Қоғамдық пәндер, экономика және құқық негіздері кафедрасы қосымша білім беру факультетімен бірлесіп 2016 жылдың 31 қазан мен 12 қараша аралығында ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдеріне арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері курсын меңгертудегі белсенді әдістер және интерактивті технологиялар» тақырыбында 2 апталық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғалардың бірін, ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту. Мемлекетіміздің осы мерейтойына байланысты 2016 жылдың 3 қарашасында «Тарих және Өнер» факультетінде Брейн-ринг интеллектуалды ойыны өткізілді. Интеллектуалды ойынға «Тарих», «Музыкалық білім», «Құқық және экономика негіздері», «Сызу және бейнелеу өнері» мамандықтарының 3 курс студенттері қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамына факультет оқытушылары кірді Дик Ф.Б., Ярочкина Е.В., Разуваева М.В., Нурпеисова Э.Т.

28 қазан, 2016 жылы кафедраның өнер студенттерінің «Музыкалық білім» мамандығы E. Өмірзақова атындағы облыстық филармонияның камералық оркестрінің концертін тамашалады. Оркестрдің бас дирижері және жетекшісі - Тарас Mызин. Жарқын, балғын және қазақ әдебиеті классиктерінің Абайдың «Көзімнің қарасы» арқылы, орындалған жұмыстар, «Айттым салем қаламқас» филармонияның әншісі Серік Абилеваның орындауында болды. Италияда Гүлмира Үмбетова Халықаралық вокалистер конкурсының Гран-при иегері, көрермендер орындау інжу «Алқоныр» қазақтың халық әндері қуантты, Мұқан Төлебаевтың «Алқоныр» Сараның ариясы мен «Біржан-Сара», сондай-ақ ән әуен қазіргі заманғы Серік Еркимбаеваның композиторы орындалды. Концерттік бағдарлама шығармаларында қазақ кәсіби классикалық музыкасында Е. Брусиловский, А. Жұбанов , М. Төлебаев., С. Мұхамеджанов, Л. Хамиди филармонияның солистері Н. Степанова, Карамчук, Ч. Усенова, Е. Помазова, И. Стаканова, Е. Мызина. Ал кеңінен ерекшеліктері болды. Ол бұл көптеген солистерің түлектерді атап жігерлендіреді.

2016 жылдың 27 қазан күні «Музыкалық білім» мамандығының 4 курс студенті Жақсылыкова Гүлнұрдың және оның жолдасы Олжабаев Еркебұланның жанұясы «Мерейлі отбасы» атты факультет аралық байқауына қатысты. Байқауда төрт тур ұйымдастырылып, олардың нәтижесі бойынша Олжабаевтар жанұясы бірінші орынға ие болды.

27 қазан күні Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Дін және ислам» атты тақырыпта іс-шараға Қостанай мемлекеттік институтының тарих және өнер факультетінің тарих және құқық экономика мамандығы, сонымен қатар институтымыздың басқада мамандықтарының 1 курс студенттері (50 студент қатысты) Іс-шараға Қостанай қалалық мешіттің нәйб имамы Дүйсен Саранжіпұлы ДАЙЫР және Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов шақырылды. Кеш қонақтары Имам Дүйсен Саранжіпұлы, доцент Өтеген Ихсанұлы дін және ислам тарихына қатысты студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Студенттер дәстүрлі дін тарихына қатысты мағлұматтар алды.

2016 жылғы 24 қазанда факультет студенттері Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Өтеген Исеновтің жетекшілігімен Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен ақын Мұқият Қойшыбайұлының тұңғыш жыр жинағының тұсаукесеріне қатысты. Мұқият Қойшыбайұлы 1984 жылы 2 маусымда Қытай халық республикасының Іле облысы Текес ауданы Үлкенқұштай ауылында дүниеге келіп, 2005 жылы атамекеніне оралған. Кездесуде жас ақын өз шығармашылығымен бөлісіп, студенттер қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кеш қонағы ақын Абылай Мауданов, т.ғ.к., доцент Өтеген Исенов авторға кітап туралы пікірлерін айтты

2016 жылдың 21 қазан күні тарих және өнер факультетінің 1 және 4 курс студенттері Е. Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясына барды. Көпшілік алдына «Ғасырлар пернесі» атты қазақ ұлттық аспап ансамбльдерінің облыстық байқауы өтті. Байқау қонағы РФ еңбегі сіңген әртісі Гайзуллин Рамиль Мавлитович көрермендерді башқұрт халқының мақтанышымен, ұлттық үрмелі аспабы - Қураймен таныстырды.Студенттер концерттен үлкен эстетикалық әсер алды.

21 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі мен презентациясы өтті. Презентация аясында кафедраның ашылу рәсімі және «Елдің қоғамдық-саясаттық процесстеріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қафедрасының ғылыми-білім және тәрбиелік рөлі» дөңгелек үстелі өтті, модераторы болып қосымша білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин Сергей Владимирович сөз сөйледі.

2016 жылдың 20 қазаны күні Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай тарих және өнер факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және аға оқытушы Н.Н. Елкейдің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы» тақырыбында тағылымды тарихи-кездесу сабағы өтті. Кездесу сабағына Ыбырай бабамыздың атындағы мектеп-интернатының түлегі, т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы қонақ ретінде шақырылып, педагогтің өмірі мен ғылыми мұрасы, қызметі жөнінде студенттерге баяндап берді.

2016 жылдың 18 қазан күні кафедра оқытушылары Н.Елкей, Г.Тастекованың жетекшілігімен «Тарих», «ҚЭН» мамандығының 1 курс студенттері Қостанай облыстық орыс драма театрына барды. Театр ұжымы келген көпшілікке «Беда от нежного сердца» тақырыбындағы комедиялық спектакльді тарту етті. Барлық студенттер қойылымнан үлкен әсер алып, естелік фото-суретке түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті