Жаратылыстану-математика факультетінің базасында 2014 жылдың 24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына арналған «Жаратылыстану-математика және жалпы техникалық ғылымдар – Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының негізі» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
22.04.2014 «Химиктер сабақтастығы» тақырыбына кураторлық сағат өткізілді. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіне 155 жыл, х.ғ.д., академик М.Т.Козловскийдің 110 жылдығы және ҚМПИ-дің химия кафедрасын 20 жылдан артық басқарған, декандық қызмет атқарған З.Е.Утинаның 70 жасқа толуына байланысты 1, 2-ші курс студенттері Бегалиева Н, Райымкулова М, Тукманов Ж, Петерс А презентациялар жасап, мағлұматтар берді. Кафедра оқытушылары х.ғ.к., доцент Қ.А.Абдыкаликова, кафедра меңгерушісі Г.О.Таурбаева қатысты. Куратор: х.ғ.к., доцент Жұмағалиева Б.М.
2014 жылы сәуірдің 20 күні 38 АО тобының студенттері Масюкова Мария Артемовнаның халін біліп қайтты. ҚМПИда бұрын қызмет жасаған ардагердің тіршілік әрекеті жайлы әңгіме қозғалды. Бұл кездесуді студенттер өздері ұйымдастырды. Кездесу, тарихи естеліктің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұмытылмауы мақсатында өткізілді.
2014 жылдың 17 сәуірінде шетел тілдері факультетінде жыл сайын өтетін мұғалімдер мен білім орындары оқытушыларының облыстық ғылыми- практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияға физика- математикалық лицей, №5, №11, №2, №1 орта мектептерінің және Қостанай медицина колледжінің мұғалімдері қатысты. Конференция үш негізгі блоктан тұрды- пленарлық отырыс, мастер- класс және дөңгелек үстел. Пленарлық отырыста «Қытай, Макау университетінің ағылшын тілі орталығында жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында есеп- баяндама тыңдалды (п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И., шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, психология магистрі Кудрицкая Е.А.).
Сәуірдің 11 - жұлдызында оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Төлеген М.Ә., шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Е.Л., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілі, ағылшын тілінің оқытушысы Би Дженикспен htth:// kazakhstan.umerbassy.gov/beejenkins- fellow/html кездесті. АҚШ елшілігі өкілімен кездесу барысында ҚМПИ мен Огайо штатындағы Кен мемлекеттік университеті арасында студенттер және оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасының шарттары талқылынды. Би Дженикс Эквадор, Италия, Армения және Құрама Штаттарда тұрып, жұмыс істеген.
2014 жылы 10-11 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты « VIA DOMITIA» француз өкілдерін қарсы алды, француз тілі оқу орталығының директоры Паскаль Казанова және халықаралық қарым- қатынас проректоры Жан луи Марти Перпиньян қаласынан келді. Университет ҚМПИ –мен 2010 жылдан бастан қарым-қатынас жасап жатыр, сол кезден бастап екі ұйым бір-бірімен студенттер және мұғалімдермен айырбас жұмыстарын жүргізіп жатыр. Институттың ректоры К.М.Баймырзаев соңғы кездескенде екі ұйымның дамуы туралы сөйледі. Болашақта институт магистратураның үздік студенттеріне оқуды өздері төлейтінін айтты
Шетел тілі факултетінде жыл сайын өтетін «Ғылым жас зертушілер көзімен» ғылыми-тәжірибелік конференция өтткізілді. Пленарлық отырыста мыналар сөз сөйледі: - Халықаралық қатынас пен инновациондық дамудың және ғылым бөлімінің басшысы Баймухамбетов Б.Ш. - Шет тілі факултетінің деканы – Дорошок Е.Л - ВАК доценті, ҚМПИ профессоры – Оспанова А.С. - Шет тілі кафедрасының меңгерушісін-Кудрицкая М.И. - Практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісінің қ.а. - Бикенова Г.С.
Кафедра апталығы ҒӘО бекіткен кесте бойынша 31 наурыз бен 5 сәуір 2014 жыл аралығында өтті. Кафедра апталығының әдістемелік мақсаты: оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеушілік үрдісті белсендіру. Міндеттері: педагогикалық тәжірибені жалпыландыру; кафедраның студенттік ұжымымен қатынасының анализі (мониторинг негізінде); студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын зерттеу топтары қызметінің аясында белсендіру; Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен Қостанай қаласы мен Қостанай облысының жалпы білім беретін мекемелерімен арақатынасу.
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – білікті мамандарды дайындау. Студенттің жоғары оқу орнындағы білім алу міндеттерінің бірі – алдағы мектептегі педагогикалық еңбек жолында басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығының өз дәрежесінде болу керек екендігін түсіну. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі маман. Осыған орай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында оқу жоспарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мақсатында мектептің бастауыш сыныптарында түрлі педагогикалық практикалар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Өндірістік практика».
3 сәуірде 2014 жылы ағылшын тілі факультетінде оқу- әдістемелік кабинетінде Гумбольд атындағы Берлин университеті Клаудия Шмильманмен кездесу болды.Қонаққа қатысқандардың көңіліне Германияның мәдиниеті , степендиялық бағдарлама ДААД туралы презентация көрсетті, ағылшын тілі студенттерін Неміс тілі клубын көруге шақырды.Осындай курстар жиі өтеді, 2 ші 3 ші курс студенттері үшін Германия туралы дәріс өткізіледі.