Серпiн-2050

Академиялық ұтқырлық

Erasmus+

G-Global

  • Жаңалықтар және оқиғалар

  • Конференциялар

«Такого выпускного ни у кого не было!» «Такого выпускного ни у кого не было!» 26.06.2020 Что такое выпускной для студента? Это главный праздник, когда в своём долгожданном дипломе ты видишь труд нескольких лет и новый виток судьбы. В этом году, впервые в истории, торжественная церемония вручения дипломов в КГПУ им.У.Султангазина прошла в онлайн формате. Поздравили выпускников ректор, деканы... Әрі қарай оқу
ТҮЛЕК - 2020 Құттықтаймыз! ТҮЛЕК - 2020 Құттықтаймыз! 24.06.2020 Жоғары білім туралы дипломдарды тапсыру – бұл күні кешегі студенттің, ал енді бітірушінің өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені, ол жаңа дербес өмір мен педагогикалық қызметтегі перспективалы мансаптың басталуын білдіреді. Қазіргі әлемдегі мұғалімнің рөлі жоғары. Ұстаз-қоғамдағы басты тұлға... Әрі қарай оқу
Қазақстанның  көрнекті қайраткерлерінің портреттерінің виртуалды көрмесі Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің портреттерінің виртуалды к... 17.06.2020 Өнер кафедрасы Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің портреттерінің көрмесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді! Тарихи сананы жаңғырту тұрғысынан "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері үшін өткеннің ұлы ойшылдары, ақындары мен билеушілерінің бейнелер галереясын қалыптастыру... Әрі қарай оқу
"География" мамандығы студенттерінің дипломдық жұмыстарын қорғау... 11.06.2020 2020 жылдың 30 мамыр мен 9 маусым  аралығында жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығының күндізгі және қашықтықтан оқитын студенттері арасында дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау өткізілді. Қорғауға қазақ бөлімі мен көптілді білім беру бөлімінің... Әрі қарай оқу
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша дипломдық жұмыстарын қорғау Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша дипломдық... 08.06.2020 Дипломдық жұмыс – бұл студенттің міндетті аттестаттық сынағы, жоғары білім беру бағдарламасының түлегі оқудың барлық жылдарында меңгерген білім көрсеткіші.  2020 жылдың 1-3 маусым аралығында «5B011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»... Әрі қарай оқу
Cлавян жазуы мен мәдениеті күні Cлавян жазуы мен мәдениеті күні 30.05.2020 2020 жылдың 24-30 мамыр аралығында филология департаментінің аға оқытушысы О. В. Коваль қашықтық форматта славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған іс-шаралар өткізді. Жыл сайын 24 мамырда Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде осы мереке атап өтіледі. «Славян жазуы мен мәдениеті күні көпұлтты... Әрі қарай оқу

Барлық жаңалықтар

4-5 маусым 2020 2020 жылдың 4-5 маусым аралығында Нигде Өмер Халисдемир университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразияұлттық университетінің басшылығымен Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында II. Халықаралық түркі әлемі жаратылыстану және инженерлік ғылымдар конгресі (TURK-COSE 2020) ұйымдастырылады. TURK-COSE 2020 – ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар... Әрі қарай оқу
24 сәуір 2020 Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы және Қазақстан: тарихи жадының мәселелері» халықаралық қатысуымен өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2020 жылдың 24 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде өтеді. ақпаратты көшіру Әрі қарай оқу
24 cәуір 2020 Дене шынықтыру мұғалімдерін, ЖОО оқытушыларын, спорттық және туристік ұйымдардың мамандарын, магистранттар мен докторанттарды Ұлы Отан соғысының 75 жылдық Жеңісіне арналған «БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТТАҒЫ ИННОВАЦИЯ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция 2020 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласы Қазақ спорт және туризм... Әрі қарай оқу
17 сәуір 2020 Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2020 жылдың 17 сәуір күні «Шоқан оқулары–24» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді. Қатысуға магистранттар, докторанттар, жоғары мектеп оқытушылары, ғылыми қызметкерлер шақырылады. ақпаратты көшіру Әрі қарай оқу
10 cәуір 2020 М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетісіздерді Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналған «Ғылым мен өндірістің өзекті мәселері» атты студенттік Халықаралық ғылыми-тәжірибелікконференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2020 жылы 10 сәуірде М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өтеді. Күндізгі және сырттай қатысуға болады... Әрі қарай оқу

Барлық конференциялар

Құрметті отандастар!

Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!

Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен  құттықтаймын!

Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.

Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.

Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.

Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.

Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни  Назарбаев моделі деп атады.

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.

Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.

Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.

Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.

Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.

Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.  

Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.

Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.

  1. I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІМЕМЛЕКЕТ.

Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.

Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.

Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».

Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.  

Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.  

Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді.

Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек.

Бірінші. Партия құрылысы үдерісін жалғастыру.

Көшбасшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді.

Біз қоғам игілігі үшін сындарлы саясат жүргізіп келе жатқан басқа да саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз қажет.

Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс.

Депутаттар Үкіметке өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, нақты шаралар қабылдауды талап ете отырып, өздеріне берілген заңды құқықтарын пайдалануы қажет.

Заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас жасанды тартысқа емес, іскерлік сипатқа, өзара құрметке негізделуі тиіс.

Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп санаймын.

Бұл саяси жүйе тұрақтылығының ұзақ болуы үшін маңызды.

Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің дамуына оң ықпал етуі тиіс.

Екінші. Халықпен тиімді кері байланыс орнату.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.

Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды.

Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады.

Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет.

Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.

Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар. 

Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс.

Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады.

Төртінші. Қоғамдық келісімді нығайту.

Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек.

Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет.

Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!».

Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.

Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамайжұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.

Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн.

Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын.

Сондықтан, жақын арада Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек.

Келер жылы аталып өтетін  маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды.

Ендігі жылы бәріміз
Әл-Фарабидің  1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз.

Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек.

Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге –  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті
іс-шараларды іске асыруымыз қажет.

Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін.

  1. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.

Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет.

Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие.

Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет.

Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады.

Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді.

Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет.

Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы.

Аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады.

Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

Келесі бір маңызды мәселеге тоқталайын.  

Біз шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тарттық. Алайда, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр.

Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырдық.  

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын.

Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты.

Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты.

Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды.

Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде.

Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын.

Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.

Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  ісін қайта қалпына келтіру қажет.

Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек.

Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ.   

Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс.

Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі.

Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады.

Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн.

Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты.

Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады.

Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау мәселесіне баса мән беріледі.

Өкінішке қарай, мұндай апаттар біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті.

Бұл салада кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек.

Үкіметке азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер органдарын реформалау үшін берілетін қаражат есебінен көбейтуді және осы мақсатқа сәйкес шамамен 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр.

Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мәселелер қордаланып қалғанын көрсетті.

Әскерге жұмсалатын шығыстарды реттеп, осы саладағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті нығайтатын кез келді.

Сонымен бірге әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажет.

Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлері мен әскери қызметшілері бар армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керек.

III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.

Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді.

Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.  

Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады.

Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.   

Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.

Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.    

«Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды. 

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында жіберілген барлық қателіктерді, олқылықтарды ескеруіміз керек.

Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерімді Үкімет толық орындауға міндетті.

Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек.

Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет.

Бұл – Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз.

Екінші. Квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру.

Біздің мемлекеттік компаниялар ірі конгломераттарға айналды. Бірақ олардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады.

Мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуын азайту мақсатымен квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізу жөнінде шешім қабылдадым. 

Біз Ұлттық әл-ауқат қоры құрылған 14 жыл ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға Қордың нақты қандай үлес қосқанын білуіміз керек.

Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, үш айдың ішінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізуі тиіс.

Квазимемлекеттік компаниялар көп жағдайда өзара бәсекеге түседі.

Тұрғын үй саясаты саласында бір мезетте 7 мемлекеттік оператор жұмыс істейді. Бұл тек орталық деңгейдегі ахуал! 

Мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға болады және солай ету керек.

Бірақ, стратегиялық секторларда жұмыс істейтін мемлекеттік компаниялардың қызметіне мұқият болған жөн.

Ондай компаниялар мемлекет бақылауында болуы тиіс.

Әйтпесе, мемлекеттік монополистердің орнына жеке монополистер пайда болып, соның салдарынан зардап шегуіміз мүмкін.  

Үкімет баға белгілеу және тарифтер мәселесімен жүйелі әрі нақты айналысуы керек.

Бұл табиғи монополистердің тауарларына да, көрсететін қызметтеріне де қатысты.

Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес.   

Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?

Қазақстан әуежайларында жанармай шетелдік тасымалдаушылар үшін қымбат бағаға, ал отандық тасымалдаушыларға арзанға сатылатыны неліктен?

Соның салдарынан Қазақстанның авиация саласы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айырылып, транзиттік әлеуетіміз төмендеп кетті.

Тиісті министрлік пен ведомстволардың салғырттығына байланысты темір жол билеттерінің тапшылығы қолдан жасалып отыр.

Бұл салаларда тез арада тәртіп орнату керек.  

Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тұрақтандырушы рөлін сақтай отырып, нарықтық институттар мен құрылымдардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету.  

Осы ретте, «қарапайым заттар экономикасын» естен шығармаған жөн. Бұл – біздің жұмысымыздың басым бағыты.

 Үшінші. Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі.

Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.

Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді.

Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді.

Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Бірақ сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. 

Шын мәнісінде, жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді.

Бұл «қарапайым заттардың экономикасына» тікелей байланысты.

Бірақ, жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған.

Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ.

Осыған орай, Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын.

Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек.

Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырамын.

Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек.

2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді.

Біз бизнестің адал әрі заңға сәйкес жүргізілетініне сенеміз. Бизнес өкілдері тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс.

Мораторий кезеңінде өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін жандандыру керек.

Бизнес өкілдері санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді бұзатын болса, ондай компаниялар жабылып, иелері жауапкершілікке тартылады.

Осылайша, шағын бизнеске түсетін ауыртпалықты азайтамыз.

Сонымен қатар бизнес өкілдері құқық қорғау және тексеруші органдардың іс-әрекетіне байланысты көптеген қиындыққа тап болуда. 

Шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік әрекеттер жиілеп кетті.   

Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым  белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс.

Осыған орай заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажет. Парламент пен Үкімет осы мәселені шешу жолдарын ұсынуы керек.

Сонымен қатар көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейтіп, капиталды сыртқа шығаруға, салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті жандандыру қажет. 

Шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету жүйесін жаңа жобаларға басымдық бере отырып, қайта құру қажет.

Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы»  аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.   

Әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керек.

Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет.  

Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн.

Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажет. 

Төртінші. Ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету. 

Өз өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру керек.

Мен, ең алдымен, орта бизнес туралы айтып отырмын

Бізде кәсіпкерлердің осы тобына арналған нақты мемлекеттік қолдау шаралары жоқ. Бұл, әсіресе, өнімді сату ісіне қатысты.

Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Соның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуі тиіс.

Шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл – атқарушы билік басымдық беруі тиіс міндеттердің бірі.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленген.  

Мемлекеттік органдар, әсіресе, өңір әкімдері сол көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей жауапты болады.

Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. 

Осыған орай көп жұмыс атқаруымыз керек.

Біздің міндетіміз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту.

Үкімет заңнаманы 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет.

Қазақстан технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс.

Үкімет «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне қолдау көрсете беруі керек. Бұл құрылым, шын мәнінде, конституциялық мәртебеге ие болды. Халықаралық қаржы орталығының Назарбаев Университетімен бірлесіп, заманауи цифрлық технологияларды дамыту алаңы айналуына толық мүмкіндігі бар.

БесіншіДамыған агроөнеркәсіп кешені.

Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.  

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.  

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. 

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет.

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек.

Өнім өңдейтін кәсіпорындар әлеуетінің 40 пайызы ғана пайдаланылып отырғанына қарамастан, оның көлемі 70 пайызға жетті.

Ауыл шаруашылығына шетелден инвесторлар тарту – маңызды міндет. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Үкімет нақты нәтижеге қол жеткізуі керек.    

Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді.

Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған  жол берілмейді.

Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз.

Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр.

Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті.

Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр.

Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс.

Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек.

Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес.

Бүгінде ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр.

Жем-шөппен қамтамасыз ету көрсеткіші 60 пайыздан төмен.

Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес.

Біз Елбасының «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет.

Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет.

Үкіметке «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.   

Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады.

Қаржының жұмсалуы барлық мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болуы тиіс.

Алтыншы. Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу.

Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамдағы мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр, тіпті күшейіп барады.

Бұл – алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек.   

Ұлттық табыстың әділ бөлінуіне баса мән бере отырып, салық жүйесін жаңғырту қажет деп санаймын.

Үкімет әлеуметтік төлемдер көлемінің артып келе жатқанына да назар аударуы тиіс.

Бір жағынан, бұл алымдар әлеуметтік және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бірақ, жұмыс берушілер жұмыс орындарын ашуға және еңбекақыны артыруға мүдделі болмай қала ма деген қауіп бар.

Көлеңкелі бизнес белең алады.

Сондықтан Үкіметке 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесін 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Кейін бұл мәселеге қайта ораламыз.  

Осы уақыт ішінде Үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар мәселені шешудің жолдарын қарастырып, болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің де мүдделерін ескере отырып, ортақ шешімге келуі тиіс.

Үкімет Салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тыйым салуы қажет. Бұл, шын мәнісінде, қосымша салықтар.

Қазіргі салық жүйесінің сапасын арттыру – өз алдына бөлек мәселе.

Мұндай жағдай компанияларды өз инвестициясын адами капиталға, еңбек өнімділігін арттыруға, техникалық тұрғыдан қайта жабдықтауға, экспортқа салуға ынталандыруы тиіс.

Қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін жаппай енгізу керек. Бұл үшін тежеуші фактордың бірі саналатын банктердің жоғары үстеме алымын жою қажет. Сондай-ақ, тиісті реттеу ережелеріне сәйкес банктік емес төлем жүйесін белсенді дамыту керек. Бұл сегмент қарапайым әрі тартымды болғанымен, ақша жымқырудың және елімізден капитал шығарудың көзіне айналмауы тиіс.

Ұлттық банк осы салаға нақты бақылау орнатуы қажет.

Келесі мәселе. Шикізаттық емес өнімнің экспортына қолдау көрсету үшін қосымша құн салығын қайтарудың қарапайым әрі жылдам тәртібін қолдану мәселесін қарастыру керек.

Экономикамыздың өте түйткілді мәселелерінің бірі – кредит беру көлемінің жеткіліксіздігі. Соңғы бес жыл ішінде заңды тұлғаларға, сондай-ақ шағын және орта бизнеске берілген кредиттің жалпы көлемі 13 пайыздан аса қысқарған.

Екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылар ішінде сенімділерінің аз екенін сылтауратып, кредит қаражатының құнын шамадан тыс арттырып жібереді.

Әрине, қарыз алушылардың сапасына қатысты мәселе бар. Бірақ, жауапкершілікті басқаға артып, тек қана жеңілдің астымен жүруге болмайды.

Мен бұл мәселеге қатысты Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізеді деп ойлаймын.

Тағы бір мәселе – халықтың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардың тым көп несие алуы. Мұның өзі шұғыл шаралар қабылдауға алып келді. Сіздер бұл жөнінде білесіздер.

Бұл мәселе әлеуметтік және саяси түйткілдерге ұласты.

Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банкке екі ай ішінде мұндай жағдайдың қайталанбауына кепілдік беретін тетіктерді енгізу үшін дайындық жүргізуді тапсырамын.

Ақша-кредит саясаты тиімділігінің жеткіліксіздігі еліміздің экономикалық дамуын тежейтін себептің бірі болып отыр.

Екінші деңгейдегі банктердің бизнеске кредит беру ісінің қолайлы әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз ету керек.

Жыл соңына дейін Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу жұмысын аяқтауы қажет.

Жетінші. Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі.

Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет.   

Бұл – келешек ұрпақтың қаржысы.

Ұлттық қордың трансферттері бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін ғана бөлінуі керек.

Кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап бірте-бірте 2 триллион теңгеге дейін азаюы тиіс. 

Қор қаржысын пайдаланудың анағұрлым тиімді инвестициялық саясатын жүргізген жөн.

Үкіметке Ұлттық Банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін Ұлттық қордың қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын.

Сегізінші. Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру.

Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанмен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. 

Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып отырғандықтан, Үкімет бұл мәселеде табандылық танытуы керек.

Үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. 

ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ.

Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу.

Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек.

Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту.

Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын  есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ.

Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған.

Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады.

Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде.

Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.

Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс.

Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады.

Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. 

Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды
20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын.

Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын.

Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек. 

Енді жоғары білімнің сапасына жеке тоқталғым келеді.

Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр.

Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарау керек.

Терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екені де жасырын емес.

Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз.

Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі.        

Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек.   

Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет.

Тағы бір өзекті мәселе. Бұл – оқулық сапасының төмендігі.

Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету ­– тиісті министрліктің тікелей міндеті.

Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. 

Сондықтан, мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.

Ғылым саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз.

Отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді? Бұл  – басқа мәселе.

Үкімет аталған мәселені ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн.

Екінші. Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру.

Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беруіміз қажет.

Жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керек.

Біз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірлеуіміз қажет.

Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр.

Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек.

Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.

Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз.

Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді.

Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды.

Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек.

Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды.

Осы бағдарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажет.  

2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет.

Бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі.

Үшінші. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді.

Дегенмен, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бірақ әлі де жоғары, сондай-ақ  дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп.

Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет.  

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.

Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 триллионнан астам теңге бөлінеді.

Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет.

Біздің қателесуге құқымыз жоқ.

ТөртіншіМәдениет қызметкерлерін қолдау.

Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.

Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.

Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.

Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек.

Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту.

Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Алайда, бірқатар шешімдер жан-жақты сарапталмай қабылданды. 

Нәтижесінде бұл патерналистік пиғылдың айтарлықтай артуына әкеп соқтырды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан.

Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түсті.

Басқаша айтқанда, жұмыс істегісі келмейтін адамдар немесе әлеуметтік көмек алу үшін өздерінің табысын жасыратындар көбейді. Жағдайы бар отбасылардың әлеуметтік көмек алатыны туралы деректер бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.

Тағы да атап өтемін. Конституция бойынша біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан мемлекетіміз азаматтар алдындағы міндеттерін орындауы тиіс.

Үкімет өз жұмысында осы қағидатты басшылыққа алуға міндетті. Ал, резервтерді тиімсіз шығындарды азайту және табысты арттыру есебінен қалыптастыру қажет.

Мұндай резервтердің бар екені сөзсіз. Қаржы министрлігі табысты арттыру үшін жұмыс жүргізуде. Алайда, қосымша күш жұмсау керек. Мәселен, кеден ісіне қатысты.

Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алулар үдерісін ретке келтіру мәселесіне ерекше мән берді. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды оңтайландырумен айналысып жатыр, бірақ заңнамалық сипаттағы шаралар қажет.

Мемлекеттік сатып алудың әлеуеті зор (кейбір есептеулер бойынша, жылына 400 миллиард теңгеге дейін жетеді). Бұл қаржыны өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға болады.

2018 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 4,4 триллион теңгені құрады, соның 3,3 триллион теңгесі немесе 75 пайызы бәсекеден тыс тәсілмен бір көзден алу арқылы жұмсалған.  

Шенеуніктер мен түрлі делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабатын кез келді.

Атаулы әлеуметтік көмекке қайта оралайық. Үкімет оны бөлу тәртібін реттеуі керек. Бұл жүйе ашық әрі әділетті болып, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыруы тиіс. Көмек, негізінен, жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс.

