Ақпанның бесінші жұлдызында «Қазақ және орыс» филологиясы факультетінде Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан 2050» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында студенттер мен оқытушылар арасында дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстел барысында студенттер баяндама оқып, өзара пікір өрбітіп, жолдауды талқылады. Дөңгелек үстелге институтымыздың тарих факультетінің оқытушылары Байдалы Рауан Жомартұлы мен Бекмағанбетова Майсара Жауғаштықызы өз ойларын ортаға салып, сөз сөйледі.
2013 жылы 4 ақпанда институт және факультет өмірінде белсенді қатысып жақсы уқуы үшін 1 жене 2 курс студенттеріне алғыс хаттар берілді. Хатта деканат және факультет оқытушыларының ұжымы ата-аналарына балаларын мақтауға тұрақтылықтай етіп тәрбиелегендері үшін алғыстарын білдірді. Еліміздің бастаушы Жоғары Оқу Орындарының бірін бітіріп, Қазақстан Республикасының мақтауға тұрарлықтай азаматтары болып және өз ісінің маманы болатынына біз сенімдіміз.
29 қараша 2013 «Біздің көшбасшы» сайысының қорытындысы өткізілді. Сайысқа 1-4 курс студенттері белсенді қатысты. 1 орын – 21 АК, 2 орын – 13 АК, 3 орынға – 47АР ие болды. Шетел тілінде өткізілген «Біздің президент» эссе сайысында 4 курстың 35 студенті қатысып, ағылшын тілінен 1 орынға Мукужанова А. 44 АР, 2 орынға Боднарь М., 45АР, неміс тілінен 1 орынға Айтпаева С. 41 НРК, 2 орынға Иволгина Н. 41 НРК, 3 орынға Руденко А. 39 НРК ие болды.
2013 ж. 29 қаңтарда 5В011900 мамандығының 2 курс студенттерінің курстық жиналыстарында факультет деканы Е.Л. Дорошок, Шетел тілдері факультетінің меңгерушісі М.И. Кудрицкая, практикалық лиингвистика кафедрасының меңгерушісі К.Т. Нурмухаметова сөйледі. Күн тәртібінде үш сұрақ болды:
2013ж. 25 қаңтарда www.edmodo.com сайтын қолдану бойынша шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, психология Магистры Е.А. Кудрицкая семинар өткізді. Семинарға шетел тілдері кафедрасының оқытушылары қатысты. Оқытушыларға сайтты қолданудың мысалдары келтірілді:
2013 жылдың 25 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облыстық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Тарих және өнер факультеті, Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы жанындаға «Құқық бойынша студенттік-ғылыми үйірме» мүшелерінің (Құқық және экономика негіздері мамандығының 2-4 курс студенттерімен) құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кештің мақсаты - құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін түсіндіру, рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып, жастарға құқықтық тәрбие беру, қоғам індеті - жемқорлықтың алдын алу. Кешке Қостанай облысы ІІД полиция майоры Қозыбаев Жұмабай Айбасұлы және ҚР прокуратурасы институтының аға прокуроры Құрманалинов Еркін Жақсылықұлы арнайы шақырылды.
2013 ж. 17 қаңтарда кураторлар кеңесінің бірінші ұйымдастырылған отырысы өтті. Кураторлар Кеңесінің төрайымы етіп практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысын Жакупжанова Гульсум Сарсенбаевнаны тағайындады. Гульсум Сарсенбаевна кураторлар кеңесі жайлы, факультеттің ең үздік тобы сайысы жайлы жағдайды түсіндірді. Кураторлар кеңесінде кураторлар Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді, оның негізгі тармақтары болып табылатын:
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының биология және география кафедрасының оқытушысы, биология магистрі Божекенова Женискуль Турсынбаевна 2012 ж.12 қараша - 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында (Алматы қ.) өз білімін көтерді. ЖОО педагогика мамандығы оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы төрт модульден тұрады: - үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер; - өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру технологиялары; - білім беру нәтижелерін бағалау жүйесі; - оқыту және оқу жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар. Дәрістерді өткізген Қазақстанның және шетел ЖОО білікті мамандары (профессор Рафиз Абазов, АҚШ, Колумбия университеті).
30 қараша 2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 3-ші қабатында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттетері ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне арналған көркем өнер қойылымын өткізді. Көркем қойылым студенттердің әр түрлі бағыттағы бейнелу өнерін көрсетті: живопись, кескіндеме, кол өнері, бейнелеу өнері. Бұл экспозицияда сонымен қатар басқада жанрлар қойылымда болды:натюрморт, пейзажды этюд, сәнді композиция. Көркем өнер қойылымы гуашь техникасымен, май, пастель, акварель, карандаш, гильошировпен және де т.б. техникамен өрнектелді. Көркем өнер қойылымында тақырыпқа байланысты сезімдердің әр алуандылығы, туған жерге деген сезім байқалды.
2012 жылдың қараша айының 29 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, әлем тарихы,құқық және экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ұлттық валютасына-20жыл» акциясы аясында «Біріңғай Азия валютасын еңгізу: жетістіктері мен кемшіліктері» атты ашық пікір-сайыс түріндегі іс-шарасы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары өз алдарына қойған мақстаты студент қауымымен қатар ұстаздар қауымынада, біріңғай азия валютасын еңгізудегі экономикалық тұрғыда кемшіліктері мен жетістіктерін түсіндіру болатын.