Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың 25 қаңтарында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде Қазақстан халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуін барлық телеарналарда көрсетті. 2017 жылдың 27 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін талқылауға белсене ат салысты.
2017 жылдың 4 қаңтарында қосымша білім беру факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жумадильдаева Наталья Васильевнамен кездесті. Іс-шара ректор кеңесшісі Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевичтын қонақтарды таныстыруымен басталды. Іс-шараға Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары - Байменова Зауре Ануарбековна, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы - Ибраев Булат Каирбаевич, тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша білім беру факультетінің деканы - Самаркин Сергей Владимирович, ҚХА кафедрасының меңгерушісі - Евдокимова Ольга Николаевна, ҚХА кафедрасының доценті, PhD докторы - Козыбаева Махаббат Маликовна және т.б. қатысқаны жайлы айтып өтті. Депутат оқытушылар құрамымен, көрмелермен, кафедраның материалдық-техникалық жабдықтары және кітапханасымен танысты.
2016 жылдың 24 желтоқсаны күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үлкен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті арна арқылы халыққа тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлестерін бағалау арқылы бірқатар адамдарды марапаттау болып табылды.
2016 жылдың 22 желтоқсанында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәнінен шығармашылық емтихан – «ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы болып өтті, оқытушы педагогика ғылымдарының кандидаты Кифик Н.Ю. Бұл сайттың мақсаты – Құқық және экономика негіздері оқыту әдістемесі, Мұғалімнің кәсіби бағдары пәндерінен алған теориялық білімдерді практика жағынан көрсете алу.
2016 жылғы 12 желтоқсанда Қостанай облысы Алтын кітабының 2013 жылғы лауреаты, балалар және жастар ұйымдарының төрағасы Татьяна Антонинованың экономика және құқық негіздері, орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі (көптілділік) мамандығының студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуде Қостанай облысының 14-29 жас аралығындағы ғылым мен білім, экономика, ақпарат, саясат, мәдениет, спорт саласында жетістікке жеткен жастары енгізілетін Алтын кітап туралы әңгіме болды.
2016 жылдың 9 желтоқсанында философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Алшанова Б.Х. 629 дәрісханада «Дінтану» пәнінен «Ислам» тақырыбында 1 курс «Дефектология» мамандығының студенттеріне тәжірибелік ашық сабақ өткізді. Сабаққа қатысқандар: стратегиялық даму және инновациялық білім бөлімінің бастығы Бекентаева А.К., қоғамдық пәндер, құқы және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В.
Тарих және өнер факультет, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай аймақтық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – 1916 жылғы көтеріліс ошақтарының тарихын және жетекшілерінің ерлікке толы істерін, азаттық жолындағы ерік-жігерлерін ашу және Отан тарихына, ел-жерге деген жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылды.
2016 жылдың 2 желтоқсан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында тарих ғылымының кандидаты Өтеген Ихсанұлы Исеновтың ұйымдастыруымен Жаратылыстану-математика факультетінің «Информатика» мамандығының 1курс студенттерінің қатысуымен Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Тобылды жырымен тербеткен ақын Серікбай Оспанов» атты тақырыпта ыбырайтанушы, ақын, сазгер, профессор Серікбай Оспановпен кездеу кеші өтті
2016 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарих және өнер» факультетіндегі «Құқық және экономика негіздері», «Тарих», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары арасында «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өткізіліп, оған 1 курс білімгерлері қатысты.
30 қараша 2016 жылы №215 аудиторияда музыка мұғалімдерінің өнер бөлімі, өнер және қаладағы орта мектептердің редакциялық «Білім беруді модернизациялау жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру» атты тақырыбында семинар өтті.30 қараша 2016 жылы №215 аудиторияда музыка мұғалімдерінің өнер бөлімі, өнер және қаладағы орта мектептердің редакциялық «Білім беруді модернизациялау жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру» атты тақырыбында семинар өтті.