Сонымен бірге, аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету керек. Олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажет. Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету, барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмек алу және қоғамдық көліктерде жүру шығындарын өтеу.

Осыған қатысты шешімдердің барлығы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс.

Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бір ай ішінде көп балалы аналарды микро- және шағын бизнеске жұмылдыратын, соның ішінде үй жағдайында кәсіппен айналысатындарды да қамтитын арнайы бағдарлама әзірлеуі қажет.

АлтыншыЕліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғым келеді. Мұнда да қордаланып қалған мәселелер жеткілікті.

Қазіргі кезде зейнетақы жинағының жетіспеушілігі онша сезілмейді. Алайда, 10 жылдан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. Жұмыс істеп, зейнетақы қорын толықтырып жатқан азаматтар саны азаяды. Ал, зейнеткерлер саны арта түседі.

Бұл ретте, зейнетақы активінен түсетін инвестициялық табыс пен жинақ деңгейі төмен болып қала бермек.

Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізуі керек.

Қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады.

Бірақ олардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіні түсінікті жағдай.

Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын.

Шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқару сапасын жақсарту мақсатымен Үкіметке ортақ әлеуметтік қор құру және бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін жұмылдыру мәселесін пысықтауды тапсырамын.

  1. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ.

Бұл бағытта мынадай міндеттерге баса мән беру керек.

Бірінші. Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.

Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Бұл аксиома әлі де бүгінгі күннің шындығына айналмай отыр.

Пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажет деп санаймын.

Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады.

Екінші. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау.

Бюджетаралық қатынастардың қазіргі жүйесі түрлі деңгейдегі әкімдіктерді жергілікті дамудың негізгі көздерін, яғни шағын және орта бизнесті өркендетуге ынталандыра алмай отырғаны анық. Өңірлер қосымша табыс көзін іздестіруге құлықсыз.

Келесі жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салық түсімдері өңірлердің құзыретіне берілетін болады.

Бірақ бұл да жеткіліксіз. Бюджет үдерісінің барлық деңгейде ұйымдастырылуын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Жергілікті  бюджетті қалыптастыруға халықтың белсене атсалысуы бұл істе үлкен рөл атқаруы тиіс.

Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі билік жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу барысында экономикалық тұрғыдан мейлінше дербес болуы тиіс. Олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңнамалық актілерде нақты белгіленуі керек.

Үшінші. Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты.

Бұған дейін қабылданған «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңдар өзінің тиімділігін көрсетті. Бірақ, бүгінде бұл заңдарды жетілдіру қажет.

Ең ірі үш қала әкімдіктерінің құзыретін, соның ішінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы, қала сәулетін қалыптастыру саласындағы құзыреттерін кеңейту керек.

Республикалық маңызы бар қалалардағы халық санының көптігі қазіргі кезде мақтанарлық жағдай емес, керісінше тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету тұрғысынан алаңдаушылыққа негіз болып отыр.

Ірі қалалардың тұрғындары көбейіп келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар, жаңа тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған Павлодар және Петропавл сынды қалаларда адамдар мен еңбек ресурстарының тапшылығы бар.

Үкімет көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауы тиіс.

Мен сайлау алдындағы бағдарламамда бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажеттігін айтқан болатынмын.

Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру.

Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет.

Мәселен, бастапқыда әлеуметтік мүддеге орайластырылған «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз алушының отбасылық табысы орташа есеппен айына 320 мың теңгені құрауы тиіс. Табысы аз адамдар  бұған қатыса алмай отыр.

Сондықтан биыл Елбасының бастамасы бойынша 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «Бақытты Отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өте тиімді жеңілдік.

Жыл соңына дейін бұл бағдарлама бойынша кем дегенде 6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, көпбалалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады. 2020 жылдан бастап жыл сайын осындай 10 мың отбасы баспанамен қамтылады.

Үкімет бағдарламаға қатысуға арналған айқын критерийлер белгілеп, оны қатаң әкімшілендіруді қамтамасыз етуі керек. Шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға ғана қолдау көрсетілуі тиіс.

Менің Үкіметке тапсырмам – кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек. Бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық.  

Баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажет.

Мемлекет 2022 жылға қарай осы мақсаттарға сәйкес 240 миллиард теңгеден астам қаражат бөледі.

Жеке бизнесті осы жұмыстарға тарту үшін жаңа шаралар қабылдап, мемлекет-жекеменшік әріптестік тетіктерін жұмылдырған жөн.

Азаматтар әкімдік беретін әлеуметтік пәтерлерге кезекке тұру және оның жылжу үдерісінің ашық болмай отырғанына наразы.

Үкімет жыл соңына дейін жалдамалы пәтерлерге, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген баспана заемын алуға кезекте тұрғандарды есепке алудың ұлттық бірыңғай жүйесін құруы керек.

Коммуналдық желілердің тозуы 65 пайыздан 57 пайызға төмендегеніне қарамастан, бұл көрсеткіш жоғары болып отыр.

Бұдан бөлек, көп пәтерлі 78 мың үйдің 18 мыңнан астамы жөндеуді қажет етеді.

Өңірлерге тұрғын үй қорын жаңғырту және жөндеу үшін екі жыл ішінде бюджеттік несие түрінде 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу керек.

Үкіметке осы тетікті енгізу мүмкіндігін қарастырып, қаражаттың тиімді игерілуін қатаң бақылауға алуды тапсырамын.

2022 жылға қарай өңірлерді дамыту бюджеті 800 миллиард теңгеден асып кетеді.

Әкімдерге жергілікті мәслихаттармен бірігіп, осы қаражаттың жартысын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісін бірлесе қаржыландыруға және өңір тұрғындарының өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге  бағыттауды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Төртінші. Инфрақұрылымды дамыту.

Еліміздің әр аймағының тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі біркелкі емес екені белгілі.

Осы теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру қажет.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Сарыарқа» газ құбырының магистралды желісінің бірінші кезектегі құрылысы аяқталып келеді.

Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды, содан соң Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тарату желілерін салу жұмыстары басталады.

Мемлекет осы мақсатқа сәйкес 56 миллиард теңге бөліп отыр. Нәтижесінде 2,7 миллионнан астам адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен  қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді.

Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керек.

Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады.

Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады.

Үкімет бұған дейін де көп қаражат бөлген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде.

Бұл жолы Үкімет пен Парламент Есеп комитетімен бірлесіп, бюджет қаражатын толығымен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Үкімет экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыруы керек. Осы орайда «Бірге – Таза Қазақстан» науқаны – қолдауға тұрарлық жоба. Бұл жұмысты жалғастыру керек.

