты сурет көрмесі өтті. Көрмегі көп қонақтар қатысты, тарих және өнер факультетінің деканы Балғабаева Г.З. құттықтау сөзін сөйледі Музыкалық білім мамандығының 3 курс студенттер кешті әсем әнмен әрледі. Біздің болашақ суретшілерімізге шығармашылық табыс және дағы өмірлері жарқын сәттерге толы болсын деп тілек білдіреміз.

Ағылшын кафедрасының негізінде шетел тілдері факультетінің бірінші курс студенттеріне арналған "English speaking club" атты клубы ашылды. Кездесулер әр дүйсенбі сайын сағат 12.30-да өткізіледі. Сабақта студенттер күнделікті қарым-қатынаста болып тұратын түрлі жағдайларды талқылайды және баяндамалар дайындайды. Бұл кездесулер студенттерге ауыз екі сөйлеу икемдерін нығайтуға және ағылшын тілінде түрлі жағдайларда қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

2015 жылғы 8-11 қазан аралығында өтілген, FORMULA 1 ГРАН-ПРИ РЕСЕЙ 2015 үшін волонтерлар 5000 өтінім берген адамның ішінен таңдап алынды. Корольдік жарыстарда ресейліктермен қатар ерікті көмекшілері ретінде Колумбия, Үндістан, Қытай жастары болды; ал Қазақстанның өкілі «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Хорошевская Виктория болды.

2015 жылғы 9-12 қазан аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері (туризм 1-4 курс) ҚМПИ демалыс базасында оқу-жаттығу сабақтарына қатысты. 9 қазан күні ҚМПИ демалыс базасына дейін студенттер 27 км жолды жаяу жүріп өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары