2019 жылы 24 қазан күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру аясында «Химия» және «Биология» мамандығының 1, 3 курс студенттері мен оқытушылар Ж. Т. Сүйіндікова мен Э. А. Ардакованың ұйымдастыруымен «Антропология тарихы мен теориясы» атты Алан Барнардтың және Ли Энн пек, Гай С. Рилдың «Медиа этика. Жас мамандар тәжірибесінен» атты кітабының тұсаукесері өтті.
2019 жылы 23 қазанда ЖОО студенттері үшін ҚХА кафедрасында «Жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасы аясында «Рухани Жаңғыру» мақаласының негізгі міндеттерінің 5 бөлігі бойынша ақпараттық керуеннің білім беру курстары ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова студенттерге Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін еске салды.
2019 жылдың 19-20 қазан айының аралығында Қарағанды қаласында алғаш рет аралас жекпе-жектен NOMAD MMA ашық Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 10 елден 600-ден астам спортшы қатысты. Жалпы есеп бойынша қазақстандық спортшылар командалық бірінші орынды және 135 медальға ие болды: 46 алтын, 44 күміс және 44 қола. Психология-педагогика факультеттің 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Александр Ворошков жарысқа қатысып, бірінші орынға ие болды.
2019 жылғы 10-11 қазанда күн тәртібіндегі дәл осы мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің бастамасымен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында Нұр-Сұлтан ғалымдарының, облыс департаменттерінің басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, облыс әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері басшыларының, қоғамдық пікір көшбасшыларының және облыстың саяси партиялары басшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
2019 жылы 8 қазанда Сарыкөл ауданында облыстық ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің қатысуымен қоғамдық қабылдаудың пленарлық отырысы өтті. Бағдарламаға сәйкес, аудан тұрғындары алдында бірінші болып Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Б. Б. Аккужина сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары мен жобалары туралы айтты. Кездесудің екінші спикері, А. Байтұрсынов атындаңғы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының директоры, облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі Әлібек Табулденов Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы туралы айтып берді.
4 қазан күні Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында университет студенттері арасында Көңілді старттар эстафетасы өтті. Осы іс-шараға 4 команда қатысты: әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, жаратылыстану-математика факультеті, дене шынықтыру спорт және туризм факультеті және психологиялық-педагогикалық факультет. Командалардың жалпы құрамы 32 адамды құрады.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-ші орынды СМФ және ФКиС факультеттерінің командалары, 2-ші орынды ППФ, 3-ші орынды ЕМФ командалары иеленді.
3 қазан 2019 жылы факультет студенттері Халықаралық Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Дене шынықтыру және спорт мамандығының қазақ бөлімінің студенттері шығармашылық нөмірлерінің жарқын фестивалін дайындады , факультет оқытушыларының құрметіне әдемі өлеңдер, құттықтаулар мен алғыс сөздер, балалық шақтан сүйікті әндер шырқалды.
Ұстаздар Күні қарсаңында 2019 жылдың 1 қазаны күні психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. жетекшілігімен 1, 2 курс студенттері Психология және педагогика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Ұстаздарым – думан болсын әр күнің!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Педагогтарға алғыс сөздер, өлеңдер мен әндер айтылды. Мектеп өміріндегі қызықты конкурстар мен миниқойылым педагогтар мен студенттер үшін үлкен әсер қалдырды.
2019 жылдың 30 қыркүйегінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттердің арасында «Отбасы – ырыстың ұйытқысы» атты ҚР «Отбасы күніне» арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шара психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А. және психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Бегежанова Р.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің психология және педагогика, жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің мен филология департаментінің студенттері қатысты.
Қыркүйек айының 30-шы жұлдызында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты - ұлы тұлға» атты іс-шара өткізілді. Бұл мерекелік іс-шараның көздеген мақсаты студенттерді ұстаз еңбегін құрметтеп, әрқашан бағалай білуге үйрету және 1 курс студенттерін кафедра оқытушыларымен таныстыру болатын. Химия мамандығының 1-4 курс студенттері өз өнерлерін ортаға салып, өткізілген мерекеге белсене ат салысты.