Парламент Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылап, қабылдауы қажет.

Жалпы, Үкімет алдағы кезеңде жұмыстың тиімділігін арттыруы тиіс. Халық нақты нәтиже күтіп отыр.

Құрметті отандастар!

Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.

Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. 

Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін.

Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді.

Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс.

Сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады. 

Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі.

Осыған байланысты, жақында тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұл Жарлықтың аясында елдегі ахуал, соның ішінде аймақтардағы халықтың жағдайы сауалнама негізінде нақты бағаланатын болады.

Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құрылымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес алдын-ала нақты жұмыс жүргізуі қажет. Бұл үшін бақылау, талдау және болжау жүйесін неғұрлым  күшейту керек.

Сондықтан депутаттарымыздың өтінішіне орай Парламент жанынан Заңнаманы зерделеу және сараптау институтын құру жөнінде тапсырма беремін.

Аталған құрылым заңдарымыздың сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс.

Қадірлі қазақстандықтар!

Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі.

Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. 

Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр.

Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын.

Қазақстан – ортақ шаңырағымыз!

Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!

Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.

Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер.

Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.

Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді.

Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық.

Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін!

Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!

Дарига Назарбаева

Дорогие друзья!

Примите самые сердечные поздравления с присвоением Костанайскому государственному педагогическому университету имени академика Умирзака Султангазина.

Академик Султангазин - выдающаяся личность и значимая величина в мировой научной среде. Он внес неоценимый вклад не только в достижения казахстанской науки, но и важную лепту в развитие мировой научной мысли.

Лауреат государственных премий, академик, президент Академии наук Казахстана, он всегда оставался исключительно скромным и интеллигентным человеком.

Умирзак Махмутович стоял у истоков партии «Асар». Я всегда с теплотой вспоминаю, трезвость мысли, свежесть взглядов, удивительное трудолюбие и человечность, которыми он вдохновлял своих однопартийцев.

Уверена, высокая честь носить имя столь выдающегося соотечественника придаст Костанайскому государственному педагогическому университету новый импульс развития, динамику, исследовательскую неуемность, творческий непокой и широту взглядов, которыми обладал Умирзак Махмутович.

От имени Сената Парламента Республики Казахстан позвольте еще раз поздравить весь педагогический коллектив Костанайского государственного педагогического университета с этим замечательным событием. Искренне желаю, чтобы в стенах университета зарождалась научная мысль, достойная работ академика Султангазина, и выпускались ученые и профессионалы, которые подхватят и понесут дальше факел науки и знаний.

С уважением, Д. Назарбаева

Өтініштерді қабылдау мерзімі Іс-шараларды өткізу мерзімі Іс-шаралар
Бакалавриат
1 және 15 желтоқсан аралығы 15 және 20 қаңтар аралығы

ҰБТ:

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

1 және 15 ақпан аралығы 24 және 29 наурыз аралығы ҰБТ: 1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
1 сәуір және 10 мамыр аралығы 20 маусым және 5 шілде аралығы

ҰБТ: 1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

10 мамыр және 5 маусым аралығы 20 маусым және 5 шілде аралығы ҰБТ: республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар
25 шілде және 3 тамыз аралығы 17 және 20 тамыз аралығы

ҰБТ: 1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

20 маусым мен 7 шілде аралығы 8 шілде мен 13 шілде аралығы Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша шығармашылық емтихан өткізу («Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дене шынықтыру және спорт», «Кәсіптік оқыту»)
20 маусым мен 14 тамыз аралығы 20 маусым мен 14 тамыз аралығы Педагогикалық ғылымдар " білім саласы бойынша оқуға түсу үшін арнайы емтихан»
13 шілде мен 20 шілде аралығы   Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау
05 тамыз мен 10 тамыз аралығы   Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау
  10 тамыз бен 25 тамыз аралығы Студенттерді қабылдау
Магистратура
03 тамыз мен 25 шілде аралығы 08 тамыз бен 16 тамыз аралығы Шет тілі, мамандық бойынша түсу емтихандары және магистратураға түсушілерді кешенді тестілеу.
17 тамыз бен 20 тамыз аралығы   Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау
24 тамыз бен 25 тамыз аралығы   Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау
  28 тамызға дейін Магистратураға қабылдау

smk

http://smk.edu.kz - «Жүйелік-әдістемелік кешен» порталы – орта білім мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылған ауқымды онлайн платформа болып табылады.

bilim_land

https://bilimland.kz - бұл әртүрлі жас санаттарындағы балаларды оқытуға арналған курстық алаң. Мектепке дайындық, тілдерді оқыту, жаратылыстану циклі пәндері мен математика пәндерінің бірегей интерактивті кешені

imektep

https://imektep.kz - бұл бастауыш мектеп бағдарламасы. Мұнда сіз сегіз негізгі пән бойынша 200-ге жуық интерактивті сабақ және 100 ойын тапсырмаларын таба аласыз.

twig

https://twig-bilim.kz - бүкіл әлемге танылған ресурс. Дүние жүзіндегі үздік бейнематериалдар он үш тілге аударылып, 35-тен астам елде оқшауланған.

cpm

http://cpm.kz/ru/portal/piggy/?arFilter_2[ID]=44393 - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Электронды әдістемелік жинақтағышы 

Таурбаева Гульжан Урмантаевна

Наставник:
Таурбаева Гульжан Урмантаевна
химия ғылымдарының кандидаты, доценті

Tauakelov Chingis

Тауакелов Чингис Айдаргазиевич
магистр педагогических наук,
преподаватель

Тауакелов Ч.А.Мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне 5В011200-«Химия» мамандығына 2011 жылы оқуға түскен болатынмын. Сол жылдан бастап Гүлжан Ормантайқызымен білім және тәлім-тәрбие ықпалында келе жатырмын. Студенттік кезде ол кісі жоғары білікті, білімді, құзіретті, ең бастысы, студенттерге әрдайым қол ұшын беруге дайын оқытушы екеніне көзім жетті. Айта кетер болсам, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне мақсатты түрде магистратураға оқуға түсуге Гүлжан Ормантайқызының бағыт-бағдар беруі көмегін тигізді.

Қазіргі уақытта химияны оқыту әдістемесі бойынша тәжірибемді арттыру үшін Гүлжан Ормантайқызының сабақтарын жиі бақылаймын – сабақ жүргізу барысында оқытудың жаңа технологияларын барынша қолданады. Химия пәндерін оқытудағы негізгі ұстанымы – химиялық заттар мен процестерді қарастыру кезінде олардың мағынасын түпкілікті заңдар мен теориялар негізінде терең түсіндіру немесе студенттерді соған жетелеу. «Сабақта оқытудың әр түрлі стратегияларын пайдалану – бұл басты мақсат емес, химиялық процестердің мехнизмін түсіну пайдаланылған әдістердің бүркемесінде қалып қоймауы керек. Жақсы мұғлім химияны жақсы білуі керек, ал әдіс-тәсілдер тек көмекші құрал ретінде болуы тиіс»,-деген пікірді негізгі қағида ретінде ұстанады.

Порубов Геннадий Николаевич

Тәлімгер:
Порубов Геннадий Николаевич
Аға оқытушысы

Самойлов Алексей Алексеевич

Самойлов Алексей Алексеевич
Аға оқытушысы

Самойлов А.А.: ҚМПУ де студент болғанда Геннадий Николаевичпен танысқан едім. Ол шанғы спортынан сабақ беретін. Мен оның бар ынтасымен сабақ беретініне қызығатынмын. 2014 жылдан бастап ол менің мұғалімім және үлгі тұтар адамым. Геннадий Николаевич-нағыз ұстаз! Ал ұстаз болу нағыз қабілет. Ол мені өзін-өзі дамытуға талпындырады.Жаңа конкурстарда өз күшімді сынауға үйретуде.Мүмкін, біраз жылдан кейін жас маманға көмек керек болады және мен оған көмектесуге дайынмын.

Тәлімгер:
Шалгимбекова Алия Батырхановна
старший преподаватель кафедры педагогики

Ермаганбетова Акбота Жаналыковна
преподаватель кафедры педагогики,
магистр гуманитарных наук

Тәлімгер:
Шалгимбекова Алия Батырхановна
педагогика кафедрасының аға оқытушысы

Ермаганбетова Акбота Жаналыковна
Педагогика кафедрасының оқытушысы,
гуманитарлық ғылымдар магистрі

Ермаганбетова А.Ж.: Ермағанбетова А.Ж.: Мен екінші, үшінші курста студент болғанымда Әлия Батырханқызы маған сабақ берген болатын. Қызықты тәжірибелік сабақтары мен дәрістері күні бүгінге дейін есімде. Кешегі шәкіртінің бүгінгі әріптеске айналуы Әлия Батырханқызының көп жылдар бойғы еңбегінің жемісі деп білемін. Біз 2017 жылдан бастап бірге жұмыс жасап келеміз.

Студенттердің инновациялық бастамаларын әрқашан қолдап отырады. «Мұғалім – күрделі нәрселерді жеңілдете алатын адам» - бұл менің тәлімгерімнің негізгі педагогикалық ұстанымы. Әлия Батырханқызы өз жұмысына адал және студенттерге әрқашан әділ. Оның педагогикалық жұмысқа деген мотивациясы мен үшін үлгі.

Тәлімгер: Гурская Ирина Федоровна
ДШСжТТмП кафедрасының аға оқытушысы

shkvarenko

Шкваренко Никита Сергеевич 
ДШСжТТмП кафедрасының оқытушысы

Шкваренко Н.С.: Ирина Федоровнамен біз 2010 жылдан «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің 1-ші курсына түскен кезден бастап жұмыс істейміз. Студент кезімнің өзінде мен оның оқу материалын жоғары деңгейде меңгерген және студенттік топты тиімді басқара алатын маман екенін байқадым. Ол кісінің дәрістері мен семинарларына үлкен ықыласпен қатысып жүрдім. Ол студенттердің шығармашылық бастамаларын әрдайым қолдайды, оларға сөз және іспен көмектеседі.

Өзінің педагогикалық мансабындағы негізгі ұстанымы - «Жаман студенттер болмайды, әр студент бірегей және белгілі бір жақтарымен ерекше, оны тек дұрыс жолға бағыттау керек». Ирина Федоровнадан мен студенттерге жеке көзқараспен қарау, олардың потенциалын ашу қабілетін, адамгершілігін және жұмысқа жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттерін қабылдаймын.

Esmaganbetova

Тәлімгер:
Есмаганбетова Шынар Кауатаевна
өнер кафедрасының аға оқытушысы

Amirhamzin

Амирхамзин Наурызбай Касенгалиевич
өнер кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика және психология магистрі

Амирхамзин Н.К.: Мен өз кафедрамның 2012 жылғы түлегімін. Студенттік кезімде Шынар Кауатаевна біздің көптеген сабақтарымызды жүргізген еді. Әр сабағына біз қуана келуші едік, себебі Шынар Кауатаевна сабақтары өте қызықты да тартымды өтетін. Өз басым ол кісіден көп нәрсе үйрендім. Музыка әлемін енді ғана танып жатқан студент үшін ол кісінің берген ақпараты зор болды. Шынар Кауатаевна мені музыка әлеміне жетеле қоймай, ұстаз болудың қыр сырын да үйретті. Студенттерінің әр бастамаларын қатты сыңға алмай, әрқашан қолдап отырды, бағыт-бағдар көрсетіп отырды. Шынар Кауатаевна арқасында көптеген студенттер көптеген сайыстарда жеңістерге жетіп отырды. 

Шынар Кауатаевна білікті маман, қобыз аспабының шебері, өз ісіне адал, айналасына әділ ұстаздардың бірі. Кафедраның қазіргі таңдағы көптеген жетістерінің басым үлесі Шынар Кауатаевнаның арқасы деп білеміз. Менің педагогикалық қызметімдегі алға қойған мақсаттарымның бірі: ұстазым Шынар Кауатаевна сынды өз ортасында сыйлы ұстаздардың бірі болу.

-

Тәлімгер:
Ли Елена Дмитриевна
педагогика ғылымдарының кандидаты,
ҚМПУ профессоры

-

Гущина Ульяна Валерьевна
"Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру"
кафедрасының оқытушысы,
психологиялық-педагогикалық білім беру магистрі

Гущина У.:  12 жыл бұрын, 11 сынып түлегі бола тұрып, Мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу"мамандығына оқуға түстім. Оқудың алғашқы күндерінде, барлық студенттер сияқты, мен өмірдің жаңа жағдайларына, жаңа оқу орнына бейімделуге бетпе-бет келдім, мен кафедра оқытушыларының, атап айтқанда ли Елена Дмитриевнаның арқасында сәтті оқып шықтым.

Төрт жыл оқу өтіп кетті бір күні болып өтіп шықты, бірақ, әрине, зор пайдамен және баға жетпес білім алған едімі. Елена Дмитриевна жүргізетін пәндері әрдайым қызықты, креативті және пайдалы болатын. Елена Дмитриевнаның арқасында біз өз кәсібімізді жақсы көрдік,бұл бізге өз ісінде жақсы маман болуға мүмкіндік берді.

Міне, 6 жыл өткеннен кейін Ли Елена Дмитриевнаның шақыруы бойынша мен «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасына қайта оралуыма қуаныштымын, бірақ оқытушы ретінде. Елена Дмитриевнаның жетекшілігімен мен 2 жыл бойы жұмыс істеймін, және әрине, кез келген жас маман сияқты жұмыста қиындықтар көрдім, мұнда да Елена Дмитриевна әрдайым көмекке келді.

Елена Дмитриевна тарапынан ықылас пен көмекпен мені және әріптестерімді күн сайын қолдайтынын атап өткім келеді. Оның белсенділігі мен жігерлігі бізді сергектікпен қуаттайды, мақсатқа талпынушылық орындалмайтын міндеттер жоқ деп сендіреді – тек стандартсыз шешімдер болғанда ғана керек. Кафедрада әрдайым шығармашылық атмосферасы және өзара қолдау орнайды, көп жағдайда Елена Дмитриевнаның ұжыммен қарым-қатынас саясаттының арқасында, ол бізді өз жұмысына деген жылулық және махаббатпен ұялатады. Елена Дмитриевнаның икемді еңбек әдістері ертеңгі күнге сенімділік туғызады және күш береді. Елена Дмитриевнаның оптимизмі мен өмір сүйгіштігіне қарамастан, қиын уақыт болған кезде қолдарын босатпайды.

Ұлы орыс профессоры Василий Осипович Ключевский айтқандай," жақсы оқытушы болу үшін, оқытатынынды сүю және оқытатындарды сүю керек " және бұл сөздерді үнемі айтатын Ли Елена Дмитриевна, кәсіби оқытушы ретінде сезімтал және тәлімгер ретінде педагогикалық қызметін жақсы сипаттай алады.

ҚМПУ – да 2017-18 оқу жылынан бастап университеттің тәжірибелі мамандарымен (тәлімгерлер, менторлар) жас оқытушылардың арасында ынтымақтастықтың үлгісі ретінде менторлық жоба жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты-жас оқытушыларға олардың кәсіби қалыптасу кезеңінде ғылыми-әдістемелік, психологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсету.

Жобаның міндеттері:

  • жас оқытушылардың бейімделу кезеңінің қысқаруына байланысты қызметтің тиімділігін арттыру;
  • жас оқытушыларға көмек көрсету және оларды кәсіби шеберлікке үйрету;
  • жас мамандардың ұжымға кіруі, олардың корпоративтік мәдениетті игеруі және ұзақ уақыт жұмыс істеуі.

2018-2019 оқу жылындағы жобаның негізгі іс-шарасы - жас оқытушылардың тәлімгерлермен бірлескен жұмысының нәтижелері.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ өткізіледі:

  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
  • ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;
  • ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Өтініш қабылдау мерзімі Тестілеу мерзімі Қатысушылар ҰБТ  өткізіледі
1 және 15 желтоқсан аралығы 15 және 20 қаңтар аралығы 1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары; *ақылы
2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар; *ақылы
3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар *ақылы
1 және 15 ақпан аралығы 24 және 29 наурыз аралығы ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары; *ақылы
10 наурыз және 10 мамыр аралығы 20 маусым және 5 шілде аралығы 1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері; ақысыз
2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері; *ақылы
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері *ақылы
10 мамыр және 5 маусым аралығы 20 маусым және 5 шілде аралығы республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар; *ақылы
25 шілде және 3 тамыз аралығы 17 және 20 тамыз аралығы 1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері; *ақылы
2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері; *ақылы
3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар; *ақылы
4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар *ақылы

* - тестілеу бағасы – 2242 теңге.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

  • «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ
  • 010011 Астана қ., Жеңiс д., 60
  • БИН 000140001853
  • ИИК KZ536010111000001515
  • БИК HSBKKZKX     КБE 16
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
  • Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).
  • Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

  Тестілеу пәндері Тапсырмалар саны Тапсырмалар формасы
1 блок Математикалық сауаттылық 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Оқу сауаттылығы 20 (4 мәтін) Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Қазақстан тарихы 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
2 блок 1 бейінді пән 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
2 бейінді пән 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады

Бейінді пәндер комбинациясы
1 бейінді пән 2 бейінді пән
1 математика физика
2 математика география
3 биология химия
4 биология география
5 шет тілі дүниежүзі тарихы
6 география шет тілі
7 дүниежүзі тарихы Адам. Қоғам. Құқық
8 дүниежүзі тарихы география
9 қазақ тілі / орыс тілі қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті
10 шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы: 2 пән.

Барлық тест тапсырмалар саны - 60.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут).

Тестілеу пәндері Тапсырма саны Тапсырмалар формасы Бағалау формасы
Общепрофессиональная дисциплина 20 Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
Арнайы пән 40 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20) 1 дұрыс жауап = 1 балл
Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар (10) Барлық дұрыс нұсқаны таңдау –  2 балл
Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл
2 немесе одан көп қате – 0 балл
Жағдаятық тапсырмалар (10) 1 дұрыс жауап = 1 балл

Жоғары балл саны: 70.

Шекті деңгей балы: 25.

Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз айының еліміздің Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар.

Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз.

Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. 

Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз.

Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған.

Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік.

Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды.

Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген.

Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар бастарына күн туған кезде бауырына басқан қазақтың жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызды.

Қазақ халқы да оларға ұлттық тарихымызға көрсеткен зор құрметі үшін алғысын білдіреді.

Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілінің айқын көрінісіне айналуда.

Жақсылықты жадында сақтай білген  елдің рухы қашан да биік.

Заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты.

Мен этно-мәдени бірлестіктерге де  айрықша ризашылық  білдіремін.

Біз, бәріміз бірге өте күрделі, қилы замандардан өттік.

Тәуелсіздіктің ең тағдыршешті сәттерінде мені әрдайым қолдаған халқыма да алғыс айтамын.

Өткен сайлаулардың бәрінде халқымыз мені бірауыздан қолдап, сайлады.

Мен үшін ең үлкен марапат – осы. 

Елімнің қолдауы маған жұмыс барысында зор күш-жігер берді. 

Мен халқымның өз келешегіне сеніммен қарауы үшін еңбек еттім, қазір де, болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін.       

Сол себепті, мен бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасынан жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын.   

Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр.

Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. 

Міне, сол күн де туды!

Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт.  

Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз.

Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады.    

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс.  

Жаңа ұсыныстардың маңыздылығын ескеріп, мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларымды өздеріңізбен талқылау үшін бүгінгі Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысын шақырттым.

Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама.

Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба.

Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап,  қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын.

Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз.

Соңғы жылдарда менің Қазақстан халқына арналған жолдауларым Үшінші жаңғыру және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналды.

