2013 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қостанай облысы мұрағат ісінің 90-жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Аталмыш іс-шараларға Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатынасты. - 2013 жылдың 18 қарашасында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қостанай облысы мұрағат ісінің 90-жылдығына арналған «Ғалымдар шақырады» клубы қызметі шеңберінде «Қостанай облысының мұрағат, мұражай және кітапхана қорлары: өлке тарихын зерттеудегі ролі» тақырыбында дөңгеле стол өткізіліп, оған кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. С.В.Самаркин мен т.ғ.к., доцент Я.К.Духин қатынасты.
2013 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат 15:00-де 210 аудиторияда тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлт-азаттық қозғалыстардың теориялық мәселесіне жаңаша көзқарас (ХҮІІІ ғ.-1992 жж. аралығы)» атты облыстық деңгейде онлайн-конференция өтті.
2013 жылы 5 желтоқсан күні Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары ҚМПИ Студенттер Үйінде «ҚР Құтқарушылары» атты сайыс өткізді. ҚМПИ жатақханасының студенттері сол күні өздерін құтқарушы рөлінде сезініп көрді. Сайыс зияткерлік ойын ретінде өтті. Бірінші айналымда зияткерлік тапсырмаларды орындаса, келесі айналымдарда бастапқы әскери дайындықтарын көрсетті (противогаз кию, алғашқы медициналық көмек көрсету).
2013 жылы 4 желтоқсан күні тарих және өнер факультетінде 1-4 курстар арасында мини-футбол ойынынан дәстүрлі чемпионат өтті. Чемпионат Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне орай ұйымдастырылды. Чемпионатқа студенттермен қатар оқытушылар командасы да қатысты (Утегенов Т., Елкей Н., Байдалы Р.Ж., Байкенов Е., Абильмаликов К.К.). Бірінші орынды 2 курс студенттерінің «Нью-Касл» командасы, екінші орынды 4 курс студенттерінің «Спарта» командасы, үшінші орынды 3 курс студенттерінің «Қостанай Юнайтед» командасы иеленді.
2013 жылдың қарашаның 29-да Әлем тарихы және қоғамдық пәндері кафедра оқытушылары Айдналиева А.Т., Жусупбекова Г.Е., Рагатова М.О. мен «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырған «EXPO-2017» іскерлік ойыны өткізілді. Ойынға 1 курс студенттері қатысты. Ойын басында тақырып бойынша презентация ұсынылды.
Қостанай мемелекеттік педагогикалық институтының Құқық және экономика негіздірі мамандығының 4 курс студенті «Парасат» пікір-сайыс клубының жаттықтырушысы, Х-жетекшісі Қазман Ратбек Палодар қаласында өткен Тұңғыш Президент күніне арналған, Ректор кубогі үшін дәстүрлі II республикалық пікір-сайыс турнирінде «үздік спикер» атағын иеленді. Аталған іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен пікір сайысшылар қатырсты. Атап айтсақ Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Павлолар, Қызылорда, Шымкент және әрине Қостанай қаласынан барған делегация қатысқан болатын
2013 жылдың 25-29 қараша аралығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушылары институттың барлық факультеттерінің студенттеріне «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғұмырнамасы мен ғылыми мұрасы» тақырыбында лекция сабақтарын өткізді.
2013 жылдың 29 қарашасы күні Қостанай қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасы және мемлекеттік тіл» деп аталтын дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш басқосуды облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды
Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушыларынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент күніне орай ашық дәрістер мен сұқпаттар жүргізілді. Ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы бекітілген кестеге сай орындалды. Топ құрамына кафедраның келесі оқытушылары кірді: С.В.Самаркин, Л.Я.Шевченко, С.В.Назарова, Б.Х.Альшанова, А.Б.Амантаева, И.М.Скрынский, Е.В.Ярочкина, М.В.Разуваева. 22 қарашадан 28 қараша аралығында келесі іс-шаралар жүргізілді:
25 желтоқсанда Достық үйінде «Кустанай-Костанай: очерки истории» кітабының екінші томының тысаукесері өтті. Жұмыстың қорытындысымен баспа авторы – ҚМПИ профессоры И.К.Терновой (бас редактор), ҚМПИ Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.В.Самаркин, тарих ғылымдарының докторы Д.М.Легкий, өлкетанушы А.В.Каратаев, жоғары санаттағы мұрағатшы М.А.Алексеенко және т.б. ой бөлісті. Тысаукесер рәсімі шағын концертпен жалғасын тапты. Аталмыш іс-шараға қатысушы студенттер, жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары тарихшылар мен өлкетанушылардың еңбегін жоғары бағалады.