2016 жылдың 21 сәуірінде әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Я.К.Духин, т.ғ.к., доцент С.В.Самаркин, т.ғ.к., доцент Е.В.Ярочкина «Студенттік жылдар жайлы естелік» тақырыбында «Әлем және аймақтық тарих мәселелерін зерттеу жөніндегі зерттеушілер тобы» тарихи үйірмесін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға үйірме мүшелері болған факультет түлектері Н.Ю.Кифик, О.А.Смагина, М.А.Ленивова, М.А.Чеботарева, К.Я.Грудупс, В.Н.Зыбарева, Ю.С.Абенова шақырылды. Қонақтар үйірмеден алған тәжірибелерінің қызмет істеуде үлкен көмек болғандарын айтып өтті.

2016 жылдың 20 сәуірінде Студенттер үйінде «ХХІ ғасыр азаматы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынды Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары М.О.Рагатова, Ж.Н.Жумабаева, М.В.Разуваева, Ж.Т.Антаев пен «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері А.Ибраева, А.Қалиева ұйымдастырды. Ойынға «Жас Отан» және «Тұлпар» командалары қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары жайлы білімдерін ортаға салды.

2016 жылдың 19 сәуірінде «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а, ф.ғ.к., Б.Х.Альшанова «Дінтану пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді.

2016 жылдың 18 сәуірінде «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында тарих ғылымдарының кандидаты С.В.Самаркиннің «17 ғасыр басындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттеріне ашық дәрістік сабағы өтті.

2016 жылы сәуір айының 6-8 жұлдызы күндері Тараз қаласында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен ҮІІІ Республикалық Пәндік Олимпиадаға 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттері проф. Аманжол Күзембайұлының ғылыми жетекшілігімен қатынасты. Тарихшылар командасынан 2-4 курс студенттері Айту Б., Нақыпов Б., Бектұрғанов Қ., Жусупов Қ. олимпиадада белсенділік танытып өз білімдерін жоғары көрсете білді. Олимпиада барысында, тарихшылар командасы «Ең үздік жоба» номинациясындағы марапатқа да ие болды.

18 наурыз 2016 жылы Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Менің жерімнің қазіргі тағдыры» атты сирек басылымдар жол сілтемесінің презентациясы өтті. Онда кітапхананың сирек қорында жатқан өлке тарихының бірегей әдебиеттері ұсынылған

2016 жылдың 14-нен бастап 18-наурыз күндері тарих және өнер факультетінің өнер кафедрасында әдістемелік апта күні өтті. 14 наурыз айында сағат (10.30) 3 этаж фойесінде 3 курс студенті Жуматаева Инабаттын жеке көрмесінің ашылуы болды. Көрмеге 20-дан астам жұмыстар графика, кескіндеме техникасымен орындалған. Экспозиция негізінде пейзаждар құралған. ОӘҒКЛ Толстой атындағы әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Тулекова Ляззат Жаксалыковна көрмеге шақырылған қонақ ретінде болды, сондай-ақ авторлық телевизиялық бағдарлама Параллель" Қазақстан-Қостанай Гаяне Мартиросяның жүргізуші. 14 наурыз (12:30) "Музыкалық білім" мамандығының студенттері концерт өткізді. Бұл концертте аспаптық және вокалдық қазақ туындысы және еуропалық музыкалық мәдениеті түрде жүргізілді.

2016 жылдың 16 наурызы күні ҚМПИ Тарих және өнер факультетінде "Әлем тарихы және қоғамдық пәндер" кафедрасының аға оқытушысы Рағатова Мөлдір Олжабайқызының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған "Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктері: Қазақстан және басқа да түркітілдес мемлекеттер" атты тақырыпта "Құқық және экономика негіздері" мамандығының 1 курс студенттерімен ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараға факультет оқытушылары мен Құқық және экономика негіздері мамандығының 3 курс стуенттері қатынасты. Кураторлық сағатта студенттер дүние жүзінде түрлі мемлекеттердегі Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктеріне тоқталып кетті. Қорытынды ретінде куратор топ студенттерімен қазақтың ұлттық ойыны "Сақина салмақ" ойынын өткізді.

29 ақпан 2016 жылы "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығының ҚМПИ 4 курс студенттері аға оқытушы Хамилина Е. жетекшілігімен сәндік-қолданбалы өнер Оригами "Өз қолдарымен" атты мастер-класс өткізілді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Тарих және өнер факультетінің студенттерімен мерекеге байланысты композиция және бөлмелерді безендіру арқылы жасалынды.

Қазақ өзінің ақын жазушыларын қадірлей, сыйлай білген халық. Соның бір негізі ретінде, ақпанның 29 жұлдызында 2016 жылы өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш өтті. Бұл кешті Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының кітапханасы ұйымдастырды. Поэзиялық кешке тарих, құқық және экономика негіздері факультетінің 1 курс студенттері Жақсылықова Нұрсұлу мен Әлібеков Сәулет қатысты

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті