110 желтоқсан күні шетел тілдері факультетінде Тұңғыш Президент күніне арналған эссе, өлеңдер мен презентацияларға арналған шығармашылық конкурс өтті ,сонымен қатар марапаттау рәсімі болды. Шетел тілдері факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Дорошок Е.Л. ел үшін маңызды мереке екендігін атап өтті,студенттерді құттықтап, барлық салаларда өзін таныта, өз елінің патриоттары болады деп сенім білдірді.Белсенді бірінші және үшінші курс студенттері қатысты.

2014 жылдың 8 желтоқсанда өткен институт, факультетаралық «Жайдарман» ойынында факультеттің намысын қорғап, І орынды жеңіп алған факультет студенттері Таңатқанов Табиғат, Умиртай Есбол, Шугубаев Жалғас, Әлихан Еркебулан, Жолтай Азатты жеңістерімен құттықтаймыз! Өнер жолында сәттілік, шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз.

8.12.14. ФМжЖТП кафедрасы Қостанай районы «Садовый негізгі мектебінің » ММ жоғарғы санатты физика мұғалімі Нестеренко Степан Степановичпен кездесу ұйымдастырылды. «Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруы» атты әдiстемелiк құралдың авторы «Физиканың сабақ беруiнде инновациялық технологиялар» тақырыбына 5В011000-Физика мамандығының төртінші және үшінші курс студенттерінің белсендi қатысуымен семинар өткізді.

2014 жылдың 4 желтоқсан күні институт кітапханасында тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі» деп аталатын зияткерлік ойын өтті. Ойынға институтымыздың барлық факультеттерінің 1 курс студенттері қатысқан болатын. Осы сайыста тарих және өнер факультетінің 1 курс студенттері жүлделі І орынды иеленді.

2014 жылдың 4 желтоқсанының бас тарихтың және өнердің факультетінде чемпионат ша мини- футболға ара «тарих» деген мамандықтың 1-4 курсының студенттерінің арасында өтіпті, «ОПиЭ», «Музыкалық білім»,»ИИиЧ» «Тарих», Қазақстан республика және ұлт көсем Н.А бірінші президент күн мейрамда арнаулы Назарбаева. ара чемпионатта ша минифутболу 5 команда : "Локмотива" деген команда 4 курс, 3 курстың "Ливерпульсы" командасы, 2 курстың "достары" деген команда қатыс-, "Канатовцы" деген команда 1 курс және оқытушы команда "тау тасбақа". арада нәтижеде ара чемпионатта жең-, бірінші жерді қарызға алған оқытушының командасының, екі жер "Канатовцы" бірінші курс команда ауыр соқ-, үш жер үш курс команда қарызға ал-. Алды шабуылшы ша қорытындылар чемпионаттың мойында- Жанибек Жанғожины болды, атақ "алды қорғаншы" же- студентке Хасенов Айдосқа.

Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Сонымен қатар, студенттер үшін ол театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға, шабыт беретін орын. Осыған орай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4 күні студенттердің ұйымдастырылуымен алғаш «Жас сахна» театры ашылды. Театрдың көркемдік жетекшісі - педагогика кафедрасының аға оқытушы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызы. Тұңғыш қойылым қазақтың заңғар жазушысы Дулат Исабековтың, төл туындысы «Әпке» атты керемет драмасы мен ашылды.

2014 жылдың 03 желтоқсаны күні сағат 18:30-де Студенттер үйінің акт залында тарих және өнер факультеті студенттерінің қатысуымен факультет жиыны болды. Оған факультет деканы Балғабаева Г.З. және декан орынбасары Елкей Н.Н. қатынасты. Жиын барысында студенттердің жағдайы, тәртібі, бөлме тазалығы, емтиханға дайындық мәселелері сөз болды. Студенттер сұрақтар қойды. Жиынға барлығы 46 студент қатысты.

2014 жылдың алғашқы күні Қазақстан үшін мереке күн болып саналады. Мемлекетімізде 1 желтоқсан ресми түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні болып табылады. 2014 жылдың 28 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде Тұңғыш Президент күніне орай Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушыларының (Айдналиева А.Т., Разуваева М.В., Рағатова М.О.) ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

2014 жылдың 28 қарашасы күні сағат 14.30–да 424 аудиторияда Информатика мамандығының қазақ бөлімінде «1-Президент» күні мерекесене арналған «Тұңғыш Президент тағылымы – ел жастарының танымы» атты бірлескен кураторлық сағат өткізілді.

2014 жылдың 28 қарашасында 814 аудиторияда Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» және «Биология» мамандықтарының 2-4 курс бойынша қазақ және орыс топтарының студенттерінің қатысуымен тұңғыш Президент күніне арналған «Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында куратор сағаты өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары