2014 жылдың 20 қарашасы күні тарих және өнер факультетінде 15.00-де «Тарих», «ҚЭН», «Шет тілдері» мамандығының студенттерінің тың игеру жылдарының куәгерлері, қостанайлық ардагерлермен кездесуі болып өтті. Кездесу кешінде сөз алған Лемберд Леонид Федорович, Мейеров Леонид Матвеевич сынды ардагер-тың игерушілер студенттерге тың игеру жылдары тарихынан, сол жылдары кездескен қиындықтары мен жетістіктерін сөз етті. Өкінішке орай, кездесуге облысымзға белгілі ардагер Куприянов Николай Гаврилович келе алмады. Қазіргі таңда тың игеру жылдары еңбек еткен ардагерлер саны азайып кеткені белгілі.

2014 жылдың 18 қарашасы күні институттың акт залында г.ғ.д., ректор Баймырзаев Қ.М. жалпы институттық жиналыс ұйымдастырып, география ғылымының докторы, институт ректоры К.М. Баймырзаев өткізген жалпы институттық жиналысқа факультет студенттері жиналды. Жиналыс ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол» жолдауын талқылауына арналды. Балалар Қостанай қаласының әкімі А.М. Ахметжановтың, тарих ғылымының кандидаты С.В. Самаркинның және жоғары курс студенттерінің баяндамасын ілтипатпен тындады.

18 қарашада география ғылымының докторы, институт ректоры К.М. Баймырзаев өткізген жалпы институттық жиналысқа факультет студенттері жиналды. Жиналыс ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол» жолдауын талқылауына арналды.

17 қараша Халықаралық Ойын күйіне байланысты «БОПӘ» мен «МДОжТ» мамандықтарының студенттері Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында М. Горький атындағы драма театрының актерлерімен өткізілген актерлік шеберлік және сөйлей білу мастер-классына қатысты.

2014 жылы қарашаның 14-ші жұлдызында ф.-м.ғ.к., Демисенов Б.Н. ұйымдастыруымен «Математика» мамандығының 3-4 курс студенттерінің арасында математикалық сайыс өткізілді. Нәтижесінде 4 курс студенттері жеңіске жетті.

2014 жылдың 14 қарашасында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Дефектология» мамандықтары бойынша 1 курс студенттерімен «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – ТЕҢГЕ» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна тәрбиелік іс шара ұйымдастырып өткізді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – «Теңгенің» енгізілу тарихы туралы білімдерін нығайту, түсініктерін кеңейту және елін, жерін, халқын, оның тарихын құрметтеп, сүйіспеншілік таныта білуге, сонымен қатар елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатында танымдық әрекетте өтті.

13 қарашада «Фифи» бедвочерлер клубы ҚМПИ ҒЗО ЭБМ/А Ұ Науырзым және РҚҰ ҚБСА тырна Күнін дәстүрлі түрде мерекелеп өтті. Бұл мерекеде жаратылыстану-математика факультетінің «Биология», «География» мамандығының 1-курс студенттері және жоғары курстар да білім алатын клубтың мүшелері белсенді қатысты.

2014 жылдың 13 қараша айында МНМ-нің оқу үрдісін ұйыдастыру барысында әдістемелік көмек көрсету үшін МНМ-іне барды. Кафедраның оқытушылары Шакеева Р.Ж., Уразымбетова Б.Б., Байкенов Е.А., "Биология" мамандығының 4-курс студенті Алина Ақнұр шағын мектептер мәселелері жөнінде Қостанай ауданының Молокановка негізгі мектебіне барып келді.

Қарашаның 12-ші жұлдызында «Химия» мамандығының 2 курс студенттері «Ы.Алтынсарин атындағы мектепке 150 жыл» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. «Химия» мамандығының 3 курс, 1 курс студенттері және оқытушылар Жұмағалиева Б.,Абдыкаликова К., Ергалиева Э. қатысты. Ахметова А, Ахмет А, Ардакова Э, Молдашева А, Райымқұлова М, Бекбенбет Ж баяндамалар жасады. Мади Р. Бұл мектептің ашылуына Б.А.Бірімжановтың ата-бабаларының қосқан үлесін айтты.

2014 жылы 12 қарашада үйірме жетекшілері т.ғ.к.,доцент, ҚМПИ профессоры Духин Я.К., т.ғ.к., сырттай оқыту факультетінің деканы Самаркин С.В., т.ғ.к., доцент, Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ярочкина Е.В. мен «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері (Башпаева Кымбат, Жикеева Асель, Абенова Юлия, Сулейменова Айгуль, Дауренбекова Ильнара, Бейсенбеков Мирас, Дукеев Ержан, Жолтаев Арман, Сапарова Сара, Шаржанова Назира, Скварко Наталья, Алимгазина Айгерим) қатысуымен ҚМПИ-ң 75 жылдығына арналған тарихи кеш өткізді. Факультет студенттері өздерін педагогикалық институт тарихы жайлы жақсы білімдер көрсетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары