2015ж. 13 қаңтар айында шаңғы базасында үстелдік теннис ойыны ұйымдастырылды. Факультеттің намысын қорғау үшін Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының лаборанты Сатбаева А.Т. сенім арттырылды. Белсенді, қызығушылық ойнау барысында Шетел тілдері факультеті үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
2015ж. 12 қаңтарда 619 ауд.Спартакиада аясында оқытушылар мен ҚМПИ қызметкерлер арасында шашки турнирі өтті. Оған Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Кусаинов С.С. және лаборант Ким В.В. қатысты. Қиын комбициясына қарамай, ойыншылардың қызығушылығы артылғаны байқалды. Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз!
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні – тәрбиенің теоретикалық негіздер аумағында студенттердің білімін тереңдетіп, жүйелендіріп және тәрбие әдістемесі мен технологиясы аумағында білімдер қалыптастыруға, жалпы мектеп жағдайының жүйесі ретінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың алдыңғы тәжірибелерімен таныстыруға арналған арнайы курс болатын. Бұл курсқа жетекшілік еткен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалғымбекова Әлия Батырхановна. Сабақ барысы практикалық түрде өтті. Болашақ жас мамандар үшін бұл пәннің ықпалы өте зор. Бұның дәлелі – топтағы әрбір студенттің шығармашылық қабілетінің ашылуы
Желтоқсан айының 24 жұлдызында, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған, «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген тақырыпта интеллектуалды сайыс өтті. Ойын еліміздің тарихы, саяси жағдайы, салт-дәстүрлері бағыттарында студенттердің білімін тексеріп нығайту, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында өткізілді.
2014 жылы 12 желтоқсанда "Математика" мамандығының М-21 тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіздігінің 23-жылдығына арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты тәрбие сағат өтті. Студенттер әң шырқады, тақпақтар оқыды, Куникеева Динара күй тартты, Тайжанова Алтынқыз бен Исмагулова Айнагүл елдің негізгі атаулы тарихи күндеріне қатысты ойын өткізді, Әлшериев Бектұрсын Қайрат Рысқұловтың бейнесін "Қайрат Рысқұловтың тұтқындалуы "көріністе өте жақсы көрсетті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 23 жылына орай 2014ж. 12 желтоқсанда «Математика» мамандығы М-21 тобында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбы бойынша кураторлық сағат жүргізілді. Студенттер ән айтып, өлең жолдарын жатқа айтты, Куникеева Динара домбырада күй ойнады, Тайжанова Алтынқыз және Исмагулова Айнагүл тарихи оқиғаларына байланысты ойын өткізді.сонымен қатар Әлшериев Бектұрсын «Қайрат Рысқұловтың тұтқындалуы» қоылымында Қайрат Рысқұлов образын өте жарқын сомдады. Кураторлық сағат «Желтоқсан шері» видеосымен аяқталды, ол видеода Қазақстан халқы қалай тәуелсіздікке қол жеткізгені жайлы болды.
2014 жылдың 11 қарашасы күні 2 курс «ҚЭН» мамандығының студенттеріне Әлем тарихы және жалпы қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бухметова А.А. Тәуелсіздік мерекесіне орай «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Студенттерге тақырыпқа байланысты презентация көрсетілді. ҚР Тәуелсіздік алған уақыттан бергі 23 жыл аралығындағы тарихы студенттерге айтылды. Түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Фотосуретке түсірілді.
2014 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ және орыс филологиясы факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қостанай ауданы Жданов орта мектебінде «Шағын жинақталған мектеп қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - шағын жинақталған мектептің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін анықтай отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ЖОО-дағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру мазмұнының сабақтастығын арттыру негізінде оларды шешу жолдарын анықтау.
2014ж. 10 желтоқсанда 320 ауд. 2-3 желтоқсанда өткен 5В011900 «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенттер арасында ағылшын тілінен олимпиада иегерлеріне мадақтама ұсынылды. Жеңімпаздар Рузенфельт Евгения – 44АР тобы (1 орын), Рахимова Асем – 41 АК тобы (2 орын), Сапаргалиева Азиза - 44 АР табы (3 орын). 4 курс Эдвайзері және олимпиада ұйымдастырушысы Балжанова А.М. және аға оқытушысы Асанова А.Б. студенттерге ағылшын тілі мен мәдениетін өте жақсы білуіне байланысты мадақтамаұсынды.
10 желтоқсанда 320 ауд. ШТФ деканаты қысқы емтихандық сессиясы бойынша 1 курс студенттерімен курстық жиналыс өткізді. ф.ғ.к., доценті, декан Дорошок Е.Л. әсіресе Қазақтан тарихынан мемлекеттік емтиханды жақсы тапсыруын тіледі. Студенттер емтихан ережелеріен танысты.