Наурыздың 12 мен 17 аралығында өнер кафедрасы әдістемелік апталығы өткізілді. 12.03 сағат 09:30 «Sibelius» ноталық басылым бағдарламасын пайдаланып, «Хоровая аранжировка» пәнінен (жауапты аға оқытушы Саятулекова Л.С.) интерактивті тақтамен ашық сабақ өткізілді.13.03 сағат 14:30 музыка пәні және қосымша педагогикалық білім мұғалімдерімен «музыкалық-компьютерлік технологияны пайдалану» (жауаптылар кафедра меңгерушісі Сапиева М.С., оқытушы Тұрлыбаева Д.К.) атты дөңгелек стол өткізілді. 14.03 сағат 11:30 мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» пәнінен (жауапты аға оқытушы Нарумова М.В.) ашық сабақ өткізілді.
Ғашықтар күнін өнер кафедрасының студентері ерекше атап өтпекші. Бұл күнде «Сызу және бейнелеу өнері» мамандығының студентері арасында қабырға газеті және оны түрлендіріп әшекейлеу сайысы өткізіледі. Ерекше жұмыстар сыйлықпен марапатталады. Көрме үшінші қабатта орналасқан.
28 қаңтарда 2012 жыл оқытушылар Бейнелеу өнері мен тарихы және Дүниежүзілік тарих, негізгі құқық мен экономикасы Самаркин С.В., Ярочкина Е.В., Шаукенов Ж.А., кафедра меңгерушісі Сапиева М.С., Ордашева М.Ж мектептерге профорентациялық жұмыспен мақсаты мен өзара әрекетпен кездесті . Щербаковка, Силантьевскаға, Больше-Чураковкаға мен Убаганскасы орта мектебі Алтынсарин ауданы Осы сапарда әңгемелесу өкілдермен администраторлық мектептермен, мұғалімдік топтпрмен және 9-11 сынып оқушыларымен профорентациялық жұмысты өткізді.
Қарашаның 14-і күні Студенттер үйінде тарихи-таңымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің валютасы жайлы ақпарат берді. Тарих және өнер факультетінің Қазақстан тарихының оқытушыларымен өткізілген бұл шара ойын-викторина түрінде өтті. Сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендер 10 теңге көлемінде ақшалай мадақтауға ие болды. Айтары бір жай, бұл шара Республика тәуелсіздігінің 20 жылға толу тойына ұштасқан.
Қазанның 31 жұлдызында «Студенттер үйі» қабырғасында суицидтің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді. Суицид дегеніміз - адамның өз-өзіне қол жұмсауы. Қазіргі таңда бұл дерт 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасында белең алып отыр. Іс-шара мақсаты- қоғамымыздың басты дерттерінің бірі болып отырған суицидтің алдын-алу жолдарын қарастыру және студенттерге кеңінен таныстыру. Ұйымдастырушысы - тарих және өнер факультеті, «Құқықтану және экономика негіздері» кафедрасы. Тарих ғылымдарының докторы, доцент Ярочкина Е.Т қатысушыларға презентация көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі себептерін атап өтті. Жастар осы тақырып аясында сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Сөз соңында мынадай қорытынды жасалды: Біздің өміріміз – ең құнды байлық.
Қазанның жиырма жетісі күні тарих және өнер факультетінде студенттер арасындағы маскүнемдікті алдын алу мақсатымен кураторлық сағат өткізілді. Куратормен бірлесіп студенттер өте жақсы іс-шара дайындаған. Олар ішімдіктің денсаулығына зияны туралы әңгімеледі, сонымен қатар олар қызықты тренинг өткізді. Әрбір топ ішімдікті пайдалану жайлы арнайы плакаттар әзірлеген. Соңында жастар өздері үшін қорытынды жасады.