2014 жылдың 21-25 наурыз аралығында өнер кафедрасының оқытушылары Шегай Юлия Георгиевна (академиялық вокал) және Белозер Людмила Петровна (концертмейстер) Рим қаласында өткен «PRIMAVERA ROMANA» атты I Халықаралық музыка өнер конкурсна қатысып лауреат атанды (III орын) және «Академиялық вокал» мен «Оқытушы-солист» номинациясын жеңіп алды. Членами жюри были следующие музыканты: Riccardo Marini – фортепиано. Профессор, Римде "С. Сесилия ".арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі Giuseppe Crosta – скрипка. Римде "С. Сесилия" консерваториясының доценті. Миланада скрипка консерваториясын және фортепанно сыныбын бітірді. Ал Генуе у Коррадо Романода аспирантураны бітірді
Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы шеңберінде 2014 жылдың 28 ақпан күні сағат 10. 30-да археология және этнография орталығында Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистры Байдалы Р.Ж. «Тарих» мамандығының 1 курс, қазақ бөлімінің студенттері үшін «Этнология» пәнінен «Азия халықтары» тақырыбында ашық семинар сабағын жүргізді. Студентттер келесі сұрақтарды талқылады: 1. Батыс Азия халықтары; 2. Оңтүстік Азия халықтары. Сабаққа Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистры Нурпеисова Э.Т., оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі Бекентаева А.К. қатысты.
Рухани-адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру шеңберінде 2014 жылдың 28 ақпан күні «Тарих» мамандығының 2 курс студенттері Облыстық орыс Драма театрының қойылымын тамашалады. Аталмыш қойылым француз драматургы Жан-Мари Шевреның «Под небом Парижа» пьесасы бойынша сахналған. Ол біздің тамыры тереңде жатқан мәңгілік құндылықтарымыз туралы баяндайды.
28 ақпан күні сағ. 15.30-да археология және этнология орталығында «ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қостанай өңірінде араб және латын тілдерінде жарияланған мерзімді басылымдар» тақырыбында облыстық мұрағат қорынан жинақталған материалдар бойынша фотокөрме ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «Тарих» мамандығының 2-4 курс студенттері қатынасты. Фотокөрмені археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және кафедра оқытушылары ұйымдастырды.
2014 жылдың 28 ақпан күні «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері Тың игерудің 60 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Тың игерушілерге арналған іс-шараны «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырды. Өйткені, 60 жыл бұрын,1954 жылдың 28 ақпан жұлдызында Қостанайға жас тың игерушілердің алғашқы легі келіп жетті. Студенттерге Тың игеру жылдарын фотогалереядан көріп қана қоймай, тың игеру ардагерлерімен танысуға мүмкіндік туды.
Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы шеңберінде 2014 жылдың 27 ақпан күні сағат 15. 30-да № 210 аудиториясында Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистры Нурпеисова Э.Т. «Тарих» мамандығының 2 курс, орыс бөлімінің студенттері үшін «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» пәнінен «Алтын Орда: нығаюы, әлсіреуі және құлдырауы» тақырыбында ашық семинар сабағын жүргізді. Студентттер келесі сұрақтарды талқылады: 1. Территориясы және халқы; 2. Алтын Орданың ішкі және сыртқы саясаты; 3. Алтын Орданың халықаралық байланыстары. Сабақ қойылған мақстатына жетті.
Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы шеңберінде 2014 жылдың 26 ақпан күні сағат 12.30 тарих және өнер факультетінде «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар Қазақстан тарихы сабақтарында» атты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары: тарих магистры Абильмаликов К.К., тарих магистры Еришева Т.А., тарих магистры Нурпеисова Э. Т. жүргізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жаңа Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру шеңберінде 2014 жылдың 27 қаңтар- 04 ақпан күндері аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының факультеттерінде Қазақстан тарихы кафедрасының, Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары ашық лекция өткізді
Алматы қаласындағы Халықаралық Бизнес Академиясында 31.01.14 – 01.02.14 аралығында өткізілген Бірінші Халықаралық маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер аясындағы студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауына Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институтының құқық және экономика негіздері мамандығының 4 курс студенті Муканова Назым «Еңбек нарығындағы жастардың жұмыспен қамтылуының экономикалық көрсеткіштерін талдауы» атты ғылыми жобамен қатысып, «Ең өзекті жоба» номинациясында марапатталды.