2014 ж. 12 қарашада «Биология» (3к) мамандығының көптілділік тобында «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» тәртібіне ашық сабақ өткізілді. Студенттермен ұйымдастырылған тәрбиелік жиынға педагогика каф. мең. – Б.М. Утегенова, шетел тілдері каф. мең. М.И. Кудрицкая және шетел тілдері каф. аға оқытушысы

2014 жылы 5-қарашада ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде Бүкіл әлемдік жүрек күніне арналаған қанайналым жүйесі ауруларын (ҚЖА) алдын-алу мақсатында «Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу» атты акциясы өткізілді.

2014 жылдың 05 қарашасы күні «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» атты бейне роликтер мен презентациялар сайыс кеші өтті. Сайыстың мақсаты - 1 курс студенттерін оқу орның тарихымен таныстыру.

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенті Рыбалко Софья Андреевна Павлодар қаласында бодибилдинг, фитнес бойынша юниорлар арасында өткен ҚР чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Рыбалко Софьяға бодифитнес бойынша спорт шеберлігінің кандидаты СШК атағы берілді. ППФ жас спортшыны жеңісімен құттықтап, спортта және оқуда жетістіктер тілейді.

31 қазан 2014 жылы сағат 12:30-14:20 710 аудиторияда "Cytology and histology"дисциплинасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ түрі: лаборатория.

2014 жылдың 31 қазанында Балалардың қосымша білім алатын аймақты оқу – әдістемелік орталығы, Қостанай облысы әкімділігінің білім басшылығы және ҚМПИ, тарих және өнер факультеті, өнер кафедрасыны, оқу шеберхана корпусында «Жас дарын» облыстық сайыс қорытынды кезеңі өтті. Сайыс бейнелеу өнері және декоративті-қолданбалы өнер «Жас дарын» атты - «Мен және менің отбасым» тақырыбында өткізілді.

Осы айдың 30 қазанында Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйінің акт залында әнші Гүлнұр Оразымбетованың «Арманым-ай» атты ән кешін тамашалауға факультеттің оқытушылары мен 1 курс студенттері барды. Ән кеші сазды да, сырлы әуендерге толы болды. Әнші репертуарындағы жаңа әндерді тыңдаған ән сүйер қауым бір серпіліп қалды. Студенттер де әншінің өнеріне тәнті боп, кеш соңында естелікке әншімен бірге суретке түсті.

2014 жылдың 29 қазанда «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1,2 курс студенттер» Ы. Алтынсарин атындағы қалалық кітапханада өткен әдеби жәрмеңкеге қатысты. Студенттер әдебиет пен өнер әлеміне ене отырып, рухани байлықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Олар жаңа әдебиеттер көрмесімен танысып құршақ театыры жұмысы бойынша өткізілген мастер класына қатысты. Түрлі викториноларға белсене қатысып нәтижесінде сыйлыққа кітаптар алды.

Алда келе жатқан жұмысқа орнықтыру бойынша бітіруші курс студенттерін де көптеген сұрақтар туды. 27 қазанда өткен студенттердің курстық жиналысы кейбір студенттерге жұмыс орнын дұрыс анықтауға көмектесті. Жиналыста декан, к.ф.н. Е.Л.Дорошок студенттерді керекті құжаттарды дайындап тапсыру мерзімімен және жұмыс орнына бағыттау ережелерімен таныстырды. Тәжірибе және жұмысқа орнықтыру бөлімінің бастығы А.Б.Нурушева студенттердің болашақта тандайтын жұмыс орындары жайлы және магистратурада оқуларына байланысты сұрақтарға жауап берді.

2014 жылдың 24 қазан күні «Жаркөл» ауданында облыстық ақындар айтысы болып өтті. Бұл айтысқа факультетімізден жас ақын, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Ақбаба Нәрия қатысып қайтты. Айтысқа әр елден іріктелген 10 ақын қатысты. Ақбаба Нәрия осы айтыста барлық ақындардан оза шығып, ойға жүйрік екенін дәлелдеп, жүлделі 1-орынға ие болды. Жүлделі ақшалай сыйлыққа, арнайы мақтау қағазына ие болды. Өзіміздің ЖОО орнының атынан шығып, намысты қолдан бермей абыроймен оралған Нәрияға алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілейміз. Айтыстың аруы – Ақбаба Нария- болашақта шабытың шыңдалып, тек қана алға өрлей бер !!!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары