Республикалық Алтынсарин оқуларының «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТОҒЫСЫНДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛУІ»

Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику»

2016 жылдың 12 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы Қостанай қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ББ филиалымен бірлесе отырып, Республикалық Алтынсарин оқуларының «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТОҒЫСЫНДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛУІ» атты ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Педагогикалық институтта Алтынсарин оқуларын жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. Осы мақсатта өтілген Республикалық конференция қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагогика мұрасының негізін салушы Ыбырай Алтынсаринның мерей тойымен қатар келіп отыр. Конференцияда қазіргі заман үрдісінде білім беру саласындағы идеялар, педагогикалық жоғары оқу орындары мен мектептердегі сапалы интеграциялық үдерістерді талқылау сонымен қатар, педагогтардың кәсіби дамуына ықпал ету , оқытушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жағынан тәжірибе алмасу, оқу үрдісіндегі тәжірибеге жаңа инновациялық технологияларды енгізу сынды тақырыптар негізге алынды. Аталған конференцияда әсіресе, Қостанай облысының физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» белсенділік танытты. Конференцияда 300-дей педагогтар жұмыстары мәлімделді.

Конференцияға Республикалық және облыстық мектеп психологтары мен педагогтары, ҚР Назарбаев зияткерлік мектебі, ҚМПИ-ның профессорлық-оқытушылар құрамы, ҚР-ның жоғары оқу орындарының ғалымдар мен оқытушылары ( Абай ат. Қаз ҰПУ, Гумилев ат.ЕҰУ, Абылайхан ат. қатынас және тілдер ҚазМУ, Павлодар, Семей, Тараз, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, ШҚО,АрПИ, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ), ҚР Назарбаев зияткерлік мектебі, АҚ "Педагогикалық шеберлік Орталығы" өкілдері, ҚР Өрлеу филиалының қызметкерлері, білім беру бөлімі мен қатар колледж мұғалімдері қатысты.

Пленарлық отырыста баяндамаладың негізі педагогикалық жоғары оқу орындары мен мектептерде білім беру барысында оқыту мен тәрбие тәжірибесіндегі тәжірибе мен әдістемеге жаңа инновацияны енгізу бойынша тұжырымдамалық сұрақтар мен білім берудегі интеграциялық үрдіс бойынша баяндамалар оқылды. Баяндамашылар (Қостанай қ. АҚ "Педагогикалық шеберлік Орталығы" директоры- Е.А. Онищенко, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары, 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу және білім беру мазмұнын жаңарту бойынша Республикалық эксперименттік №10 пилоттық мектеп директорының орынбасары- Ильясова Г.А.,) сөз алды. Проректор Е.А. Әбіл өз баяндамасында болашақ мұғалімдерді дайындаудағы өзекті сұрақтар мен интеграциялық жағдайдағы көзқарастарды баяндады.

Республикалық конференция аясында 5 секция әр түрлі бағытта жұмыс жүргізді:

  1. Педагогика әдіснамасы мәселелері білім жүйесінің инновациялық даму шарттары ретінде
  2. Бастауыш білім берудің мазмұнын жаңарту перспективалары мен мәселелерін жаңғырту шарты ретінде
  3. Теориялық негіздер мен сыныптағы деңгейлі модульдік бағдарламалардың негізгі идеяларын іске асыру тәжірибесі
  4. Білім беру ұйымдарында кәсіби желілік қоғамдастығын дамытудағы ғылыми-педагогикалық қолдау
  5. Жоғары оқу орындарында және мектептердегі инновациялық технологияны: талдау, жобалау және жүзеге асыру.

Секциялық жұмыстарда барлық қатысушылар белсенді түрде өз ойларын ортаға салып, пікірталас пен шешімдер қабылдап инновациялық тәртіпте жүргізілді. Олар: кочинг, дискуссивті алаң, панелдік таныстырылым, консалтинг, тренингтер, мастер-класстар болды. Педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, Қостанай қаласы және облыс мектептері, колледж мұғалімдерімен қатар, Арқалық, Петропавл және Астана қаласынан келген қатысушылары белсенділік танытып өз тәжірибелерімен бөлісті.

Модераторлар (педагогика кафедрасының оқытушылары, «Педагогикалық шеберлік орталығының» мамандары, облысымыздың аймақтық жерлерінен келген жоғары деңгейдегі сертификатталған мектеп мұғалімдері) жұмысты өткізу және ұйымдастыру барысында өздерінің кәсіби сапалық, құзіреттіліктерін және мұғалімдердің шығармашылық бағыт пен диалогтағы шеберліктерін көрсетті. Қабылданған ұсынымдар (практикалық-бағыттаушы және мұғалімдермен толықтырылған) Республикалық және облыс мектептері және педагогикалық жоғары оқу орны оқытушылары ұжымымен серіктестік пен қарым-қатынас орната отырып, болашақтағы интеграцияға бағыттаттаушы қызмет атқарады.

Конференция жұмысы шеңберінде оқылған және баяндалған баяндамалар талқыланып, конференцияға қатысушылар мынадай ұсынымдар қабылдады:

  1. Республикалық және облыстық білім беру ұйымдарымен жоғары оқу орындарында кәсіби қоғамдастықты дамыту, тәлімгерлік саясатын қалыптастыру және білім беру үрдісінде қатысушылардың кәсіби дамуын білім беру ұйымында ынтымақтастық пен белсенділіктерін жалғастыру.
  2. Білім беру ұйымдарының әр түрлі деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруда АҚ «Назарбаев Зияткерлік мектептерімен» тәжірибе алмасу.
  3. «Мұғалімнің кәсіби бағдары» компонентінің негізгі мазмұнын күшейту мақсатында, курстың мақсат- міндеттері мен зерттеу бөліктерін әр түрлі «Білім» мамандықтары тобының мазмұнына қарай оның саралануы мен нақтылығын көрсету.
  4. Ғылыми- педагогикалық жұмыстарды жандандыру да инновациясының дамуын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуін жүзеге асыру.
  5. Педагогикалық жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының білім беру тәжірибесінің инновация мәселесі бойынша жыл сайын Алтынсарин оқуларын атап өту ұсынылсын.

Секцияларға қатысушылардың барлығы салтанатты түрде сертификаттар мен мақала жинағы дискісімен марапатталды.

Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику» Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику» Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику» Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику» Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику»

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Республикалық Алтынсарин оқуларының «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТОҒЫСЫНДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛУІ»