16 мамыр 2013 жылы сағат 1500 Л.Толстого атындағы ғылыми кітапханасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы студенттерінің және өнер кафедрасының оқытушыларының көрмелік жұмыстарының ашылуы болды.

2013 жылдың 30 сәуірінде құқық бойынша студенттік үйірменің кезекті отырысында Құқық және экономика негіздері мамандығының студенттері ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен кездесу өтті. Отырыста Мұхтар Әділбекұлы студенттерге «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және оның алдын-алу мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесуде студенттер өздерін қызықтыратын және толғандырып жүрген сауалдарын қойып, белсенділік танытып отырды. Отырысқа Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., аға оқытушы С.В.Самаркин және үйірме жетекшісі, аға оқытушы, құқық магистрі М.О.Рағатова қатынасты.

2013 жылдың 25 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде «Қазақстан – 2050 стратегиясы» шеңберінде жыл сайынғы студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция сағат 10.00-де пленарлық отырыстан басталды.

2013 жылдың 17 сәуірінде сағат 10.30-да 210-аудиторияда халық батыры Амангелді Имановтың 140 жылдығына арналған online-конференция өткізілді. Кнференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары - т.ғ.д., профессор А. Күзембайұлы, т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл, тарих ғылымдарының кандидаттары Э.К. Наурызбаева, М.Ж. Бекмагамбетова, О.И. Исенов, Г.З. Балғабаева, тарих магистрлері Р.Ж. Байдалы, Т.А. Еришева және филология факультетінен ф.ғ.к., профессор С. Оспанов қатысты.

2013 ж. 6 сәуірде 822 ауд. ақпараттық насихаттау тобының жоспары бойынша тарих және өнер факультетінің қоғамдық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Бухметова А.А. психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Дефектология», «Педагогикажәне бастауышты оқыту әдістемесі» мамандықтарының 2 курс студенттерімен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Н.Назарбаевтың мақаласына байланысты презентация көрсетілді.

«Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Миллер Анета мен 2 курс студенті Бушмакова Юлия – бүкілрессейлік байқауда дипломат атанды, (халықаралық қатысу) «Я-концертмейстер», 2013 жылдың 1 және 5 сәуір аралығында Екатеринбург каласы Орал мемлекеттік педагогикалық университеті көркем және музыкалық білім институттар арасында өткізілді: Миллер Анета (оқытушы – п.ғ.к. М.С. Сапиева) 1-ші тур 1. М.Глинка. Свадебная песня («Дивный терем стоит......») 2. Н.Римский-Корсаков. Не ветер вея с высоты2-ші тур 1. Дж. Пуччини. Ария Лауретты «Джанни Скикки» операсынан 2. П.Чайковский Скажи, о чем в тени ветвей

«Тарих» мамандығының 3 курс студенттері – Қылышбекова Бибінұрды, Арапов Жандосты және Абсаттаров Оразбекты Тарих және өнер факультетінің деканаты тарих бойынша V Республикалық Олимпиадада II орын алуымен құттықтайды. V Республикалық Олимпиада 2013 жылғы 28-29 наурыз аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды. Оған Қазақстанның түрлі аймақтарынан 17 топ қатысты. Олимпиада бірнеше турдан тұрды: 1-тур – эссе, 2-тур – ғылыми жоба, 3-тур – тест. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде біздің студенттер білім деңгейінің жоғарылығын көрсетті. Жарайсыңдар! Сіздерге ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз.

2013 жылдың 14 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының «Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері» кафедрасының оқытушыларымен кездесуі өтті. Кездесуде халықаралық библиографиялық базаға енетін шет мемлекеттердің ғылыми журналында мақала жариалау үшін қойылатын талаптар талқыланды.

2013 жылдың 12 наурызында облыстық сурет галереясында 2012 жылғы Меценаттар Клубының арнайы жүлдесінің иегері, өнер кафедрасының оқытушысы А.С.Сапиевтің жеке көрмесінің ашылуы болды. Қойылымда 30 астам жұмыс көрсетілді. Кескіндеме, графика, пастель, акварельмен салынған «Алтын дала» атты көрмесі болды.

26 ақпан 2013 жылы облыстық Ы. Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада өнер кафедрасының студенттерімен дәріс-концерт өткізілді, ҚазССР өнерінің еңбегі сіңген, ҚазССР мемлекеттік премия лауреаты, профессор, СССР, Композиторлар одағының бас мүшесі, Совет әйелдері комитетінің басшысы, Милосердия қорының мүшесі, Совет- Италиялық және Совет-Жапондық достық, Алматы депутатының қалалық кеңесшісі, КПСС съезінің делегай мүшесі Жұбанов Ғазиза Ахметовнының шығармашылығына арналды. «Музыкалық білім» мамандығының студенттері салтанатты жиында аудио-видео материалдарын, оқу-әдістемемлік жаңа презентацияларын және музыка мәңгілік, ноталық әдебиеттерін көрсете білді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті