2016 жылдың 25-ақпаны күні Тарих және өнер факультетінде мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған тарихи-танымдық сайыс өтті. Сайысты 1 курс «Тарих» мамандығының кураторы Т.А. Еришева өткізді. Сайысқа Тарих және өнер факультетінің деканының орынбасары З.Н. Какимова, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Анасова, 1 курс «Тарих» мамандығының студенттері қатысты.
Өз халқын сақтағысы келетін және болашағын ойлайтын қазіргі заманғы әр мемлекеттің құндылығы- отбасы, ал отбасылық өмірдің құндылығы - балалар болып есептеледі. 2016 жылдың 22 ақпанда тарих және өнер факультетінде «Права детей. Права и обязанности родителей» атты интеллектуалды ойыны өтті. Іс шарада «Тарих», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты. Интеллектуалды ойын қатысушылары неке-отбасы нормалары бойынша білімдерін көрсетті. Іс шараның модераторы Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Разуваева Марина Владимировна және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері.
2016 жылдың 18 ақпаны күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында жалпыреспубликалық патриотық акция өткен болатын. Акцияның мақсаты – әр қатысушының өз аватарына патриоттық стилде ерекшелік қосу арқылы жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылды.
17 ақпан күні сағат 15.00-де Жастар күніне орай институт акт залында факультеттер арасында «Қыран жігіт- Аққу қыз» атты конкурс өткен болатын. Факультет намысын қорғау үшін 1 курстан «Музыкалық білім» мамандығы студенті Жалғас Бекзат, «Тарих» мамандығы студенті Әбдіқадыр Алтынай қатынасып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Конкурс мақсаты - қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өзінің білім деңгейін, талантын және ерекше құрметін көрсету болды. Факультет оқытушылары мен студенттері жүлделі орын алған жеңімпаздарымызды құттыптап, алдағы жарыстарда тек жоғарғы орыннан көрінуді тіледі.
2016 жылдың 9 ақпаны күні 2 курс «Тарих» мамандығының орыс бөлімі студенттеріне «Тазалық-денсаулық кепілі» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа ҚМПИ медицина саласының қызметкері М.Ж. Қасымова шақырылып, студенттерге жеке басын қалай таза ұстау қажеттігі, қазіргі уақытта өршіп тұрған тұмаудан қалай сақтану, тұмаудың алдын-алу және т.б. шараларына қатысты маңызды мағлұматтар бере кетті. Тағы да ескеретін жайт, күнделікті қолымызды уақытылы жуып, таза ұстауымыздың өзі түрлі қауіпті аурулардан сақтанумыздың және ұзақ өмір сүруіміздің алғышарты болып табылады.
2016 жылдың 26-27 қаңтары күндерінде тарих және өнер факультетінде 30.11.2015 ж. «Халық жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа Жолдауына байланысты кураторлық сағаттар өткен болатын. Кураторлық сағаттарда ҚР Президентінің жолдауынан үзінділер келтіріліп, содан кейін студенттерге қызықты сұрақтар қойылды
25 ақпан күні сағат 15:00-де облыстық Л.Н. Тольстой атындағы кітапханада Қостанай облысының 80 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылуы өтіп, оған тарих және өнер факультеті «Тарих» мамандығының студенттері шақырылды. Көрме үш бөлімге «Тарихы туған мекен», «Әсем қала, гүл қала», «Аймақ дамуы, ел дамуы» бөлінді.
15 желтоқсан Тəуелсіздік күні мерекесіне орай Қостанай облыстық тарихи Өлкетану мұражайында Қасаболат Айгүл Жапарбекқызының жетекшілігімен 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Қасиет тұнған ұлы ұғым!" Қорытындысын көрмесі өтті. Көрмеге 20 дан астам туынды қойылды. Көрмені мұражай қызметкері Эльмира Ергешқызы құттықтау сөзімен ашып, Жұмабеков Рустем патриоттық əнімен жалғады
2015 жылдың 16 – 26 қараша аралығында факультеттер арасында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай мерекелік плакаттар мен видеороликтер конкурсы болып өтті. 9 желтоқсан күні шығарылған конкурс қорытындысы бойынша тарих және өнер факультеті жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Конкурстың мақсаты Елбасының өмірін ұстаным ретінде келешек ұрпаққа қалыптастыру болды. Барлық факультет студенттерін жүлделі орындарымен құттықтап, алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстарға жете берсін деп тілейміз!
2015 жылдың 30-қарашасы күні Тарих және өнер факультетінде ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс¬-шара өтті. Іс-шараға Тарих және өнер факультетінің деканы Г.З. Балғабаева және деканның орынбасары З.Н. Какимова, «Тарих» 1 курс мамандығының кураторы Т.А. Еришева, «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» 1 курс мамандығының студенттері қатысты.