Қостанай мемелекеттік педагогикалық университеті базасының оқу шеберхансында 2019 жылғы 13 – 24 мамыр аралығында оқытушылар мен студенттерге арналған «Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы болып өтті. Біліктілікті арттыру курсы 45 сағат көлемінде практикалық негізде өтілді. Курсты информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика білімдерінің магистрі Д.К. Абдимоминова өткізді.
2019 жылы 23 мамырда, оқу жылының соңында медиация және халықтық дипломатия мектебінде медиация мектебінің басшылары өз тыңдаушыларына қорытынды сабақ өткізіп, медиация курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді. Сабақ үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде түлектерге тесттің 20 сұрағына жауап беру ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер шағын топтарда психологиялық-педагогикалық міндеттерді қарастырып, ұсынылған даулы жағдайды шешу жолдарын ұсынды.
2019 жылы 15 мамырда Қостанай облысының мемлекеттік архивінде өткен Тың игерудің 65 жылдығына арналған кездесу-таныстырылымның қатысушылары «тың жерлерді игеру дәуірлік оқиға болды және Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарды» деген қорытындыға келді. Қонақтар назарына «Армысың, тың алқабы!» фотоқұжаттық көрме ұсынылды, «Тың – менің бақытым!» қасқаметражды фильм көрсетілді, алғашқы тың игерушілер Л. Ф. Лемпер мен Г. Ф. Николаенко мен Қостанай қаласының қоғам қайраткерлері мен ғалымдары сөз сөйледі.
«Current trends in the assessment of global and local changes of natural ecosystems and the teaching of biological and geographical cycle disciplines» біліктілікті арттыру курсының практикалық кезеңі аясында шетелдік серіктестердің қатысуымен 2019 жылғы 14 мамырда жұмыс сапары далалық аймақта (Қостанай ауданында) жүргізілді. Сапарға қатысушылар – Лейбниц университеті топырақтану институтының директоры, Германияның топырақтану қоғамдастығының президенті, профессор, доктор Георг Гуггенбергер; PhD, аға ғылыми қызметкері Шибистова Ольга Борисовна (Лейбниц университетінің топырақтану институты (Ганновер, Германия), ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы ҒЗО-ның басшысы, профессор, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна, биология магистрі Бобренко Марина Александровна, «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студенттері.
2019 жылы 14 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚМПУ ӨЭБ ҒЗО /REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын орындаудың аралық қорытындысы бойынша халықаралық семинар «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар», ҚМПУ ЭБМ ҒЗО кіші жобасы/ReKKS «Топырақ омыртқасыздары (мезофауна) қоғамдастығына жер пайдаланудың әсерін және климаттың өзгеруін бағалау».
2019ж. 14 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне ресми сапармен Топырақтану институтының директоры, Лейбниц университеті (Ганновер, Германия), Германия топырақтанушылар қоғамының президенті профессор, доктор Георг Гуггенбергер, PhD, «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» (ReKKS) халықаралық жобасының үйлестірушісі және Шибистова Ольга Борисовна (Лейбницкий университетінің Топырақтану институты (Ганновер, Германия) келді.
Облыстық ҚХА мен Достық үйі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала және облыс мектептерінің оқушылары үшін «Мектеп медиациясы мен халықтық дипломатия» атты оқыту семинарларын өткізеді. Аталған жоба қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мектеп медиациясын дамытуға ықпал етуге, білім беру кеңістігіне Медиация инситиутының тетіктерін енгізуге, Медиация негіздеріне және жанжалдарды тиімді шешу дағдыларына үйретуге бағытталған. Осындай семинарлар Рудный қаласының №11 ОМ мен Қостанай қаласының №17 ОМ өтті.
8 мамыр күні Жеңіс саябағында әскери медбикелерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оны зейнеткер Бек Жүсіпов өз қаражатына орнатты. Ресейге отбасылық саяхатпен барғанда осындай ескерткішті көріп, оған да монумент құру идеясы келген. Фронт медбикесінің мүсіні заманауи пластиктен жасалған, ал оның биіктігі екі метрге жуық. Автордың ойы бойынша, шайқастарда сарбаздарды шығаруға көмектескен ит, медбикенің аяғы болып мүсінделген.
2019 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: бірлік, келісім және тең мүмкіндіктер» атты салтанатты іс-шара өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко қатысты. Ол жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, келе жатқан мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігін арттыруға қатысты өз ұстанымын айтып өтті.
2019 жылдың 29 сәуірінде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхананың әдеби қонақжайында Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Сарапшы» саяси клубының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында 1-ші отырысы өтті. Клубтың салтанатты ашылуына клуб мүшелері мен ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко және ҚХА кафедрасының профессоры, п. ғ. к. З. У. Карбенова қатысты. Өз сөзінде Валерий Георгиевич Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы көрнекті рөлін қысқаша сипаттап берді.