Шетелдік жоғары оқу орындарындағы халықаралық білім беру бағдарламаларының ерекшелігі
- Подробности
- Опубликовано: 19 февраля 2016
2015 жылы ҚМПИ он алты оқытушысы Испания, Португалия, Германия және Ұлыбританияның жетекші университеттерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Курстың басты мақсаты – мемлекеттің жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары аумағында жоғары оқу орындары педагог мамандарының біліктілігін арттыру.
Курстардың негізгі мазмұны оқытудың инновациялық тәсілдерімен таныстыру және оқыту үдерісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану мүмкіндігін оқыту тренингтері арқылы көрсету болып табылады. Білім беру үдерісінің тиімділігін арттырудың интерактивті әдістері, оқыту нәтижелерін жоспарлау мен бағалау сабақтары, оқыту үдерісіне инновациялық технологияларын енгізу, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру тәжірибесінде Интернет-ресурстарды пайдалануға арналған сабақтардың маңызы өте зор.
Тренинг, семинарлар мен сессия барысындағы оқытушылардың ынтымақтастығы кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беріп, тәжірибе алмасуға септігін тигізді.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшылары мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО АҚФ бағдарламасы аясындағы шетелдік тағылымдама қорытындысы бойынша 2016 жылғы 19 ақпанда институттың мәжіліс залында «Шетелдік жоғары оқу орындарындағы халықаралық білім беру бағдарламаларының ерекшелігі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор Е.А.Әбіл шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта болу жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің ерекшеліктерін үйренуге және институт пен шетелдік оқу орнындағы оқыту деңгейін салыстыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Семинар барысында Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде біліктілікті арттыру курсынан өткен шетел тілдері факультетінің оқытушылары оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолданудағы өз тәжірибелерімен бөлісті, презентацияларын көрсетті: Е.А.Кудрицкая оқыту кезінде пайдаланылатын заманауи on-line құралдары жайлы әңгімелесе; Б.М.Дощанова, Г.М.Сулейменова шетел тілін оқыту барысында microteaching енгізу жөнінде баяндады.
Испаниядағы Валенсия Политехникалық университеті, Португалияның Порто қаласындағы Жоғары Техникалық институты, Германиядағы Халықаралық Менеджмент және Технология академиясында тағылымдамадан өткен (INTAMT) психология-педагогика факультетінің оқытушылары Н.А.Айдынәлиева, Б.М.Өтегенова, Ш.С.Демисенова, Т.И.Смаглий оқыту кезінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы баяндап, кәсіби біліктілікті жетілдіру үшін психология-педагогика блогының түрлі мамандықтарын модульдік бағдарламаға енгізу ерекшеліктерін атап өтті.
Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде тағылымдамадан өткен жаратылыстану-математика факультетінің оқытушылары М.В.Сухов, Т.С.Кобец, Т.А.Ахметчина, О.Д.Белан, А.Г.Касымова жобалық технологияларды енгізу мен ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту туралы тәжірибелерімен бөлісті. Испаниядағы Валенсия Политехникалық университетіндегі біліктілікті арттыру курстарының қорытындысы бойынша физика-математика және жалпытехникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к Б.А.Калаков құзіреттілік негізінде бағалау жайлы айтып өтті.
Ақпараттарды ортаға салу барысында түрлі слайд, презентациялар көрсетілді. Біліктілікті арттыру курстары мамандардың оқытушы ретінде кәсіби өсуіне кең мүмкіндік туғызып, жаңа білім беру технологияларын оқу үдерісінде қолдануға деген қызығушылықтарын арттырды, дүниетанымын кеңейту мен тәжірибе алмасуға да зор ықпал жасады.