18 қазанда президенттік миляға соңғы жарыстар өтті. Сондай-ақ президенттік миля 2 км 400 м ұзындығын жүгіру болатын. Осындай жарыс барлық республика бойынша кім де кім салауатты өмір салтын жүргізу үшін жоба ретінде, үлгі ретінде өткізіледі.
2015 жылғы 8-11 қазан аралығында өтілген, FORMULA 1 ГРАН-ПРИ РЕСЕЙ 2015 үшін волонтерлар 5000 өтінім берген адамның ішінен таңдап алынды. Корольдік жарыстарда ресейліктермен қатар ерікті көмекшілері ретінде Колумбия, Үндістан, Қытай жастары болды; ал Қазақстанның өкілі «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Хорошевская Виктория болды.
2015 жылғы 9-12 қазан аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері (туризм 1-4 курс) ҚМПИ демалыс базасында оқу-жаттығу сабақтарына қатысты. 9 қазан күні ҚМПИ демалыс базасына дейін студенттер 27 км жолды жаяу жүріп өтті.
Қостанай қаласында 11 қазан күні «Шағала» жағалауы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин естелігіне арналған жыл сайынғы облыстық жүгіру жарыстары өткізілетін бастапқы нүктесі болды. Салқын температурасына қарамастан және желде қатысушылар 21 км, 8 км және 2 км ара қашықтықтарына белсенді жазылған болатын.
2015 жылдың 5-11 қазаны аралығында Байқоңыр қаласында өткен юниор, ер, әйел, ардагерлердің арасында пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің чемпионаты өтті. Оған 250 спортшы мен 15 команда қатысты.
2015 жылы денешынықтыру, спорт және туризм факультетіне керемет студенттер түсті, олардың арасында шорт-тректен, шаңғы жарысынан, бокстан және конькимен сырғанау спортынан Қазақстанның құрама командасының мүшелері, Қазақстан Республикасының 24 спорт шебері және халықаралық санаттағы 1 спорт шебері бар.
2015 жылғы 6-8 қазан аралығында Қарағанды қаласындағы «Ақжолтай» мұз айдыны спорт сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтіп, оған Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген спортшылар қатысты.
25-27 қыркүйек күні "Алтынгүл" балалар денсаулығын нығайту лагерінің базасында туристердің «Алтын күз» атты 27-ші слеті болып өтті. Жарыстың бағдарламасына сәйкес (А және Б кластары бойынша) жол бөгеттерінен өту, эстафета, сондай-ақ конкурстық бағдарламаны (капитандар жарысы, фотожинақ, экспресс-газет, туристік әндер) орындау шеберліктерімен бәсекеге түсті.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ММ «Қостанай облысы оқытушыларының қауымдастығы» және дене шынықтыру , спорт және туризм факультетінің оқытушылары «Қостанай ішкі облысының саясат бөлімі», 2015 жылдың 26 қыркүйек күні «Үздік ұстаз- жаңашыл» байқауын өткізді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының баскетбол командасы 18-20 қыркүйек айында Ресей мемлекетінің Магнитогорск қаласында Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінде жыл сайын өткізілетін И.Х.Ромазан турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Жарысқа Қостанай, Тобыл, Челябі және Магнитогорск қаласынан келген командалар қатысты.