2014 жылдың 19-21 мамыр аралығында Қазақстанда РУОЦ «Балдаурен» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР АССАМБЛЕЯСЫ «ДАРЫН XXI ҒАСЫР» өтті. Ұйымдастырушы - Шығармашылық бастаманың орталығы «Art aspect» қолдауымен: - Астана қаласы Қазақстан Республикасының композиторлар кеңесінің филиалы. - Қарағанды облысы композиторларының қоғамдық бірлестігі «Балауса»
Жұмысқа орналастыру ол тек түлектердің маңызды қадамы емес ол оқу орнының әрекетшілділігі. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы, жоғары оқу орнының бәсекеге қабілетті және талапқа сай екендігін көрсетеді. 2014 жылыдың 15-16 мамырында ҚМПИ-да шетел тілдері факультетінде түлектерді орналастыру өтті.
Қоғамымызда соңғы жылдары болып жатқан өзгерістер білім сапасын жаңа қырынан қайта қарауға мәжбүрлейді. Жаңа білім беру жүйесінің міндеттері тек жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, білім, біліктерін жетілдіру ғана емес, тез өзгеріп жатқан техника мен технологиялар, еңбекті ұйымдастыру жолдарына бейімдеу болып табылады. Бұл проблемалардың шешімі білім мазмұнын жаңартуда, білім беру мақсаттары мен нәтижелерін қайта ойластыруда жатыр.
Шетел тілдері факультетінің 2 курс студенті Алдабергенова Дана Алматыдан бестік бағалармен оралды. 4 семестрді Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар универсететінде студенттердің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыды. Дана жазғы емтихандардың барлығын «А» бағасына тапсырып, ҚМПИ әкімшілігінің оған деген артқан зор үмітін ақтады. Сонымен қатар, ол универсететтің оқу және қоғамдық өміріне белсенді қатысып, тілдер олимпиадасында 3 жүлделі орынға ие болды.
Заманауи мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, компьютерлік технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын мұғалім. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру ұйымдарында электронды портфолио жүйесін енгізу кеңінен қолданыла бастады.
Мамыр айының 9-шы жұлдызында ЖМФ ұжымы ҚМПИ қызметкерлері тобы құрамында, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс Күніне арналған салтанатты шеруге қатысты. ҰОС қатысушыларына құрмет көрсету ретінде «ҰОС жылдарында қаза болғандар» мемориалына гүл қойылды.
«Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Тобылұлы Азат пен Семашко Анна Жалпырессейлік (Халықаралық байқау) вокальдық байқауда дипломант атанды. (жетекші – аға оқытушы Жакаева К.А., концертмейстер – оқытушы Турлубаева Д.К.) Студенттермен және оқытушылар дипломмен марапатталып естелікке сыйлықтар алды. Өнер кафедрасының ұжымы алдағы уақытта студенттермен оқытушыларға шығармашылық табыс тілейді.
ҚМПИ 2014 жылдың 05 мамырында мәжіліс қонақ бөлмесінде Женіс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҰОС қатысқан келесі ардагерлер шақырылды: Сағындықов Шайдулла Сағындықұлы, Киселева Анна Игнатьевна, Носкова Вера Степановна, Терновой Иван Кондратьевич, Скрынский Иван Михайлович, Артыков Марат Абдиұлы. Оқу – әдістемелік проректоры профессор, доктор, PhD М.А.Төлеген ардагерлерді Женіс күнімен құттықтап, соғыстың қиын жылдары жасалған еңбектері үшін алғысын білдірді. И.К.Терновой студенттерге жолдаған сөзінде милиондаған адамдардың өлім бағасымен алынған бебітшілікті сақтап қалуларын сұрады.
2014 жылдың 30 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына арналған «Музыкалық сувенир» атты фортепианалық концерт өткізілді. Концерті уйымдастырушы өнер кафедрасы педагогика ғылымдырының кандидаты м.а. доцент Белозер Л.П. Концертке Республикалық және Халықаралық байқауының лауреаты п.ғ.к. Белозер Л.П., концертмейстер Акбужурова С.Ж., 2 курс студенттері – Наталья Петруня, Лаура Шалабаева, Анастасия Кривоногова., 3 курс студенттері – Екатерина Гладкова, Анжелика Завацкая, Олеся Марченко және Жалпырессейлік студенттер байқауының дипломанты - Юлия Бушмакова, Анна Семашко қатысты. А.Дворжака, Н.Римского-Корсакова, Г.Свиридов, И.Брамс, К.Дуйсекеев, А.Пьяцолла сияқты атақты және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды.
«IT-Universe» ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық студенттік Олимпиада (Халықаралық ІТ-Олимпиада) әлеуметті мәнді жоба ретінде қарастырылады. Ол кәсіби шеберлікті, ақпараттық технологияларды (АТ) , оларды тиімді қолдану әдістерін жетілдіруге, қоғамда АТ қолдану үрдістерін жақсартуға бағытталған.