Сонымен қатар біз мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін ұмытқанымыз жоқ және оларды орындау жөнінде шаралар қабылдадық.

Бірінші. 2018 жылы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақылары 30 пайызға өсетін болады. Бұл жалпы мұғалімдердің 68 пайызын қамтиды. Ал, біліктілікті айқындайтын тест тапсырғаннан кейін олардың лауазымдық жалақысы қосымша 50 пайызға өсетін болады.

Екінші. Бюджет қызметкерлерінің еңбекақы төлемін жаңа жүйеге көшіру білім беру саласында жалақы көлемін 29 пайызға, денсаулық сақтау саласында 28 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 40 пайызға көтеріп, студенттер стипендиясын 25 пайызға өсіруге мүмкіндік берді.

Үшінші. Базалық зейнатақыны өсіру және оны индекстеу есебінен 2018 жылдың шілде айынан бастап орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға артады. 

2017 жылы әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 25 пайызға өсті. Біз мұны жасай алдық, оған экономикамыздың мүмкіндігі жетті.

Қымбатты достар!

Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз.

Мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын ұсынамын.  

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық.

2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.

Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр.

Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе.

Оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек. 

Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет.  

Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын.

Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады.

Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. 

Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. 

Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.

Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің жоғарыда айтылған шарттар бойынша беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет.

Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін береді.

Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі  артады.  

Сонымен қатар, бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады. 

Көптеген азаматтардың арманы ақиқатқа айналады!

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».

Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын.

Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек.

Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет.

Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.   

Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек.

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».

Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда.

Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын.   

Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек.

Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады.

Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.

Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр.

Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.

Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру керек.

Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл – жалпы әлемдік тренд.

Сонымен бірге, адам ресурстарына салынатын үлкен салым.

Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет.   

Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті.

Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек.

Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді.

2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын.

Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту».

Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады.

2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді.

Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады.

Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын.

Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.

Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек.

Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды.

Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді.     

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі.  

Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген.  

9 облысқа газ тартылған.

Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр.

Біз Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек.

Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады, соның ішінде халықаралық қаржы институттарынан да.

Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, экология жақсарады.

Газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады.

Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Президенттің бес бастамасы – осы.

Оларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай дами түсуіне жол ашады.

Үкімет пен Ұлттық Банкке бастамаларды іске асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін жасауды тапсырамын.

Парламент депутаттарынан заңнамаға қажет өзгерістерді уақтылы енгізуді өтінемін.

Бастамалардың айрықша маңызды екенін ескерсек, оларды тиімді жүзеге асырудың жолдары кеңінен талқылауды қажет етеді.

Халық пен бизнес өкілдерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу де маңызды.

«Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алады. 

Құрметті отандастар!

Мемлекеттің жаңа қадамдары бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер етеді.

Қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстырып, болашағын жоспарлаудың тың мүмкіндігіне ие  болады.

Бағдарламаны заңдық тұрғыдан бекіту қажет деп санаймын.

Оны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байыта түспек.

Заманауи жаһандық ахуалда ұлттық бірлік – әлеуметтік бірлік, ал қалыптасқан мемлекет –  әлеуметтік мемлекет.

Біз өткенге салауат айтып, келешекке көз тіккен елміз.

Біз әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін міндетті түрде бірге  жасайтынымызға сенімдімін.

Ардақты ағайын! 

Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады.

Ал, ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі.

Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге,  қазаққа керек. 

Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар  – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген. 

Қасқа жолды Қасым хан жұртын жұдырықтай жұмылдыра білгенінің арқасында қазіргі қазақ жерінің негізгі аумағын біріктірді.

«Ел бірлігі – ел теңдігі» деген – осы!

«Қазақ ордасының Ликургы» – Әз Тәуке елін татулыққа ұйыта білгендіктен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты.

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген сөз сол заманнан қалған қағида.

Ел басына күн туған кезде барша қазақ Абылай ханның ақ туының астына жиналған соң ғана жерін жаудан тазарта алды.

«Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады» деп бабаларымыз осыны айтқан. 

Қазақтың осынау 3 ханы – ел тарихындағы 3 асқар тау, оларды асқақтатқан – ел бірлігі.

Сонымен бірге, алтыбақан алауыздықтың кесірінен еліміз аңырап, жеріміз қаңырап қалған кездер де аз емес.

Бұл да – тарихтың ащы сабағы.

«Өткенге қарап, ертеңіңді түзе» деген өсиет бар, себебі, өткеннің өнегесі – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы.

Осыны жадында тұтып, тарихтан тағылым ала білген халқымыз Тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында талай табыстарға кенелуде.

Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да  бұзылмайтын берік  ауызбіршілік керек.

Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ.

Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты.

Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік.

Сонда ғана, халқымыздың атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп, дами береді.

Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болады. 

Осыны үнемі есте тұтып, тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластырайық!

Іске сәт!  

Гульвира Мусабекова

Құрметті достар!

Қазақстанның Солтүстігі Қостанай қаласында орналасқан Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне хош келдіңіздер! Біздің университет ЖОО құндылықтарына және түлектердің моделіне сәйкес алдыңғы қатарлы білім беру стандарттары негізінде мұғалімдердің кәсіби даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған .

Университеттің оқу бағдарламалары математика, жаратылыстану ғылымдары, филология, психология және педагогика, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдары, дене тәрбиесі, спорт және туризм секілді мамандықтарға қатысты жасалған.

Университет оқытудағы трилингвизм талаптарына жауап береді, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын курстарды ұсынады. Болон келісіміне қол қойған және жоғары білім берудегі Еуропалық кеңестіктің мүшесі ретінде – Біз, Болондық принциптерді толығымен қабылдаймыз. Кредитке ауысудың Еуропалық жүйесі мен кредиттік ұтқырлықты мойындай отырып, студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын қолдаймыз.

Отандық және халықаралық университет-әріптестермен тығыз байланыста жұмыс істеу – университеттің ғылыми және білім беру жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Біз - Қазақстан, Ресей, Кипр, Қытай, Франция, Германия, Венгрия, Литва, Польша, Словакияның, АҚШ және басқа да елдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста болу, ғылыми жұмыстарды одан әрі дамытудың басым бағыттары деп есептейміз.

Біздің қызығушылығымыздың бір бөлігі - студенттер үшін білім беру үдерісін тартымды жасау, оқытудың жаңа формаларына профессор-оқытушылар құрамын ынталандыратын жүйені дамыту жаңа студенттер мен қызметкерлер үшін қызықты болады деп үміттенеміз.

Біздің студенттер мен қызметкерлерге табыс тілеймін!

Ректордың міндетін атқарушы
Гульвира Мусабекова 

 
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Общая информация