9-15 қараша аралығында Хамм қаласында (Люксембург) ерлер және әйелдер арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп, оған 48 мемлекет қатысты. Қостанай қаласының екі спортшысы, институтымыздың түлектері Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсетті. Залим Кувамбаев 105 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде үшсайыс қосындысы нәтижесінде 972.5 кг көтеріп, 4 орынды жеңіп алса, Екатерина Крюкова 72 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде 535кг көрсеткішімен 6 орынды иеленді. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Игорь Алексеевич Шилов әлем чемпионатында пауэрлифтингтен халықаралық санаттағы жаттықтырушы және төреші ретінде қатысты.
2015 жылдың 10 қарашасында ДШжСТ факультетінде 2-ші курс студенттері арасында «Жастар арасындаАИВ/ЖиТС-ке қарсы шығу» жөнінде семинар өткізілді. Семинарға ЖиТС орталығының Я.В. Авраменко,А.Т.Жалбирова есімді дәрігерлері жетекшілік етті. Шара барысында әлемдегі, еліміздегі, Қостанай өлкесіндегі жағдайлар туралы мәлімет берілді. Семинар барысында студенттік жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.
2015 жылғы 31 қазанда Сосновый бордағы Боровое ауылында Меңдіғара ауданының 85 жылдығына орай XXXI облыстық дәстүрлі жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді. Спорттық жарысқа облыс қалалары мен аудандарынан келген 94 адам қатысып, 8 км және 13 км қашықтықтарында жүгірді. Бұл жарысқа институтымыздың студенттері де белсене атсалысты: «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің 3 курс студенті Анастасия Бойко 1 орынды жеңіп алса, «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің 4 курс студенті Серик Достьяров 13 км қашықтықта 20-29 жас аралығындағы спортшылар арасында 3 орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2015 жылдың 31 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасында аға оқытушы Егорова Анна Моисеевна «Анатомия, спорт морфологиясының негіздері» тақырыбында ойын түріндегі «Анатомиялық брейн-ринг» дәстүрлі ашық сабағын өткізді. Бұл жобаның негізгі мақсаты медициналық-биологиялық циклдегі базалық оқу тәртібін пән негізінде тереңдетіп оқыту болып табылады. Сондай-ақ, динамикалық анатомия бөлімінде ғылыми-педагогикалық зерттеу үшін маңызды болып табылатын талдау мен қорытындылаудың түрлерін оқытуды зияткерлік ойын арқылы жүргізу көзделген
Қазан айының соңғы күндерінде факультеттің студенттеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өткізіліп, семинарға колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары шақырылды. Семинарға жалпы саны 57 адам қатысты. Аталған семинар - «Эко туризм – қоғамның тұрақты дамуының факторы ретінде» семинарлары сериясының бірі. Қостанай облысында бірегей қорық пен 3 кіші қорық болғандықтан, семинар тақырыбы біздің аймақта өзекті болып табылады. Қатысушылар экологиялық турларды, экология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын, сондай-ақ Қазақстандағы экотуризм мүмкіндіктерін жоспарлау мәселелеріне қатысты теориялық материалды тыңдады. Сонымен қатар олар семинардың практикалық бөлігі барысында тәжірибеде алған білімдерін қолданып, шығармашылық экологиялық жобалар құрастырды және қорғады.
29 қазан Қостанай жұмысшы жастары үшін маңызды күн болды. Қаламызда «Жас Отанның» бастамасымен жастардың екінші форумы болып өтті. Оған ҚМПИ-нің денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Ахметов Радхан, Батыргужин Амир қатысты.
24-25 қазанда Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жектен «Ерік күші» турнирі өтті, финалда үздік қатысушылар өмірлеріндегі ең алғашқы чемпиондық белбеу үшін күресті. Осы жарыста біздің 4 курс студенті Александр Федосов 2 орынды иеленіп, финалға жолдама алды.
Қызылорда қаласында 14-20 қазан аралығында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблениясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV Республикалық фестивалінде дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің 2-ші курс студенті Асан Айсара қыз қуу ойынынан 1-ші орынды иеленді. Дене шынықтыру факультетінің аға оқытушысы Какашев К.Т. шәкірті Султанова Жанар асық атудан әйелдер арасында 1-ші орынды иеленді.
Денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің оқытушылары өздерінің кәсіби тәжірибелерінің және біліктіліктерінің арқасында Қазақстан құрама командасына мүше болуға лайықтыларды шығаруға күш салады және әртүрлі деңгейдегі жарыстардың төрешілерін дайындайды. Атап айтқанда И.А Шиловтың пауэрлифтингтен әйелдер мен ер адамдар арасындағы Азия чемпионатында спорт төрешісі болғандығы, ал И.П. Сивохиннің ауыр атлетика бойынша Гонконг қаласында өткен Азия Чемпионатында қазылар командасының мүшесі болғандығы ұстаздар еңбегінің жемісі.