REKKS/ҚМПУ ЭБМ ҒЗО бірлескен жобасын орындау аясындағы халықаралық семинар
- Подробности
- Опубликовано: 16 мая 2018
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 2018 жылдың 16 мамырында ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы негізінде «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық теориялық семинар өткізілді.
Семинарды ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі жоба қатысушылары: жаратылыстану-математикалық факультеті, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Брагин Евгений Александрович, биология магистрі, аға оқытушы Бобренко Марина Александровна және биология магистрі, аға оқытушы Рулёва Мария Михайловнаға жүктелді.
Семинарға ҚМПУ вице-ректоры Сметанова Ева, Лейбниц университеті топырақтану институтының директоры (Ганновер, Германия), топырақтану қоғамының Президенті, доктор Георг Гуггенбергер, PhD, ReKKS жобасын үйлестіруші Шибистова Ольга Борисовна, ЖМФ деканы Сухов Михаил Васильевич, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Галия Адгамовна және «Биология» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Семинар жұмысы ағылшын тілінде жүргізілді.
Алғашқы сөз Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті басшылығының атынан ҚМПУ вице-ректоры Ева Сметановаға және шетелдік әріптесіміз Лейбниц атындағы Ганновер (Германия) университетінің профессоры, доктор Георг Гуггенбергер берілді.
Семинар шеңберінде ReKKS жобасының профессоры, доктор Георг Гуггенбергер, жоба үйлестірушісі О. Б. Шибистова баяндама жасады. Ресей Федерациясының 2 жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасының 3 мекемесі және Германия елінің 7 іргелі жоғары оқу орындары қатысқан жобада қолданбалы және ғылыми мәселелері пікір таласқа түсті. Зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері де талқыланды.
ReKKS жобасының екінші сессия барысы халықаралық ынтымақтастық бойынша мәселелерді талқылауға бағытталды. ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы бойынша туындаған мәселелері туралы Экология және биология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, биология ғылымдарының докторы Татьяна Михайловна Брагина атап өтті.
Семинар соңында негізгі мәселелер туралы пікірталас, сонымен қатар болшақта Қостанай облысы бойынша өткізілетін экспедициялардың барысын талқылау жүзеге асырылды.
Семинарды қорытындылай келе қонақтар: ҚМПУ-дың болшақта жоспарланған ғылыми зерттеу жұмыстары, шетелдік әріптестермен қарым-қатынастың маңыздылығына мән берді. Семинар барлық қатысушыларға, әсіресе шетелдің үздік мамандарымен танысуға, жаңа білімге қол жеткізуге және ағылшын тілін жетілдіруге кеңінен мүмкіндік берді.
Семинардың қатысушылары мен барлық қонақтарға ұйымдастырушылар шексіз алғыс білдірді.